Негізгі бет Жасыл қазына

Құлағыңызға алтын сырға

 
Енгізу көзі: https://pixabay.com

Тойға немесе қонаққа алдын-ала балғын жеміс сатып алдыңыз да, оны тоңазытқышқа қойып қойдыңыз. Бірақ, оны біраз уақытқа сақтап қою қажет пе? Олай болса, жеміс салынған жəшік түбіне кез-келген қағазды жайып, оны күн сайын ауыстырып тұрыңыз. Сонда жемісіңіз жақсы сақталады, үйдегі шұбырып жүгіріп жүрген балалар біліп, жеп қоймаса болды)))

Пияз мақталы киімге тиген дақты кетіруге көмектеседі. Пияз шырынын дақ қалған жерге жағып қою керек. 24 сағат өткен соң киіміңізді кәдімгідей кір жуу машинасына салып немесе қолмен жуыңыз, дақ кетеді.

Келіншектердің ыдыс жуатын сұйықтықтың көбінесе, лимон қосылғанын таңдауы кездейсоқтық емес. Ал, сіз табиғи лимон қабығын алып, ыдыс жуатын суыңызға салып қойып көріңізші, ыдысыңыз жылтырап, жаңа болып көрінеді.

Жазда ыстықтан безіп, терезені ашып қоямыз. Даладан таза (кейде онша таза емес) ауадан басқа, шаң-тозаң көп кіреді де, оның барлығы пердеңізге жабысады. Егер пердеңізге антистатик сеуіп қойсаңыз, шаң-тозаң пердеңізге азырақ жұғатынын байқайсыз.

Аяқ киіміңіздің өкшесі тықылдай ма? Көмекке майсана майы келеді! (Мистер Пропердің жарнамасындағы өлең естілгендей))) Өкшеге сол майды жағып, бір түнге қалдырыңыз. Келесі күні сабын суға жуылған дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз да, биік өкшеңізбен биік шыңдарды бағындыруға шығыңыз.

 
Енгізу көзі: https://commons.wikimedia.org

Алтын əшекейіңізді ыдыс жуатын сұйықтыққа 15 минутқа салып қою керек, 15 минут өткен соң жұмсақ шүберекпен сүрту керек, одан әшекейіңізді тағып, құрбыларыңызбен кездесу керек.

Жаңа джинси сатып алып, оның өңі кетпесін деп, кимей сандыққа салып қойдыңыз ба? Қойыңыз, оданша оны тұзды суға салып қойыңыз.

Сағынғанда ақ маржан... деп өлең айтып кетсем... Шіркін! Езілмеген ақ күрішті пісіргіңіз келе ме? Онда күріш қайнатып жатқан суға, 1 ас қасық сірке суын құйыңыз. Ас болсын!

 
Енгізу көзі: https://pixabay.com

Ашылған қызанақ пастасының қақпағы үнемі саңырауқұлақ жабылып, бұзылып кетеді. Ондай әділетсіздікке тап болмас үшін, қақпағына құрғақ қышаны салу керек. Тамағыңыз дәмді болсын! 

3 - 3,5 сағат бойы отырасыз... оны күтіп...ҚЫЗЫЛШАның піскенін күтіп! Уһһһһ... Оны тез қайнату үшін 1 сағат қайнатып, сосын оттан алып, 10 минутқа салқын ағын суға ұстаңыз. О, ғажап, қызылшамыз жеуге дайын.

Кофені қатты қайнатсаңыз, дәмі жəне хош иісі түгелі, кофе деген аты құрып қалады. Қатты қайнатып қойсаңыз, тез арада кофе қайнатқышты оттан алыңыз да, үстіне байқап бірнеше тамшы суық су құйыңыз.

Аватара Satty_Raushan
Satty_RaushanАвтор

Опубликовано 13.09.2020

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: