Негізгі бет Жасыл қазына

Әшекейлерді тазалау

 
Енгізу көзі: https://ru.wikipedia.org

Дүкеннен асыл тасты жалт-жұлт етіп тұрған әшекейді сатып алғанда, қыз жүрегі бақыттан жарыла жаздайды. Уақыт өткесін жалт-жұлт еткен тастар күңгірттеніп, әшекей өзінің бастапқы әсемдігінен айырылғандай болады. Сақина, жүзік, алқа, сырға көп киілгенде адам терісімен жанасып, ондағы өлі жасушаларды өзіне жинайды. Ақырында әшекей қараяды.

Әрбір затты күтіп, тазалау керек, әшекейлер де солай.  Асыл (онша асыл емес те) тастар бұйымның көздерінде орналасып, уақыт өте түсіп қалуы ықтимал. сырғаның қысқыштары сынып, не майысып қалуы әблен мүмкін. Ондай бұйымдарды тазалап қана қоймай, 1-2 жылда 1 рет зергерге көрсетіп, ақауларының жоқтығына көз жеткізіп отырған жөн.

Әшекейді сатып алғанда, көбінесе оны әдемі қорапқа салып береді. Ол қораптарды тастап, не балаларға ойнауға беріп қоймаңыз, бұйымдарды сол қораптарда сақтаңыз. Ішінде жұмсақ жастықшаның болса, тіпті жақсы. Әшекейлеріңіз бірін-біріне сырын түсіріп, бүлдірмеуі үшін бір қорапқа бірнеше данасын салып қойып жүрмеңіз. Моншақты әшекейде маржаны шатасып қалуына мүмкіндік бермеңіз, әйтпесе жаңадан жасауға тура келеді.

 
Енгізу көзі: https://pxhere.com

Сүйікті сырғаңыздың (немесе басқа әшекей) өмірін ұзақ еткіңіз келсе, спортпен шұғылдану, ұйықтау, суға түсу деген іс-қимылдарды әшекейіңізден бөлек жасаңыз.

Әшекей бұйымдарды тазалау жолдары:

+ мүсәтір спирті мен этил спирттерінің ерітінділерімен;
+ этил спиртімен;
+ арнайы әшекей тазалайтын майлықтармен;
+ әшекей бұйымдарын тазалауға арналған сұйықтықтармен;
+ жылы сабынды сумен;
+ қант қосылған таза сумен;
+ тіс ұнтағы ерітіндісімен.

Әшекейлерді айына бір рет тазалау ең оптималды нұсқа. Өйткені тазалағыш сұйықтықтардың құрамында сынап, күкірт, йод, хлор сияқты химиялық заттар болғандықтан, оларды шамадан асыра қолдану әшекей бұйымдардың түсін бүлдіреді. Алайда, бұйымдарды таза құрғақ майлықпен жиі сүртіп тұрғаныңыз жақсы.

Алтыннан жасалынған әшекей тез уақытта қарайып, жылтырын жоғалта бастайды. Жылтырын қайтару үшін жылы сабынды суда 15-20 минут ұстап, кәдімгі тіс щеткасының көмегімен тазалап көріңіз. Алтын алқалар үшін: сабын су құйылған бөтелкеге салып, бірнеше рет жақсылап шайқап көріңіз. 5 минут сабынды суда тұрған соң қайта шайқап, алқаны түкті матамен сүртіп, жылтырын келтіріңіз.

Туралған картоп салынған суға күміс бұйымдарды 2-3 сағатқа батырып қойыңыз, тазарады. Сонымен қатар, 1 литр суға 50 гр ас содасы қосылған сұйықтыққа салынған күміс тез жарқырап шығады. 1 литр суға 1 ас қасық спирт қосылған сұйықтықта қара дақтары бар күміс бұйымдары тазарады. Жылы сірке суымен ылғалдықтан пайда болған дақтарды кетіре аласыз. Қандай тазалық шараларын іске асырсаңыз да, күмісті артынан жылы таза сумен шайып, кептірген дұрыс.

 
Енгізу көзі: https://pxhere.com

Жаңа тіс щеткасы мен ыдыс жуатын сұйықтықты қолдана отырып, жылы сумен гаухар тас, лағыл, жақұт сияқты қымбат асыл тастары бар әшекейлерді тазартуға болады, бірақ, өте абай болу керек.

Әшекейіңізде опал, изумруд тастары болса, оларды зергерге тапсырған жөн. Себебі, олар сынғыш болғандықтан, ерекше ептілікті талап етеді. Ал, болмай, өзіңізге тазартуға тура келсе, тазалағанда су, немесе басқа да сұйықтықтарды қолдануды болмайтындығын естен шығармаңыз. Оларды ерекше ептілікпен, арнайы тастарға арналған майлармен тазалаңыз.

Осылайша, сіз алтыннан және күмістен жасалған зергерлік бұйымдарды қалай тазартуды білесіз, сондықтан сізге өнімді бүлдірмейтіндей жол жасау оңайырақ болады.  Ең бастысы - жасау рецептерін дәл ұстану!  Бәріңізге сәттілік!
 

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: