Негізгі бет Жасыл қазына

Бас ауруын қойдыратын әдістер

 
Енгізу көзі: https://pixabay.com

Біздің басымыз ауырғанда, сүйікті іспен айналысудың өзі қиынға соғады.  Бірақ, егер қажетті дәрілер қол асынан табылмаса, не істеуге болады?  Бұл жағдайда бас ауруынан не көмектесесді?
Бас ауруының себептері әр түрлі: қажетті қоректік заттардың жетіспеушілігінен бастап, ұйқының болмауынан, улы газбен уланудан, қан айналымының нашарлығы және ауыр сырқаттанудың басталуына дейін.  Оны жою үшін адамдар ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдайды.  Алайда, ол болмаған кезде қатты бас ауруын басқа жолмен жеңілдетуге болады.
Таблеткасыз бас ауруынан құтылу үшін:
+ Нүктелік массаж
+ Жалпы бас массажы
+ Ароматерапия
+ Душ немесе ванна қабылдау
+ Таза су ішу
+ Таза ауаға шығу
+ Лимон, зімбір немесе жалбыз жеу
+ Даршын шайын ішу сияқты процедуралар көмектесуі мүмкін.
 


Енгізу көзі: https://pxhere.com

Тағы бір амал ретінде, ми тамырларын тазартуды айтуға болады. Остеохондроз, бас ауруы, атеросклерозды емдеп, көңіл-күйді көтеретін ми тамырларын тазарту болып табылады. Ми тамырларын тазартатын әдістер:

Пайдалы тағамдар

Таңғы асқа жарты сағат қалғанда 1 мандарин, 1 уыс мейіз бен грек жаңғағын жеңіз. 15-20 минуттан кейін 1 шай қасық бал мен лимон тілімі қосылған су ішіңіз. 15 минуттан кейін таңғы ас ішуге болады. Әрине, бұл кеңесті орындау үшін ертерек тұру қажет.

Бал мен грек жаңғағы

5 грек жаңғағын 1 ас қасық табиғи балмен араластырыңыз. Оған бір шымшым даршын мен жанжабіл қосып, араластырыңыз. Жасалған қоспаны бір тәулікке тоңазытқышқа салып қойыңыз. Тамақтанудан жарты сағат бұрын күніне 3 рет бір ас қасықтан жеу керек.

Пияз шырыны мен бал

Стақанның 1/3 бөлігі болатындай пияз шырынын сығып, 1 стақан табиғи балмен араластырыңыз. Тамақтанудан жарты сағат бұрын күніне 3 рет бір шай қасықтан ішке қабылдаңыз. Бұл қоспа ми тамырларын тазартып қана қроймай, иммунитетті де нығайтады.

Табиғи шырын

Күнде тамақтануға жарты сағат қалғанда жарты стақан анар (келесі күні алма, содан соң сәбіз шырынын) шырынын ішіңіз, иммунитетке де жақсы болады.

Иттікен тұнбасы

10 грамм иттікеннің құрғақ тамырларына қайнаған су құйыңыз. Бұл қоспаны термоста сақтаңыз. 8-10 сағаттан кейін тұнбаны сүзіп, салқын жерге қойып қоясыз. Таңғы астан жарты сағат бұрын 4 ас қасықтан бір ай үзбей ішіп тұрыңыз.
 


Енгізу көзі: https://pxhere.com

Дәрігерге қашан көру керек?
Бас ауруының пайда болуына немқұрайлықпен қарамаңыз.
Сіз маманға хабарласыңыз, егер:
! аптасына бір реттен жиі бас ауруы;
! сіз таблетканы аптасына бір реттен жиі қабылдайсыз;
! бас ауруын жеңілдету үшін дәрі-дәрмектің дозасын көбейту керек болғанда;
! ауырсыну күшейсе немесе оның табиғаты, орны өзгерсе;
! ауырсыну қызба, бұлыңғыр сана, жалпы әлсіздік, сөйлеу қабілетінің бұзылуы немесе басқа факторлармен бірге жүрсе.
Ардақты оқырман, денсаулығыңыз мықты болсын!

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: