Негізгі бет Жасыл қазына

Масадан қорған


 Енгізу көзі: https://www.pxhere.com

Маса атты қанішердің қаншалықты қауіпті екені сізге мәлім бе?!

Жаңа шағылған адамның терісі қышиды, содан-соң бөртпеге шалдығады, кейін ол тері ауруларына ұласып, жұқпалы аурудың себебіне айналуы мүмкін. Содан да болар, маса деген пәленің шабуылына дайын болған жақсы. 

ИІС. Маса тірі жан болған соң, оның да шыдай алматын жағымсыз иістері болады. Базилик өсімдігі, қалампыр гүлі, темекі, шүйгіншөп – масаның иіс талдау мүшесінің күшті қастары. Терезеңіздің алдына қалампыр немесе райхан (базилик) жапырақтарын қойып көріңіз, иісі кетпегенше, маса кіре алмайды. Маса шағып алмас үшін денеңізге шамалы шүйгіншөп сұйықтығын жағып алыңыз.

ТҮС. Ашық реңкті түстерді маса жақтырмайды. Сары түс тіпті ұнамайды. Жайлауға шығып, таза ауада кәуап жасап ләззат алуды көздесеңіз, үстіңізге сары киім киіп алыңыз. Сонда сізді маса шақпай, табиғаттағы демалысыңыз керемет өтеді. Ескерту: маса күлгін, көк, қара түстерді сүйеді.

ТЕРІ. Маса неліктен кішкентай балаларды шағуды жақсы көреді? Қаны таза, терісі жұмсақ балалардың қаны маса үшін өте тәтті. 

АДАМ ЕРЕКШЕЛІГІ. Жасы мен жынысына қарамастан масалар көбінесе аққұба келген адамдарды шағуды ұнатады. Сонымен қатар, бұл қанішер ер азаматтарға қарағанда нәзік жандыларды көбірек, әсіресе, қаны жаңарланған аяғы ауыр келіншектер мен жас босанған әйелдерге жиі шабуыл жасайды.
Қызық жай: ағылшын биолог-ғалымдары маса сабырсыз, әрі еті тірі адамдарды көбірек шағып алатынын дәлелдеп берген. Өйткені, қимылдап тынбайтын, тағат таппайтын адамдардың қан айналымы жақсы, керісінше, жүзі суық, тұйық жандар масаның көңілін таппайды. Бауыр, бүйрек, жүрек ауруларымен ауыратын адамдар – масаның олжасы. Өйткені, маса адам организміндегі зиянды холестериннің бар-жоғын сезеді. 

 
Енгізу көзі: https://www.pxhere.com

Ескерту!
Маса шақса, айран не сүтпен шаққан орынды ысқылап қойыңыз;
Денедегі шаққан орындарды қасып, тырнауға болмайды;
Қасып тастасаңыз, тырнап алсаңыз ас содасы қосылған сумен шайып жіберіңіз;
Шағылған орынға йод немесе шүйгіншөп сұйықтығын жағып қойыңыз;
Табиғат аясында жүргенде, шаққан орынға жалбыз, түймедақ, бақбақ жапырақтарын басып қойыңыз.
Үйде өсетін өсімдіктерінің ішінде алоэ, герань жапырақтарын басуға болады.
Сәбиді шақпас үшін бесігінің немесе төсегінің жанына сарымсақ немесе лимон қойып қойыңыз. Алайда шағып алса, балаға жылы сүт немесе қайнаған су беріп, шаққан орындарды тұзды сумен немесе ас сода қосылған сумен шайып жіберіңіз.
Маса шаққаннан соң, өзіңізді жайсыз сезініп, денеңіз бөртіп кетсе, міндетті түрде дереу дәрігерге хабарласыңыз!
 

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: