Негізгі бет Жасыл қазына

Суық тиіп қалса егер

 Енгізу көзі: https://pixabay.com

Суықтанып қалғаннан адам ағзасында нешетүрлі ауру пайда болуы мүмкін десеңші! Біз интернет әлемінен қызықты ақылдарды жинап, сіздерге ұсынамыз. Қолайлысын пайдаланып, ауырмай жүруіңізге тілектеспіз!

Бір шәй қасық бал қосылған сүт байырғы заманнан барлығына белгілі. Ал інжірдің тұнбасын сүтпен ішкізуді сіздер естідіңіз бе?

Жарты лимонды қабығымен қоса асықпай шайнау жаңа басталған ангинаны басады (бірақ, тісіңіз қышқылдан ауырып қалмасын). Ескерту: процедурадан кейін 1 сағат шамасында ештеңе жемеңіз, лимон қышқылы тамақтың шырышты қабатына емдеуіш әсер ету керек.

Жөтел пайда болса, көкірегіңізді құрғақ орамалмен сүртіп, еріген сары май немесе қойдың құйрық майын жағыңыз, егер қайың майы болса, оны қосып жаққан жақсы ем болады. 

10 тал бадананы ұсақтап турап, 1 бас сарымсақты жұмсарғанша табиғи сүтке қайнатып, азғантай бал мен жалбыз қосыңыз, барлығын араластырыңыз. Күніне бір мезгіл 1 ас қасықтан ішіңіз, жөтелді кетіреді.

2 жұмыртқа сарысы, 1 шай қасық бидай ұны, 2 шай қасық таза балды 2 ас қасық табиғи маймен араластырып, күніне бірнеше рет бір шай қасықтан ішіңіз, жөтелден емдейді.

Сәбіз немесе тұрып шырыны мен сүтті бірдей мөлшерде алып, балмен араластырып, күніне алты рет 1 ас қасықтан ішіңіз. Бұл тамаққа ғана пайдасын тигізіп қоймай, сонымен қатар иммунитетті көтереді.
 


Енгізу көзі: https://pxhere.com/ru/photo/1372243

Жөтел мазаламау үшін 1 тұрыпқа 10 гр. бал қосып қойып, 12 сағаттан соң, күніне 4-5 рет 1 шай қасықтан ішке қабылдаған жөн.

Тамақ қыжылын басу үшін 2 ас қасық май, 2 жұмыртқа сарысы, 1 шай қасық ұн, 2 шай қасық балды араластырып, күніне 3-5 рет тамақтанар алдында қолдану керек.

Жөтел қысып, мазаңызды алса, мынадай ерітінділермен тамағыңызды шайыңыз:
- Шалқанның қайнатылған шырынын қант немесе балмен (бал қолдану дұрысырақ) қосып шайыңыз (балға аллергияңыз болса, қолданбаңыз);
- 1 стақан жылы суға 1 шай қасық тұз, жарты шай қасық ас содасы, 2-3 тамшы йодты қосып шайыңыз;
- қызылша шырынымен шаю үшін оны ұсақ үккіштен өткізіп, шырынын бөліп алып, 1 стақан шырынға 1 шай қасық асханалық сірке суын қосып, күніне 5-6 рет шайыңыз;
- 100 гр. ұсақталып туралған сарымсаққа 100 мл. қайнаған су құйып, аузын мықтап жауып, 5-6 сағат бөлме температурасында суытып қолданыңыз;
- 1 стақан қайнаған суға жолжелкеннің (подорожник) 4 құрғақ немесе жас жапырағын салып, жарты сағаттан соң қолдануға болады. Бұл тұнбамен сағат сайын тамағыңызды шайыңыз.

Аватара Moderator
ModeratorАвтор

Опубликовано 02.08.2020

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: