Негізгі бет Сынасу Мои статьи
Мои статьи

Жігіттің алдында қатты кінәлі болсаң, қалай кешірім сұрауға болады?

Жақын адамды ренжіткеннен артық жаман нәрсе болуы мүмкін емес.  Егер сізде жанжал туындаса және кінә сізде болса, сіз татуласу үшін алғашқы қадам жасауыңыз керек. Егер қыз жігітті сөзімен немесе ісімен ренжітсе, жігіттен қалай кешірім сұрауға болады?  Бүгін біз сізге қалай дұрыс әрекет ету керектігін және қандай болғанда да жасауға болмайтын әрекеттерді келтіреміз. 


Енгізу көзі: https://pixabay.com/ru/photos

ДАУЫЛ ҚАЙТҚАНША КҮТУ

Егер сіз жанжал туындағаннан кейін бірден кешірім сұрай бастасаңыз, сіз тек отқа май құйып жібересіз.  Жігіт ашуланған кезде, ол сізбен сөйлескісі келмеуі де мүмкін екенін түсінген жөн.  Бірақ көп күтуге де болмайды, ол сіздің өзіңізді кінәлі сезінгеніңізді байқамай, онымен татуласқаныңызды қаламайсыз деп ойлауы әбден мүмкін. Сүйіктіңізден қашан шын жүректен кешірім сұрауға болады? Ол сіздің көзіңізге қарап, тыныш сөйлесе алатын кезде ғана. Жігіттің әңгімеге келуге дайын екенін телефон арқылы біле аласыз. Оған қоңырау шалудың қажеті жоқ.  SMS-ке «Қалайсың? Сөйлесейік.» тіркесін жазсаңыз жеткілікті. Егер сіздің хабарламаңызға, ең болмағанда, бір сөз келсе, «Сөйлесетін ештеңе жоқ» деп жауап берсе де, бұл сөз сүйіктіңіздің «реніштен аздап қайтқаны» дегенді білдіреді және сіз әрекет ете бастауыңызға болады.

КЕЗДЕСЕТІН ЖЕР МЕН УАҚЫТ

Сіз дұрыс сөйлесу үшін бейтарап аумақты таңдаңыз.  Бұл кафе, саябақ, тіпті, үйдің жанындағы орындық болуы мүмкін. Қасыңызда бөтен адам болмауы керек, жағдай тыныш болуы керек.  Уақытты белгілеместен бұрын, оның осы уақытта басқа да істері бар-жоғын сұраңыз.  Әңгіме барысында ер адамды басқа мәселелер алаңдатпауы маңызды.  Егер сүйіктіңіз бір жерге бару керек деп айтса, ұстамаңыз. Жай ғана: «Өтінемін, мені тыңдашы, саған бәрін түсіндіріп беруім керек».  Сізге уақытты қашан бөле алатынын сұраңыз және ол ұсынатын барлық нәрселермен келісіңіз (әрине, егер ол сізге нұқсан келтірмесе).  Ол босағаннан кейін қоңырау шалатынын айтса, оған күні кешке дейін қоңырау шалып, жынын келтірмеңіз.  Күте тұрыңыз, мұнда, бастысы тым алысқа бармау.

НИЕТТІҢ АДАЛДЫҒЫ 

 Енгізу көзі: https://www.pxfuel.com/en/search

Жігіттің алдында қалай кешірім сұрауға болады? Әрине, оның алдында максималды адал болу. «Жақсы, кешіріңіз», «бұл менің кінәм» немесе «мақсатым жоқ» деген тіркестер қолдануға болмайды.  Егер сізде кінә болса, сіз мұны түсініп, оны қабылдауыңыз керек, сүйіктіңізге бәрін түсінгеніңізді айтып, шынымен өкінгеніңізді түсіндіріңіз.  Кінәні өзіне немесе басқа адамдарға арту арқылы түзетуге тырыспаңыз.  «Егер ол саған қажет болмаса» немесе «Егер сен басқаша әрекет жасасаң, онда олай болмаушы еді», «Мұның бәрі Әсел / Жазира / Айнаш үшін» - деп айтқаныңыз мүлдем дұрыс емес. Болған жағдайға тек сіз кінәлі екеніңізді түсініңіз. Бір сәтте сіз дәл осылай жасағыңыз келді, оны сізге ешкім мәжбүрлемеді. Кінәлі екеніңізді, шын жүректен өкініп, жағдайды түзеткіңіз келетінін айтыңыз, бұл қайталанбайтындығын дәлелдеуге мүмкіндік алыңыз.

ЖІГІТКЕ СӨЗ БЕРІҢІЗ

Ол сізді үзіліссіз тыңдады, сондықтан оған сезімдері мен пікірін білдіру үшін келгенде, сіз оны тоқтатпаңыз. Тіпті сіз онымен келіспесеңіз де, оған сөйлеуге рұқсат етіңіз.  Сіз жағдайды оның тарапынан көре алуыңыз мүмкін.  Мүмкін ол мүлдем дұрыс емес түсінген шығар, ал сіздің араңыздағы түсініспеушілік қақтығысқа себеп болған шығар. Егер сіз оған шыдай алмайтын болсаңыз және сүйіктіңіздің сөзі кезінде арасына қыстырылысып сөйлесеңіз, онда сіз бір-біріңізге айқайлай бастайсыз, сіз татуласуға емес, басқа жанжалға түсесіз. Оның жағынан жанжалға қараңыз. Осындай жағдайда өзіңізді қалай ұстайтындығыңыз туралы ойланыңыз. Сіздің де бәрін айтқыңыз келуші еді, ішкі сезімдер мен уайымдарыңызды білдіргіңіз келуші еді, сондықтан, ол бәрін дұрыс түсінбесе де, оған ойын айтуға мүмкіндік беріңіз.  Әрі қарай жағдай басқаша болғанын түсіндіріп, тыныштықпен дәлелдеуге тырысыңыз.

КҮТІМ МЕН НАЗАРЫҢЫЗ


Енгізу көзі: https://pxhere.com/ru/photo

Егер сіз бір пәтерде тұрсаңыз, қарым-қатынаста татулықты қалпына келтіру әлдеқайда оңай болады.  Сізге қатты ашуланған жігіттен қалай кешірім сұрауға болады? Оны біраз мазаламауға тырысыңыз, тіпті, басқа бөлмеде отыра тұрыңыз.  Кір жуыңыз, тазалаңыз, тапқанның бәрін жуыңыз, бірақ жақын адамыңызға біраз уақыт қол тигізбеңіз. Егер сіз оны сұрақтың астында қалдырсаңыз, уақытында емес кешірім сұрасаңыз, ол жай жиналып, басқа жерге демалуға кетіп қалуы мүмкін. Әрі қарай, жігітіңіздің сүйікті тағамдарынан бір нәрсе дайындаңыз, дәмді шай демдеңіз, бәліш пісіріңіз.  Төсегіне таңғы ас әкеп бере аласыз. Ер адамның сәл тынышталғанын байқаған кезде, сіз мұқият әңгімеге шақыра аласыз.  Ол сіздің қалай өкінгеніңізді көруі және сізге одан да қиын болғанын көргені маңызды.  Сіз келіп, жігітіңізді үнсіз құшақтай аласыз, мойнынан сүйе аласыз (бетінен сүймеңіз, бұл достық қимыл, ал мойын - эрогендік аймақ, жігіт сабасына түсе бастайды, тыныштандырылады).  Сүйіктіңізді қолынан ұстап, көзіне қараңыз.  Осы кішігірім қимылдар – сіз оны жақсы көретіндігіңізді, оған қамқор болғаныңызды, тек жақсылықты тілейтініңізді анық көрсетеді. Сіздің оны ренжітуіңіз кездейсоқ ойламағандықтан шыққанынжеткізуге тырысыңыз. Бірақ, ешқашан да сүйіктіңізді елемеуге жол бермеңіз.  Басқа бөлмеде уақытша шаруа жасап кету - бұл бір нәрсе. Ал, мүлдем елемеу - бұл басқа нәрсе.  Сүйіктіңіз сабаға түскенше, оған белгілі-бір уақыт сайын кінәлі (Шректегі мысық құсап) қарауды ұмытпаңыз.  Кірді жинаңыз, көйлекті жуу керек пе, жоқ па деп сұраңыз.

СЕЗІМДЕРІҢІЗДІ БІЛДІРІҢІЗ

Жігіттен қалай кешірім сұрау туралы ойлағанда, ер адамдар комплименттерді жақсы көретінін ұмытпаған жөн. Оған қаншалықты жақсы көретіндігіңізді, ол сізге қаншалықты мән беретінін және онсыз сіздің өміріңіз мүлдем басқаша (жаман) болатынын айтыңыз.  Неге оған ғашық болғаныңызды айтыңыз, ең бірінші кездескенде ол сізді несімен қызықтырғанын есіне салыңыз. Мысалы, оның көздері, кең иықтары, әдемі дауысы немесе қандай да бір әрекеті.  Онсыз мүмкін емес, өмір сүруіңіз қиын болатынын айтыңыз.  Әрине, жігіт сүйіктісін кешірмесе және оны тастап кетсе де, өмір онымен бітпейді. Онсыз жаман болар еді деген әңгімеде сіз тым алысқа бармаңыз, бопсалап жүрмеңіз.  Сіз онсыз өлесіз, сіз басқа қалаға кетесіз, ол сізді енді ешқашан көрмейді деген әңгіме бастап жүрмеңіз.  Егер сүйікті адам сізбен сізді аяу себебінен бірге болса, одан ешкімге пайда болмайды. Біраз уақыт бірге болсаңыз да, қарым-қатынаста бейбітшілік пен келісім болмайды. Екі адам да бір-бірімен тұрақты шиеленісті сезінеді.  Біріншісі - оны кешірмегендіктен, екіншісі - мұны білетіндіктен. Қайсы кім екенін өзіңіз шешіңіз. Егер махаббатты сақтап қалуға мүмкіндік болмаса, оны ұстамағаныңыз жөн, оны жіберіп, болашақта өзіңіз үшін белгілі бір тұжырымдар жасағаныңыз жөн.

РОМАНТИКАЛЫҚ ҚЫЛЫҚТАР

Енгізу көзі: https://torange.biz/ru/romance

Романтиканы тек қана жігіттер ғана ұйымдастыруы керек деген дұрыс емес тұжырым.  Келіншектер сүйіктісіне жағымды қылық көрсетуге әбден қабілетті, әсіресе, егер олар оның алдында кінәлі болса.  Ренжіте алған жігіттен қалай кешірім сұрауға болады? Егер кінәңіз кішігірім болғанына сенімді болсаңыз, және де сіз оны түзеткіңіз келсе, жігіттің қарым-қатынасқа түсетініне сенімді болсаңыз, келесі әрекеттердің бірін істей аласыз: егер жігіт футболды немесе басқа спортты жақсы көретін болса, сіз ол үшін матчқа билет сатып ала аласыз.  Билеттерді сатып алыңыз және ол досымен бірге матчқа бара алады деп айтыңыз. Сіз жігітіңіздің демалып, өзіне деген қамқорлықты сезінуін қалайсыз ба?  Осындай іс әрекеттен кейін ол да, оның досы да сіз туралы ризашылықпен сөйлейді, жақсы жағынан қарайды.  Сонда ол реніші туралы ұмытуы мүмкін. Матчқа серік ретінде сіздің баруыңызды ұсынбаған маңызды.  Егер ол сізді оған серіктес болуыңызды қаласа, ол бірден айтады.  Бірақ, маған сеніңіз, ол досымен барғанды жөн көреді, сіз мұны түсінуіңіз керек.
Табиғатта кішігірім пикник жасап көріңіз, екеіуңіз ғана емес, достарды шақырып. Пикникті екеуіңіз шаршадыңыз, жұмыс және үй қажытты, таза ауа жұтып, достармен кездескенге не жетсін деп түсіндіріңіз.  Бұл күні жігіт өкпесін есіне алмауы керек. Ол басқалармен әңгімелесіп, жаман ойларды тастап,  рахаттанады. Ал үйге қайтқан соң, араңыздағы ауыр атмосфера тарайды, және сіз тыныш талқылау арқылы проблемаларыңызды шеше аласыз. 
Сүйіктіңіздің жұмысына курьермен сәлем-сауқат жіберіңіз. Мейлі, ол қарапайым хат жазылған қағаз болса да. Психологтар айтуынша, қарым-қатынастағы мұзды жібітуге қолдан жазылған хат смс-тен гөрі жақсы көмектеседі. Барлық мұңыңызды, бұл туралы не ойлағаныңызды қағаз бетіне түсіріңіз. Өз сезіміңізді сипаттаңыз, өз кінәңізді мойындаңыз, жақсы көретініңізді жазыңыз. Сонда оның жүрегі жібейді.

ДОСТАРДЫ ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙДЫ

Ешбір жағдайда сіз оның достарынан немесе оның құрбыларынан сүйіктіңізге хабар жіберіп, кешірім сұрап, сіз үшін сөз айтуын сұрамауыңыз керек.  Қарым-қатынас жеке, жақын болуы керек.  Сіз өз проблемаларыңызды көпшіліктің қарауына және талқылауына ұсына алмайсыз.  Егер сізге жігіттің жақын досы үйлесімділік орнатуға көмектесе алатын болса және жігітпен қалай татуласу керектігін білсе, онда оның көмегін қолданыңыз.  Бірақ, одан  «тасымалдаушы көгершінді» жасамаңыз.  Досынан жігіттен қалай кешірім сұрауды сұрап көріңіз, ол жігіттің көзқарастарын білуі мүмкін.  Сіз құрбыларыңыздан онсыз өзіңізді қалай жаман сезінетіндігіңіз, жаныңыз қандай азапта болып тұрғаны туралы жаңалықтарды сүйіктіңізге жеткізуді сұрап жүрмеңіз, әсіресе, егер олай болмаса.  Жағдайды елестетіп көріңіз: бір досыңыз жігітіңізбен кздесіп қалып, сіздің үйден шықпай, жылап, уайымдағаныңызды айтты.  Ол бұған сеніп, сізді кешіргісі келеді, сөйтсе, сізді кез-келген уақытта клубта немесе сол қызбен дүкен аралап жүрген кезде кездестіріп қалады.  Сірә, ол сізге мәңгілікке сенуді тоқтатады.

ШАМАДАН ТЫС АСЫРЫП КЕТПЕҢІЗ


Енгізу көзі: https://pixabay.com/ru/photos

Әрине, егер екі жас қаласа татуласу керек.  Бірақ, кейде қыз жігіттің алдында тізесінде тұрып кешірім сұрайды, ал жігіт суық болып қала береді, бұндай жағдай бәрі бекер екенін түсіндіреді.  Өзіңіздің абыройыңызды сақтаңыз, оны бағаламайтын адамның алдына тастаудың қажеті жоқ.  Әрине, кінә үлкен болуы мүмкін, ал қатені түсіну қиын.  Кешірім сұрауға тырысыңыз, өзіңіздің ісіңізді түсіндіріп беріңіз, бірақ, тым алысқа бармаңыз, жігіттің сізге «аяғын сүртіп», өзіңізді оның бос әурешіліктеріне жол бермеңіз.  Әрине, сіздің соншалықты өкінгеніңіз және оны барлық жағынан тыныштандыруға тырысқаныңыз, оған ұнайды. Бірақ, ол шекараны көре алмауы мүмкін.  Кешірім сұраудың бірнеше талпынысы нәтиже бермесе, сүйіктіңізді тыныштықта қалдырыңыз, өзіңіз үшін қолыңыздан келгеннің барлығын жасадыңыз деп шешіңіз.  Егер ол талпыныстарыңызды бағаламаса, кешіруге тырысуға келіспесе, онда ол сізді жақсы көруі екіталай.  Мұндай адам сіздің азаптарыңызға лайық емес, демек сіз жұп емессіз, ал жасалынған қателігіңіз –тағдырдың белгісі.

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: