Негізгі бет Жасыл қазына

Халық рецептері. Шаршағандық


Енгізу көзі: www.pikist.com

Қазіргі қоғам ауруы – созылмалы шаршағандық – өте жағымсыз құбылыс. Оған тән белгілер – әлсіздік, ұзақ уақыт бойына терең шаршау, апатия. Көбінесе бұл ауруға нәзік жандылар сезімтал, себебі, әйелдер шамадан тыс жауапкершілік пен эмоционалдылықты көрсетеді.

Энергетикалық күштерді, өмірге қуанышты қайтару үшін көптеген адамдар энергетикалық сусындар ішіп, жағдайды нашарлатады. Бұл шешім емес, мұндай әрекеттер адам денсаулығына зиян тигізеді.

Қазіргі дәстүрлі медицинада созылмалы шаршаумен күресудің көптеген әдістері мен құралдары бар. Халықтық емдеу де өте тиімді және пайдалы болуы мүмкін, сонымен қатар, олардың бірқатар жанама әсерлері мен қарсы көрсетілімдері жоқ.

Сонымен, созылмалы шаршағандыққа қарсы бірнеше балама терапияны қарастырайық.


Енгізу көзі: www.pikist.com

Сүт қосылған түймедақ сусыны.  

Дайындау әдісі: сүтке (200 мл) жарты ас қасық құрғақ түймедақ қосып, қоспаны алғашқы көпіршіктерге дейін қайнатыңыз. Ақырын отта 30 минут қайнатыңыз. Жарты қасық бал қосыңыз. Сусынды ұйықтар алдында ішу керек.

Бал-жаңғақ-лимон қоспасы.  

Грек жаңғағын қабығынан тазартып, таза күйінде шамамен 1 стақан болатындай етіп, ұнтақтаңыз. Лимонды ет тартқышта айналдырыңыз. Ингредиенттерді араластырып, бір стақан бал қосыңыз. Бұл қоспаны тамақ кезінде екі шай қасық жеу керек.

Қылқан жапырақты дәрілік сусын.  

Дайындау әдісі: екі қарағай инесінің ұнтақтап, үсіне қайнаған ыстық су құйыңыз (250 мл). Алынған қоспаны көпіршіктер пайда болғанша отта ұстаңыз. Қайнатпаны отты ақырындатып, жарты сағат қайнатыңыз, бал қосыңыз. Емдік сусын тамақтанар алдында ішіледі.

 
Енгізу көзі: pxhere.com

Сұлыдан дайындалған кисель тәрізді сусын.  

Дайындау әдісі: эмаль ыдысқа бір стақан сұлы салып, үстіне 900 мл су құйыңыз. Сұйықтық желе тәрізді массаға айналғанға дейін отта қалдырыңыз. Сусынды сүзіп, салқындатыңыз. Содан-соң бал қосыңыз. Кисельді тамақтану кезде ішкен дұрыс.

Деніңіз сау болсын!
 

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: