Негізгі бет Жасыл қазына

ҚОШ БОЛ кекірік!

 
Енгізу көзі: https://pxhere.com/ru/photos

Қыздар алғашқы кездесуде кекіре берген жігітті жақтырмай қалады деседі, ал жігіттер ше? Әрине жігіттер қыздың әдемілігіне ғана назар аударып қоймай, оның гигиеналық тұрғыдан тазалығын міндетті түрде бақылайды.
Ауыз қуысынан асқазандағы газдың шығуы яғни, кекірік, өкінішке орай, адамның жынысына қарамастан барлығын мазалайды. Еріксіз: «Кекіріктен қалай құтылуға болады?» - деген сұрақ туындайды.
Біріншіден кекіріктің алдын алып көру керек. Ол үшін:
+ Газдалған сусындардан бас тартқан жөн;
+ Тамақты асықпай, дұрыстап шайнап жеу керек;
+ Тамақ ішу кезінде көп сөйлемей, тамақпен қоса ауа жұтпай ішу қажет;
+ Маңызды кездесу кезіндегі тамақтану кезінде орамжапырақ, ыстық нан, үрмебұршақ, жүгері сияқты тағамдардан жасалған тамақтардан бас тартқан жөн. Себебі жоғарыда аталған тағамдар іштегі желдардің ауыз қуысынан шыққанын тездетеді. 
 


Енгізу көзі: https://pxhere.com/ru/photos

Кекіріктен құтылу үшін:
• 1 стақан суға 2 шәй қасық алма сірке суын араластырып, тамақтанғанда бір жұтымнан асықпай ішесіз. 7-10 күннің ішінде нәтижесін көресіз.

• 100 гр мүкжидек (клюква) шырынына 100 гр алоэ шырыны, 1 шай қасық бал қосып, 200 мл қайнаған суға араластырасыз. Мұны 1 апта бойы күніне 3 рет 1 қасықтан ішіп отырасыз. Емді 1 айдан соң қайталауға болады. 
Ескерту: алоэ шырынымен сақ болу қажет, себебі оның күйдіргіш қасиеті бар.

• Ешкі сүтін күніне 3 рет жарты литрден ішіп отыру қажет. 3 айдан соң кекіріктен мүлдем құтыласыз. Кейде бұл мезгілден де ерте шипасы болуы мүмкін. Бұл ем түрі ең үлкен деген кекіріктің өзін жазады және қайталанбайды.

• Егер кекірік асқазан дертінен пайда болатын болса, тамақтан соң суға сода немесе магнезиядан шай қасықтың ¼ бөлігін қосып ішеді.
Кекірудің басты себебі асқазан мен өңеш ортасын бөліп тұратын бұлшықет механизмінің бұзылысынан пайда болады. Егер де сізді үнемі кекірік мазаласа, онда міндетті түрде дәрігерге көріну қажет. Жиі қайталанатын болса, асқазан немесе аш ішек жолдарында ақау бар екендігін білдіреді. 
Мысалы:
• Ауызда қышқыл дәм пайда болса, онда қышқылдығы жоғары гастрит немесе асқазан жарасы ауруларынан;
• Ауыз қуысынан жеген тағамдар немесе ащы сарғыш су шықса, өт жолдарының дертінен;
• Кекіргенде ауыз қуысынан ащы қақырық шығатын болса, онда асқазандағы қатерлі дерттен хабар береді.
 

Аватара Moderator
ModeratorАвтор

Опубликовано 02.08.2020

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: