Негізгі бет Жасыл қазына

Сүлгінің жұмсақтығын сақтаймын десеңіз

 
Енгізу көзі: https://pxhere.com

Жұмсақ түкті сүлгінің ылғалды бетіңізге тигені қандай ғанибет десеңші! Алайда, сүлгі ұзақ уақыт жұмсақ болып тұрмайды, оған күтім мен арнайы шаралар қажет. Әр ай сайын сүлгіні ауыстырып отыру әмияныңыздың шырқын бұзады. Сондықтан да, біздің кеңестер ақшаны сақтай отырып, жақындарына ЛЕНОРлы жұмсақты сыйлайтындар үшін арналады. 

Пайдалы кеңестер:

+ Түктелген шапандар (халаттар) мен сүлгілерді кір жуатын ұнтақпен жууға болмайды. Ұнтақтың орнына, сұйық келетін жуғыш құралдарды пайдаланыңыз, сонда олар өзінің жұмсақтығы түрінде сізге рахметін айтады.
+ Сүлгілерді далада кептірген жақсы. Себебі олар таза ауаны жақсы көреді.
+ Сұйыққа қолыңыз жетпесе, жуғыш машинаңызда қосымша шаюдың тәртібін орнатыңыз. Қосымша шаю сүлгі бойындағы жуғыш микробөлшектерден толықтай арылтады.

+  Түкті бұйымдарды суды қатты үнемдеу режимінде және қатты айналымда жууға болмайды (жіптері кір жуатын машинаның қабырғаларына іліп қалады).

+ Тұз сүлгілерді мамық, үлпілдек етеді. Қадай десеңіз: оларды жарты сағат тұзды суға салып қойыңыз, қатайып қалған өте ескілерін тұзды сумен жуып, тұзды сумен шайыңыз.

+ Мамық пен түктерді кір жуғыш машинада уататын арнайы дөңгелектерді дүкеннен іздеп көріңіз. Бұл қауырсындар мен түктерді ширатудың (химиялық заттар араластырмай) табиғи жолы.

 
Енгізу көзі: https://pxhere.com

+ Шаюға арналған қарапайым құралдарды сирек қолданғаныңыз жөн. Олар сүлгілерді қатайтып жібереді.

+ Түрлі-түсті сүлгілерді бір уақытта жуыңыз, сонда олардың түсі бірдей өңін жоғалтады.

+ Сапалы өнім, әдеттегінше, қымбат тұрады. Бірақ, ақшаңызды аямай, сапалы өнім алсаңыз, өкінбейсіз. Фирмалық сүлгілер жуып-шаюға төзімді, әрі ұзақ уақыт бастапқы қалпында сақталады.

+ Үтік – түкті киімдердің басты қасы. Қымбат заттарда осыны ескертетін жазбалар болады. Өте керек болса, булы щеткаларды пайдаланып көріңіз.

+ Сулы, пайдаланылған сүлгілерді кір жинайтын ыдысқа тастауға болмайды, олар жағымсыз иіс шығарып, көгеріп кетеді. Оларды бірден жуып, таза ауаға кептіріп қою керек.

+ Есте сақтаңыз түкті маталарды қайнатуға болмайды!
Сіздің түкті матаны сақтау бойынша рецептеріңіз болса, бөлісе жүріңіздер!
 

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: