Негізгі бет Жасыл қазына

Денсаулық зооор байлық


Енгізу көзі: https://pixabay.com

Кез-келген адамның негізгі бақыты – денсаулық. Ауырып дәрігерлердің артынан жүгіргенше, өзіңді күтіп, ағзаңды ауруға төтеп беруге дайындаған жөн. Қадірлі оқырман, біз бүгін денсаулыққа пайдалы әрекеттерді қарастырамыз, кейбірін сен білесің, кейбірі сен үшін жаңалық болып жатар. Қалай болғанда да білгенге маржан!

 
Енгізу көзі: https://www.publicdomainpictures.net/ru 

1) Жеткілікті мөлшерде су ішуге тырысу керек. Жеткілікті деген қанша? Оны мына оңай формула арқылы анықтауға болады: дене массасы×0,030=саған жеткілікті су мөлшері (л).
2) Күнде кешкісін айран ішіп (1% асқазанға өте пайдалы), күніне 1 ас қасық бал жеу керек (балға аллергияңыз болмаса).
3) Көкөніс пен жеміс-жидектерді кез-келген уақытта жеп тынығуың дұрыс емес. Әр нәрсенің өз уақыты бар демекші. Әрбір жеміс пен көкөністің жейтін мезгілі бар. 
4) Күнде бір алма (темірдің қайнар көзі) және бір сәбіз (пайдалы каротиноидтар) жеу керек.
5) Тұз бен қант мөлшерін азайтқан жөн.
6) Жалбыз (жүрекке пайдалы), жебіршөп (тұмаудан), зығыр дәндері, содана (ауыруды қойдырта алады) сияқты өсімдіктерді ас мәзіріне енгізген жөн.
7) Күніне аз-аздан 5 рет тамақ ішкен жөн. Ондайға мүмкіндік болмаса, таңғы ас мол, түскі ас азырақ, ал кешкі ас одан да аз болу керек.
8) Ыстық тағамдар үшін сазды немесе шын ыдыс қолданған жақсы.
9) Қыс мезгілінде С дәруменінің қайнар көзі – цитрусты жемістерді жеу керек.
10) Жұмысы ақыл-оймен, зейінмен байланысты болған адамдардың мейіз жегені жақсы.
11) Ашытқысыз арпа нанын жеген жөн.
12) Зәйтүн майы – сұйық майлардың патшайымы.
 


Енгізу көзі: https://pixabay.com

13) Маргарин денсаулыққа зиян (холестеринді көтеретін нағыз өзі).
14) Күн сайын таңертең 20 минут терең тыныс алу керек, әр ретте 4-5 секунд демді ұстау керек. Негізі жаттығу жасасаңыз тіпті жақсы.
15) Күніне кем дегенде жарты сағат жаяу жүру денеге пайдалы.
16) Мүмкін болса, топырақта жалаң аяқ жүрген жақсы.
17) Қарын ашпай тұрып тамақ жемеу керек. «Тойдым деме, қанағат» демекші, қарынды қапийтып тойып ішу дұрыс емес.
18) Тым мұздай және өте ыстық тағамдарды ішуден сақ бол.
19) Ерлі-зайыптылар бір-бірін ренжітпеуге тырысу керек. Ренжитін болса жүйкесі бұзылады, аурулар басталады.

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: