Негізгі бет Сынасу Мои статьи
Мои статьи

Ақша болса - алақанда сорпа қайнайды.

Кез-келген халықтың ақша шақыруға сәйкес әдеп-ғұрыптары бар екеніне көз жеткізу оп-оңай. Ондағы негізгі мақсат – ақша тапшылығына тап болмау және де ақшаның санын көбейту. «Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен» - дейді қазақта, қалай болғанда да алтынды да, арпаны да ақшаға сатып алуға болады емес пе?! Соңғы уақытта көптеген адамдар нешетүрлі сиқырлы күштерге сенуде, ақшаның энергетикалық ағынын жаудыруға асығуда.  

 
Енгізу көзі: https://pxhere.com/ru/photos

Біз, әрине, сиқырлы күштердің дуасына кепілдік бере алмаймыз, бірақ, төмендегі ырымдарды қолдануды ұсынамыз:

1. Үстел үстіне теңгені, көлік кілтін, үй кілтін қалдырмауға тырысыңыз. Айтылған әдеттің мағынасы – көлік кілтін қойсаңыз, айдап кетеді, үйдің кілтін немесе ақшаны қойсаңыз ұрлап әкетеді, яғни материалдық жағынан бағалы заттарды үстелдің үстінде қалдырмаңыз. Үстел үcтіне бос шыны қоймауға тырысыңыз.
2. Күн батқан соң ақша санауға болмайды, басқа амалыңыз болмаса, бұл жауапты істі басқа адамға тапсырғаныңыз жөн. 
3. Дастархан. Шүберекпен дастархан үстін сүртіп, қоқыстарды ыдысқа жинау жақсы. Дастарханның үстін сыпырып-жинау үшін қолды қолдансаңыз, ақшаңыздың энергетикалық ағыны әлсірейді. Осы ақылды әрдайым қолданып жүріңіз, және де қаржылық жағдайыңыздағы ерекшелікті де бақылауға алыңыз.
4. Саудагерлерге кеңес: тауар сатқанда ақшаны қолма-қол алып, ал қайтарғанда сауда тәрелкесіне немесе үстел үстіне қойыңыз.
5. Үйге келген кіріс қаржыңыздың «қара тесікке» қалай кетіп қалатынын білесіз бе? Бос банка, бөтелке, шыны ыдыстар, жәшіктер – бұлардың барлығы «қара тесіктің» достары. Сондықтан да шаң басып жатқан бос ыдыстарды тастау керек, алайда оларды жүрегіңіз қимаса, онда ішіне жарма, бидай немесе тиын салып қою керек.  
6. Сейсенбі күні қарыз сұрамаңыз, «кемінде бip ай бойы қарызға батып жүресіз» деседі.
7. Қомақты ақшасы бар,бай, қалталы адамдардан қолма-қол ақша алуға тырысып көргеніңіз – ақша айналымына жақсы әсер етеді.
8. Ақшаның үйі-әмиян. Ақшаңыз қалтаңызда немесе сөмкеде қалай болса солай шашылып жатса, ақшаның энергетикалық ағыны жұқарып, кірістің кіруі бәсеңдейді. Себебі ақша өзіне қамқор болмайтын жерде тұрғысы келмейді. Әмияныңыз жыртылмаған, таза терілерден жасалынған болса, ақшаның келіп қоныстануы әлдеқайда оңай болады. Ұмытпаңыз! Әмиянға ақшаларды рет-ретімен және де мыжымай салуыңыз керек. Портмонеңізде доллар немесе еуро банкнотасы болмаса, тұмар ретінде ескі немесе раритет тиын салып жүріңіз, ерекше тиындар ақшаны шақырады.

 
Енгізу көзі: https://pxhere.com/ru/photos

«Туған ай, тураған етпен тең» дегендей, жаңа ай туғанда сіз айға басыңызды иіп сәлем беріңіз де алтын немесе күміс көрсетіп:
“Жаңа ай қалай өciп келе жатса, маған сондай ақша келсін” деп айтыңыз.

Қай жақтан қарасақ та, бұл ережелер қолымыздан келетін сияқты. Барлығын дұрыс жасасақ ақшаның энергетикалық ағындары қалыңдап, ақша біздің әмиянымызда мәңгілікке өз орнын табар деген үміттеміз. Қалтаңызда миллион доллар тұрып, одан ешқандай пайда көре aлмаyыңыз да мүмкін, алайда, жақсының қолында он мың теңге бүкіл байлықтың бастамасы болуы қазіргі кезде ғажап емес.
 

Аватара Akyldy_kyz
Akyldy_kyzАвтор

Опубликовано 05.08.2020

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: