Негізгі бет Жасыл қазына

Раушан тұрсын ұзағырақ

Сыйладың аттанарда раушан гүлін,
Қалай айтып әсерін тауысам бұның.
Қараған сайын тағы толғандырып,
Жаныңның еске салар жайсаңдығын.
Марфуға Айтқожина

 

Енгізу көзі: https://pxhere.com/ru

Раушан гүлі көздің жауын алатын әдемі өсімдік. Сондықтан да көп жағдайда жігіттер сүйіктісіне раушан гүлін сыйлайды. Раушандай әдемі гүлді қалай сақтауға болады?

Қолыңызда бір бума раушанмен серуендеп келген соң оның сабағы кеіңп қалатыны анық. Сондықтан да оны суға салмас бұрын, сабағын 3-5 сантиметр шамасында қиып алған жөн. 

Гүлсауытқа раушанды салмас бұрын гүлдің сыртындағы орамасын алып тастаңыз, гүл ауа жұтсын. 

Су толтырылған гүлсауытқа бір түйір қант немесе бір түйір аспирин салып барып, суды толтырыңыз.

Қыс мезгілінде сыйланған гүлді 35-40 градустағы жылы суға салып қойыңыз. Керісінше, жазда не көктемде сыйлаған гүл, күн көзі түсетін жерде, салқын суда жақсы сақталады.

Гүлсауытыңыздың биік болғаны жақсы себебі, гүлдің сабағының жартысынан көбі суда тұру керек. 
 


Енгізу көзі: https://weheartit.com

Суды жиірек ауыстырып тұрыңыз.

Тікендерінің суға батып тұратындарын абайлап алуға тырысыңыз. Сонымен қатар, суға бататын жапырақтарды да алып тастау қажет.

Күн ұйқыға кеткенде, гүл салынған гүлсауытты дымқыл жерге ауыстырып қойыңыз.

Әр күн сайын аз-аздан раушанның сабағын қиып отырыңыз.

Раушан басқа гүлдермен бір гүлсауытта тұрғанын ұнатпайды. 

Піскен жемістер этилен газын бөліп шығаратын болғандықтан, раушанға айтарлықтай кері әсер тигізуі мүмкін. Сондықтан раушанға көршілес қылып жемістерді қоймаңыз.

Арнайы гүл дүкендерінде гүлдің ұзақ уақыт солмауына арналған арнайы ұнтақтар сатылады, соларды сатып алып пайдалануға болады, қолданылуы сыртқы қаптамасында жазылып тұрады.
Гүлден де әдемі оқырмандарым, сізге айтарым, гүлді күту өте жақсы әдет бірақ, гүлді күтіп жүріп, өзіңізді ұмытпаңыз. Іске сәт!
 

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: