Негізгі бет Жасыл қазына

Химикатты пайдаланбай терезені тазарту

 
Енгізу көзі: https://pxhere.com/ru/photo

Прогресс тоқтап тұрған жоқ, және біздің өмірімізде әжелеріміз, тіпті аналарымыз жас кезінде естімеген көптеген «керемет әдістер» бар.  Бұл тұрмыстық химия, косметика және дәрі-дәрмектерге де қатысты.
Осы жаңалықтарға қарамастан, көптеген адамдар табиғи ингредиенттерге негізделген, уақытпен дәлелденген халықтық әдістерді қолданады.  Егер дүкенде сіз кез-келген талғамға сай химикатты таңдай алсаңыз, онда не үшін?  Бәрі өте қарапайым – адам ешқашан табиғат-анамен даналылығымен жарыса алмайды, және барлық химиялық заттар аз немесе көп шамада біздің денсаулығымызға қауіп төндіреді.  Олардың зияндылығын жете бағаламау мүмкін емес: хлор, фосфаттар, беттік-белсенді заттар және басқа да тазалағыш заттар мен жуғыш заттар тазартылатын беттерге түсіп, құрғатылған кезде денемізге енеді. Бұл «химия» жинақталып, иммундық жүйені бұзып қана қоймайды, сонымен қатар, аллергия тудырады, өкпеге, бауырға, бүйрекке, миға әсер етеді, тіпті қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін. Үйдегі химиялық заттар, әсіресе, балаларға  теріс әсер етеді, сондықтан, химиялық заттарсыз тазарту мәселесі аналар үшін өте маңызды. Назарларыңызға терезелерді экологиялық құралдармен тазартудың жолдарын ұсынамыз.

1. Тұзды су терезелер мен шыны бетін жылтыр етеді.

2. Терезе бетіндегі мұзды кетіру үшін де тұзды суды пайдалануға болады. Ол үшін жарты литр суға тұз салып, оған шүберекті малып, сүртеміз, содан-соң, басқа кепкен шүберекпен сүртеміз. Терезені тұзды сумен жусаңыз, ол мұздан тазарып қана қоймай, кейін ұзақ уақыт мұздамайды. 

3. Егер терезе жақтауын бояуға бел бусаңыз, бояудың алдында терезе бетін сіркесумен сүртіп алуды ұмытпаңыз! Ондай іс-әрекет жақтауға бояудың жұғуын болдыртпайды.

 
Енгізу көзі: https://www.publicdomainpictures.net/ru

4. Сабынды сумен терезені жуып шығыңыз. Бірақ, одан кейін тіс тазартатын ұнтақ пен мүсәтір спиртінің ерітіндісін терезеге жағуды ұмытпаңыз, әйтпесе, дақтар қалып қояды. Құрғаған шыны бетін газет қағазымен сүртуге болады.

5. Терезе тез ластанбау үшін, жуған соң 50 гр су, 100 гр глицерин мен бірнеше тамшы мүсәтір спиртінің қоспасымен сүртіп шығыңыз.

6. Терезе бетіндегі қатып қалған майды қалай кетіруге болады? Мүсәтір спирті араласқан сумен жуып, кетіруге болады =)

7. Гүл салатын құмырадағы ақ тұнбаны кетіру үшін оған ыстық (қайнап тұрған емес, шыны сынып кетпесін) су құйып, 1 шай қасық сірке су эссенциясын қосып жуыңыз, 1-2 минуттан соң таза, жылы сумен шайыңыз.


 

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: