Негізгі бет Жасыл қазына

Смартфоныңыз суға түсіп қалса...

 
Енгізу көзі: https://pxhere.com/ru

ХХІ ғасырда кез-келген адамның бірден-бір таптырмайтын көмекшісі – ұялы телефон. 90-жылдардың аяғында ап-ауыр «кірпіш» телефондар ТМД елдерінің халқын таңғалдырды, кейін телефондар модернизацияланып, қыз-келіншектер «кереует» телефонға зәру болды, полифония, ИК-порт, нешетүрлі көркем суреттер, ойындар барлығына ұнады, кейін арнайы дүкендерде телефоныңыздың жады жақсы болса, нешетүрлі әндер, видеолар, ойындар жаздырып алуға болатын болды, содан-соң 10-жылдары Смартфондар шықты. Міне, сол уақыттан бастап, байланыс құралының жаңа дәуірі басталды. Sony, Iphone, Samsung кейін Xiaomi, Meizu, Vivo адамдардың кез-келген керек/керек емес қажеттіліктерін қамтамасыз ететін болды. Адамдар телефонды қоңырау шалу үшін керек екенін ұмытты. Смартфон адам дәрежесін, күштілігін көрсететін болды. Жыл сайын жаңа Iphone-дар шығып, бағалары алдыңғысынан әлдеқайда қымбат болып жатыр, адамдар жаңа функциялар үшін емес, өзінің көкірегі үшін ақшасын шашады.
Ал, сіздің сүйікті телефоныңыз, «Айфонжаныңыз» суға түсіп кетті делік. Не істейсіз?
1.    Жаңа телефон сатып аласыз.
2.    Телефонды жөндеуге бересіз.
3.    Телефон алғандағы бөліп төлеу әлі бітпей, ақша бірінші екі нұсқаға жетпесе, өзіңіз жөндейсіз.
Ол үшін ең бастысы телефоннан батареяны алып тастау қажет. Содан-соң ақпаратты сақтау үшін сим-картаны ақырындап шығарыңыз. Кейін телефонның көрінетін су болып қалған жерлерін орамалмен сүртіп алыңыз. Құрғақ тәрелкеге технологиялық процесстен өтпеген күріш салып, ішіне телефонды салыңыз, күріш телефон ішіндегі ылғалды сіңіріп алады. Бірнеше сағаттан соң телефонды күріштен шығарып алып, оған үрлеп, бетін құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз. Сим карта мен батареяны орын-орындарына қойыңыз. Сонда сіздің «әлеммен байланысу құралыңыз» жаңа өмір бастауы керек. Смартфоныңыз унитазға немесе батпаққа, былауға түсіп кетсе, оны антибактериялды немесе спирттелген шүберекпен сүртуді ұмытпаңыз.

Ескерту: Егер сүйікті смартфоныңыз абайсыздан суға түсіп қалса, оны сілкімеңіз! Сілкісеңіз су платоға еніп, элементтердің жұмыс істеу қабілетін толығымен жояды. 

 

 Енгізу көзі: https://ru.wikipedia.org/wiki

Ойбайға салынып телефонды кептіргіш фен көмегімен немесе микротолқынды пешке салу арқылы кептіруден абай болыңыз! Бірінші нұсқауда телефон ішіндегі сымдар күйіп кетеді, екінші нұсқауда телефоннан ғана емес микротолқынды пештен айырылып қалуыңыз мүмкін.

Құрметті сұлу оқырманымыз! Смартфон бүкіл өзінің функцияларымен ешқашанда тірі қарым-қатынасты алмастыра алмайтынын еске сақтауыңды өтінеміз!
 

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: