Негізгі бет Сынасу Модные тенденции
Модные тенденции

«Қалаулымның» жарқын жүзді жандары

 
Енгізу көзі: 1tv.kz

«Қалаулым» деп аталатын теледидардағы шоу бағдарламасының қазіргі кезде «QOSLIKE», «Бір болайық» аттарымен жалғасын тапқан жобалар жүргізушілері туралы мақала.

Бағдармалардағы жобалардың негізін қалаушылар: 
Бас редактор: Шахкерім Карменов
Жүргізуші: Аша Матай

Халық осы екі тұлғаны жақсы біледі және ерекше сыйластықпен қарайды. Бұл жерде жүргізуші – әнші, актриса, әртіс, тележүргізуші, әрі мамандығы бойынша халықаралық-заңгер, Аша Матайдың сіңірген еңбегі зор. Ол Матай ауылынан шыққан қазақтың әдемі қызы, бүгінгі күні екі қыздың мейірімді анасы. Бұл жобаның алдын бастап, қатысушыларға әрдайым ақылменен көмектесетін Аша, көрермендердің жүректерінде мәңгілікке қалды. Құрметке лайық жоба «Еуразия 1» арнасында жүріп жатты. 

Аша Матай

Кейін Аша Матай декреттік демалысқа шығуына байланысты жобаны жүргізуге Майя Веронская шақырылды. Ол қазақ тілін жақсы игерген, халыққа танымал, мәдениет пен өнер саласында еңбек етіп жүрген маман. Алайда, ол жеке себептеріне байланысты, біраз уақыттан соң жобаны қалдыруға мәжбүр болды. 
Осыдан соң «Еуразия 1» арнасының ұжымы бұл жобаның студиядағы билігін Аша Матайдың, Майя Веронскаяның қолдары босамауына байланысты шыға алмай қалған сәттерінде эфирді тиянақты жүргізіп жүрген жас қыз Диана Скатоваға тапсырды. Сол кездің өзінде-ақ, ол өзінің еңбекқорлығымен және іскерлігімен көзге түскен еді. Ұжым қателеспеді. 

Кейін жоба екі топқа бөлінді:

«Еуразия 1» арнасында алғашында «Қалаулым LIVE», қазір «QOSLIKE» аталып, эфирге шықты. Оны жүргізуші – көрермендердің көңілінен шыққан, жобаның нағыз жанашыры – Диана Скатова. Диана Абай елі, Аягөздің тумасы. Қазақ елінің болмысын, салт-дәстүрін, мінез-құлқын жете игеріп, ғұлама Абай атасының қазына-бұлағымен сусындаған қыз. Тілі бай, жетік, тыңдаған жанды сүйсіндіреді. Жалындап тұрған жас сұлу. Жоба 3 сағат 40 минут жүреді. Көрермендер оны асқан ілтипатпен және құрметпен күн сайын қарсы алады. 

Енгізу көзі: Nur Otan партиясының басспасөз қызметі

Диана Скатова

Екіншісі, бұл «НТК» телеарнасында өтетін жоба. Алғашқы аталуы «Қалаулым сен». Оның жүргізушісі – Айдай Исаева болды. Шымкент қаласының тумасы, спортты жақсы көретін сұлу, ол гольф, волейбол, теннис, гимнастика және бимен айналысады. Негізгі мамандығы – дәрігер. Отбасылы жан, ұл мен қыздың анасы. Оның өнерге деген қабілеті мол, білімді, мәдениетті, сүйкімді жан. Әр тұста эфирде болып жатқан жағдайларды өз орнына қоя білетін абзал адам. Карантин мен Айдайдың декреттік демалысы қатар келіп, жобаны 2-3 айға жабуға тура келді.

Айдай Исаева

Бұл жобаның қазір «Бір болайық» деген атпен жүріп жатқанын білеміз. Осы тұста мынаны айта кетуге болады. Карантин кезінде қайырымдылық мақсатпен «Опмай, опмай» бағдарламасының жүргізушісі  - Анна Данченко «Бір болайық» жобасын ұйымдастыру мәселесімен айналысты. Осы орайда айтарымыз, Анна қазақ тілін өте жетік меңгерген еліміздің алақанда аялап, мәпелейтін қыздарымыздың бірі. Мамандығы – журналист, 3-4 тілді игерген. Ол ұстаз, ғылым жолында жүрген жан, ҚазҰУ-де сабақ береді. Карантин қарқыны бәсеңдеген тұста «НТК» ұжымы Қалаулымның екінші тобын «Бір болайық» айдарымен ашып, оның тізгінін Анна Данченкоға тапсырды. 

Анна Данченко

Елдің мақтанышы болған бұл қызымыз «Опмай, опмай» жобасымен қатар «Бір болайық»-ты айтарлықтай жоғары деңгейде алып келеді. Аннаға айтар алғысымыз мол. Тілегіміз – бағдарламадағы қатысушылармен қатар, өзінің де бақытын тауып, еліміздің аяулы, иман жүзді, сүйікті қызы болып қала беруіне тілектеспіз.   
 

Аватара Moderator
ModeratorАвтор

Опубликовано 17.12.2020

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: