Негізгі бет Сынасу Мои статьи
Мои статьи

Өміріңді 100 күнде өзгерт

 
Енгізу көзі: https://www.pikist.com

Өмірді өзгертемін дейсің бе? Ол мақсатты орындау үшін еңбектенуге дайынсың ба? Иә?! Онда бұл тізім сен үшін:

1. Күнде қағазға сол күндегі жақсы сәттерді жазып тұр. Оған көп уақыт кетпейді, ал  көңіл-күй көтеріледі.

2. Арыз айтпай, жамандық ойламай, шағымданбай жүріп көр. Дәл 100 күн! Білемін, қиын, бірақ, шыдайсың. Себебі, саған негатив мүлдем қажет емес. (Ешкім жоқта 1-2 жаман сөз айтып жіберсең, кешірімді, күнде емес!!!) 

3. Ғаламторда ұсынылған, бестстеллер деп жазылып тұрған жарнамадан немесе жай достарыңмен ұсынылған кітапты сатып алып, немесе смартфоныңа жүктеп оқы. Бірақ, бұл істі 100 күннен асырмай тындыр. Сонда шешім қабылдау мен мақсатқа жету саған әлдеқайда, оңайырақ болады

4. Түсіндірме сөздікті алып, күніне 1-2 жаңа сөз жатта. Ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды.

5. 100 күн бойы алғыңыз келген заттар (киім, аксессуар, косметика, көлік т.б.) тізімін жасап, жазып отырыңыз. Арнайы кеңес: жазатын зат – жай дәптер емес, әдемі суреті бар, арнайы сатып алынған блокнот болсын.

 
Енгізу көзі: https://www.pikist.com

6. Арманда! Күнде бос уақыт тауып, жайлы жатып, не кесеңе дәмді шай құйып алып, не жай автобуста кетіп бара жатып АР-МАН-ДА! Жақсы жігер салып армандаған адам, алдына мақсат қойып, кейін аузына торт, астына Форд-тың ең күшті моделін мініп жүреді (негізі, Фордтың болуы талап емес, мейліңше Бугатти жақсы, оны өзің көре жатарсың).

7. Алтыдан кейін жеті кетеді, жеті деген жақсы сан. Сонымен, ойыңды қозғалт, тіпті, сілкініс жаса – ақша табу көзін ізде, саған жаңа идеялар ауадай қажет. Тынбай осы істі орында, себебі, тізімнің 5 нөмірінде жазылғанды қайткенде орындау керек! 

8. Спорт. Ол кез-келген адам үшін қажет емес пе? Денең шынығады, ойың дем алады деген сияқты. Йога, футбол, стрипдэнс, жүгіру, зумба, батутта секіру, былайша айтқанда, өзіңе не ұнайды, сонымен айналысу.  Осы 100 күннің ішінде өзіңе не ұнайды, сонымен айналысқан деген жақсы естіледі емес пе? Белсенді болып өміріңді өзгерт. ГОУ!

 
Енгізу көзі: https://www.pikist.com

9. Ойың мен сөзіңді бақыла. Істеріңе жауап бер. Өзіңе  сұрақтар қойып, жауабын ізде. Өз-өзіңді алдамай, мағыналы ойға батып көр. 

Ал, сенің қосарың болса, комменте жазып қой. Мүмкін, басқа адамға дәл сенің кеңесін өмірін өзгертуге көмектеседі. Ғажайып жасап көр! Қолыңнан келеді! 
 

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: