Негізгі бет Жасыл қазына

Сарайыңды ашатын көк шәй

Атам қазақ сүт қосылған қою шәйды ішіп үйреніп алған. Көршім өзбек көк шәй туралы өлең шығарып, жаздың күні таптырмайтын сусын деп сол өлеңді шырқаған. Шынымен де, көк шәй соншалықты жақсы ма? Тексерейік! Шөлді қандыратын дәмді сусын екенін мен базардан ішіп те (Алматының «Барахолка» базарында Ташкенттік шәйды сататын күшті дүңгіршек бар), үйден демдеп те түсіндім. Сонымен қатар, оның денсаулықты да ретке келтіретінін сол демдеуден кейін атама ұсынып, 10 күннен кейін қан қысымы жақсарғанда байқадым. 
 


Енгізу көзі: https://pixabay.com/ru/photos

Мамандандырылған дәрігерлер көк шәйдың пайдасы шексіз деп айтады. Көк шәй ағзадағы әртүрлі сырқаттың алдын алады, жүрек-қан тамыр ауруларын емдеуде демеу болады. Көк шәйдің дәмі барлығына ұнай бермейді бірақ, әр түрлі дәмдеуіштерге ешкім тосқауыл бола алмайды. 
Дәмі ұнамай ішпейтін мұнтаздар үшін көк шәй ішудің 12 себебін ұсынамыз:
01. Артық салмақтан арылуға көмектеседі;
02. Көк шәйдағы антиоксиданттар рак талшықтарының өсуін тоқтатады;
03. Несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді;
04. Күйзелістің алдын алып, мидың жұмысын жақсартады;
05. Қан тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге шипа;
06. Егер темекі шегетін болсаңыз, өкпеңізді тазартады;
07. Бауырыңызды алкогольді сусындардан қорғайды;
08. Тістің шіруін болдырмайды;
09. Иммундық жүйені жақсартады;
10. Американдық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан клеткаларын тірілтетінін анықтаған;
11. Көк шәй ішу коронавирус науқастарындағы COVID-19 белгілерін жеңілдетеді;
12. Көк шәй жан мен тәнді жадырататын дәрумендерге бай. Дәрумендері инфекциямен күресуге септігін тигізеді.

 
Енгізу көзі: https://www.piqsels.com/ru/search

БОНУС! Шашқа арналған кондиционер: 1 ас қасық көк шәйға 2 стакан қайнаған су құямыз, оны 30 минутқа тұндырып қоямыз. Содан-соң ол шәймен таза шашты шаямыз. Жуудың керегі жоқ. Көк шәйден жасалған шашқа арналған кондиционер сіздің шашыңызға жұмсактык сыйлайды, жібектей етіп жасайды жəне жалт-жұлт еткізеді.
Шаштың түсуіне қарсы шипа: 10 күн қатарынан кешке шаштың тамырына шәйды қою қылып демдеп жағамыз. Бұл рецепт шаштың түсуінің алдын алып қана қоймай, олардың өсуін де жылдамдатады.

Аватара Moderator
ModeratorАвтор

Опубликовано 02.08.2020

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: