Негізгі бет Сынасу Мои статьи
Мои статьи

КОРЕЙМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҚҰРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. САҒАН «ОППА» КЕРЕК ПЕ?

 
Ли Мин Хо «Қалалық аңшы» дорамасында

Егер сен Корея дорамаларын немесе басты эстрада жұлдыздарының клиптерін көріп, Кореядан дос тапқың келсе, немесе таңертеңгі балғындық елінде бір керемет жігітті кездестірсең, онда сен, кем дегенде, бір рет өзіңе сұрақ қойдың: ол жерде қарым-қатынас құру қалай және корей жігітіне ұнау үшін қыз не істеу керек? 
Кореядағы танысу мәдениеті мен әлеуметтік нормаларының басқа елдерден ерекшеленетінін ескере отырып, қарым-қатынасқа байланысты кейбір мәселелерге назар аудару керек.  Әрине, барлық адамдар ерекше, және тіпті жақсы кеңестерге жүгінгенде, сен өзіңнің түйсігіңді әрдайым тыңдауың керек.

ЖІГІТТЕН БІРІНШІ ҚАДАМ КҮТПЕЙ-АҚ ҚОЙ

Егер сен Кореяда жігітпен кездескің келсе, ол сенен ештеңе сұрамаса және өтінбесе, бұл оның сені ұнатпайтынын білдірмейтініне дайын бол. Кореядағы танысу мәдениеті көптеген елдерден біршама ерекшеленеді, әсіресе танысудың алғашқы кезеңіне келгенде...  Мысалы, біздің елде, көптеген елдердегідей, жігіттің өзі ұнататын қызға келіп, олар таныс болмаса да, әңгіме бастауы қабылданады.
Кореяда сен олай болады деп сенбей-ақ қой, әсіресе сен турист немесе жаңадан осында өмір сүруге көшкен болсаң.  Мұнда жігіттер қызға бірінші боп сөз айтуы сирек кездеседі, өйткені олар бейтаныс қыздарға келгенде ұялшақ болады.  Алайда, қыз олармен кездесуге алғаш келгенде, олар қарсы емес.  Корейлерде қыз жігітке алғашқы қадам жасау норма болып саналады. Сондықтан ұялма және өзіңе ұнаған жігітпен танысып ал.

 
Енгізу көзі: https://ru.wikipedia.org

ТЕЛЕФОН – ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ

Егер сен SMS жазуды ұнататын болсаң, онда бұл корейлік досыңның көз алдында сенің үлкен артықшылығың.  Көптеген корейліктер керемет мәтіндік хабарлар жіберіп, смартфондарында жедел хабар алмасу қолданбаларын үнемі қолданады. Сендердің қарым-қатынастарыңның қай сатыда тұрғаны маңызды емес – сендер жай ғана кездестіңдер немесе бірнеше айдан бері таныссыңдар – мұнда хабарламаларды мүмкіндігінше жиі жіберу әдеттегідей, әсіресе егер сен адамды жақсы көрсең.
Есіңде болсын, Кореядағы жігіттің сенің бұрынғы жігіттеріңе қарағанда әлдеқайда көп хабарлама жіберіп, жиі қоңырау шалғаны – саған көбірек көңіл бөлгені дегенді білдірмейді. Бұл норма және барлығы мұны істейді. Келесіде кореймен кездесуден кейін үйге оралғанда, оған қалған уақытты үйде қалай өткізгенің туралы хабарлама жіберуді ұмытпа.


Енгізу көзі: https://ru.m.wikipedia.org

ШОТТАРДЫ ТӨЛЕУ

Көптеген қыздар үшін бұл сұрақ көптеген күмән туғызады – қыз түскі асқа ақы төлеуі керек пе, әлде жігітке сенуге бола ма? Егер ол кешкі асқа төлеген болса, сусындарға ақы төлеу керек пе немесе келесі кездесуді күту керек пе? Кореяда, өкінішке орай, бұл сұраққа бірде-бір жауап жоқ.  Екі көзқарас бар, және сен жігітіңнің көзқарастарын дәл анықтап алуың керек.
Дәстүрлі көзқарас бойынша ер адам төлемдерді тек бірінші кездесуде ғана емес, сонымен қатар, барлық кейінгі кездесулерде төлеуі керек. Егер сен дәл осындай жігітті кездестірсең, ол саған екінші, үшінші немесе төртінші күні кешкі асқа немесе кофеге ақы төлеуге мүмкіндік береді деп күтпе – әдетте, бұл араларыңыздағы қарым-қатынас сақталғанша болады.
Мұндай көзқарасты ұстанатын жігітпен қарым-қатынастың жалғыз минусы – ол, әдетте, саған деген қамқорлығын білдіруі мүмкін. Мысалы, кездесулер кезінде ол сенен қандай да бір кішіпейілділік пен абыройлы (яғни, сабырлы) мінез-құлықты күтеді.
Егер бұл тәсіл саған сәйкес келмесе, алаңдамай-ақ қой, қайтесің жүйкеңді тоздырып?!  Қазіргі заманғы көзқарастарды ұстанатын корей ерлерінің тағы бір категориясы бар.  Кәріс танысу мәдениетінің жаңа нормасына сәйкес, жігіт бірінші күні кешкі асқа ақы төлейді, содан кейін қыз кофе немесе соджу үшін төлей алады. Сен төлемдерді бір кешкі кездесу уақытында немесе бірқатар кездесулер ішінде жүргізе аласың.  Бұл жағдайда қыз өзін міндетті ретінде сезінбейді.

Әрине, дәл қазір кездестірген жігіттің қандай көзқарастары бар екенін бірден анықтау мүмкін емес.  Сондықтан жолда келесі аялдаманы күтіп алған дұрыс (Кореяда, әдетте, олар бір мейрамханамен шектелмейді және сен кешке бірнеше рет кафе немесе барды ауыстыра аласың) сонда, төлем жасауды ұсынған жөн. Егер жігіт бас тартса, онда ол дәстүрлі көзқарастардың жақтаушысы болуы мүмкін, егер ол келіссе, онда ол бірлескен төлемді жөн көреді. Қалай болғанда да, сен бұл туралы алаңдама, жай ғана уақытты жақсы өткіз.

Енгізу көзі: https://ru.m.wikipedia.org

«ОППА» ДЕГЕН КІМ? КОРЕЙ БАТЫРЛАРЫ ӨЗІН ҚАЛАЙ ҰСТАЙДЫ? 

Егер сен корей дорамаларын сүйетін болсаң, онда «оппа» сөзін жақсы білесің. Кореяда қыздар ағаларына немесе өзінен жасы үлкен жігіттеріне осылай айтады (Кореяда, олар, әдетте, жасына көп мән береді, сондықтан егер жігіт сенің есіміңді біліп алып, бірден жасыңды сұраса,таң қалма).  Бірақ, қарым-қатынас туралы айтқанда, бұл сенен үлкенірек жігітке деген құрметтің көрінісі ғана емес. Бұл корей жігіттері қабылдауға тырысатын өзіндік мәртебе, және олардың жасы үлкен бе, жоқ па маңызды емес. Корейлер қорғаушы рөлін ойнауға, өзінің қызына жауапкершілікпен қарауға және ол үшін белгілі-бір мөлшерде құрмет алуға тырысады.

«Оппа» болғысы келгендіктен корейлер нағыз рыцарьларға айналады, сондықтан, жақсы әсер ету үшін мейрамханада саған орындықты қоятынына, сыртта суық болса күртесін беріп, белгіленген уақыттан кем дегенде 15 минут бұрын мейрамханаға келуіне дайын бол.
Алайда, «Оппамен» қарым-қатынастың басқа жағы да бар. Барлық төлемдерді төлейтін жігіттер сияқты, «Оппа» өзінің қызының өзін қарапайым, құрметпен ұстайтынын, әрқашан оның пікірі мен пайымдауларына сенетінін, көп сөйлемейтінін (әсіресең іске қатысты емес) күтеді.

Әрине, бұл барлық корей жігіттеріне қатысты емес, сондықтан, алдын-ала уайымдап, мүмкін болатын қатынастардан бас тартпа. Кездейсоқ кездесуге бар және үлкен үміттер туралы алаңдамай, корейлермен кездес, бірақ, егер жігіт өзі туралы үшінші жақтан сөйлесе, өзін-өзі «оппа» деп атаса, таң қалма. Тек осыдан кейін не болуы мүмкін екенін есте сақта.


Енгізу көзі: https://pxhere.com/ru

ӘУЛИЕ ВАЛЕНТИН КҮНІ – КОРЕЯ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ЕШТЕҢЕ ЕМЕС

Валентин күні көптеген елдерде ерекше мереке болып табылады.  Бұл мереке сенің екінші жартыңа сүйіспеншілігіңді көрсетуге және гүлдер, кәмпиттер немесе бірнеше сүйкімді сыйлықтар сыйлауға мүмкіндік береді.  Егер сен осы мерекені және оған байланысты барлық нәрсені шынымен жақсы көретін болсаң, онда Кореяда сен өзіңді жұмақтағыдай сезінесің, өйткені, мұнда махаббатпен байланысты көптеген мерекелер мен дәстүрлер бар.

Егер сен кәріспен кездесуді бастасаң, онда сендердің бірінші мерейтойларыңа дейін бірнеше мереке болатынына дайын бол: алдымен ол сендер кездескеннен бастап өткен бірінші айды тойлауға шақырады, содан кейін 100 күн, 200, 300 күндерін атап өтуді ұсынады. Сондықтан, саған үнемі сыйлықтар, гүлдер мен шоколад сыйланады.
Кореяда, әдетте, қуанышты тойланатын, махаббатқа арналған көптеген ұлттық мерекелер бар.  Бұл мерекелер әрқашан 14-ші күнге түседі, мүмкін бұл қандай да бір түрде Валентин күнімен байланысты (иә, ол Кореяда да атап өтіледі).  Міне, Kiss күні (14 маусымда атап өтіледі), серіктес шоколад беруге шешім қабылдаған – Ақ күн 14 наурызда тойланады.  Кореяда осындай 12 мереке бар, әр айда бір.  Сондықтан да, Кореядағы қарым-қатынас – махаббаттың шексіз мерекесі.
 

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: