Негізгі бет Жасыл қазына

Қымыздың пайдасына 10 дәлел

 
Енгізу көзі: https://vsvoemdome.ru

Бие сүтінде сиыр сүтіне қарағанда дәрумен 10 есе көп екендігі дәлелденді.  Олардың ішінде А және Е дәрумендері, В және С тобындағы витаминдер, кальций, фосфор, фолий және пантотен қышқылдары бар.  Бұл өнімде ақуыздар 2 есе аз және лактоза 1,5 есе аз, соның арқасында бие сүті әйел сүтіне барынша жақын.  Осыны ескере отырып, оны балалар тағамы өндірісінде қолданады.  Бұл өнімдегі ақуыздар әлдеқайда тез және жақсы сіңеді.  Нағыз қымыз – ерекше дәмі бар қымбат тағам.  «Тірі» қымыз ұзақ сақтауға келмейді, демек, өнеркәсіптік өндірісі болмайды.

1-дәлел: иммунитетті арттырады.  Қымыз құрамындағы С дәрумені иммундық жүйені нығайтады және ағзаның қорғаныш функцияларын күшейтеді, вирустар мен инфекциялардың жағымсыз әсерімен күресуге көмектеседі.  Ертеректе адамдар емдік сусынмен цингиозды (С витаминінің өткір жетіспеушілігінен болатын ауру) емдегені тегін емес.

2-дәлел: тістер мен сүйектерді күшейтеді.  Дала халқының ежелгі сусынында ағзаның тіршілік әрекеті үшін маңызды макроэлементтер, сүйектер мен тістерге жақсы әсер ететін  – кальций мен фосфор бар.

3-дәлел: қан айналымын жақсартады.  Бие сүтін үнемі тұтынған кезде қан айналымы жақсарады.  Қымыздың құрамына кіретін Е дәрумені оған атеросклерозбен (ағзаның ірі қан тамырларына әсер ететін ауру) қарсы тұру мүмкіндігін береді, өйткені ол қандағы холестерин деңгейін төмендетеді.  Ертеде дәрігерлер анемияны қымызбен емдеген.

4-дәлел: жүйкені күшейтеді.  Бұл сусынның құрамында тиамин (В1) бар, ол жүйке жүйесінің қызметіне жақсы әсер етеді.

5-дәлел: потенцияны (еркектік қауқарының әлсіреуін) жақсартады.  Еркектерге арналған пайдалы ақпарат – қымыз потенцияға жақсы әсер етеді.  Бұл сусын, сонымен қатар, органдардың регенерация процестерінің жылдамдығын арттырады.

 
Енгізу көзі: https://www.pikist.com

6-дәлел: Гастритті емдейді.  Қымыз асқазан жараларын, гастрит, ұйқы безі ауруларын емдеуде сәтті қолданылады.  Мұны қымыздың құрамындағы пантотен қышқылының құрамымен түсіндіруге болады.  Сондай-ақ, қымыз тамақтан уланғанда көмектеседі.

7-дәлел: теріні әдемі етеді.  Қымыз адамзаттың нәзік жандыларының өкілдері үшін пайдалы – теріні жасартады.  Оның негізінде нәрлендіретін бет маскалары жасалады.

8-дәлел: көңіл-күйді жақсартады.  Ғалымдар бие сүтінен адамдардың бойында қуанышты арттыратын дәрумендер тапты.  Мұны қымыздың құрамында В1 витаминінің (тиамин) болғанымен түсіндіруге болады.  Тиаминді «оптимизм витамині» деп атайды.  Бұл дененің қалыпты өсуі мен дамуына, ас қорыту және жүрек-қантамыр жүйесінің дұрыс жұмысына көмектеседі, майлар мен көмірсулар алмасуына қатысады.

9-дәлел: Туберкулезді емдейді.  Сонау 19 ғасырдың ортасында дәрігерлер бие сүтін өкпе ауруларын емдеуде қолдана бастады. Дәрігерлер көбінесе күдікті науқастарға қымыз ішуді ұсынады, егер ауру әлі қиын жағдайға жетпесе, құрғақ дала жағдайында 2-3 ай емделу ауруды толығымен жояды.  Ресейдегі алғашқы қымыз ауруханасын дәрігер Нестор Постников 1858 жылы Самара губерниясында ашқан.  Оның ұйымдастырылуы көптеген көрсеткіштерімен қазіргі шипажайларға ұқсайды.

 
Енгізу көзі: https://www.pikist.com

10-дәлел: онкологиялық аурулардың алдын алуға қызмет етеді.  Сондай-ақ, емдік қымыз құрамында фолий қышқылы бар, бұл ісіктердің пайда болуына жол бермейді.  Қазақ тамақтану академиясының мамандары тіпті био мен ешкі сүтінен жасалған өнімдерді химиялық терапия курсынан өткен онкологиялық науқастардың диетасына қосуды ұсынды.
Қымыз - сақтардың емдік сусыны

Аватара Isker_Kamshat
Isker_KamshatАвтор

Опубликовано 01.10.2020

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: