Негізгі бет Жасыл қазына

Ашуды қалай жеңуге болады

 
Енгізу көзі: https://www.pexels.com

Көптеген адамдар дер кезінде ашуын баса алмағандықтан, жақын адамдарын ренжітіп алады. Қоғаммен қарым-қатынаста ашушаңдық жақсы қасиет болып табылмайды. Сол себепті оны билеуді үйрену керек.

Кетіп қалу. Егер біреу сіздің ызаңызды келтірсе, ашу бойыңызға тарамай тұрып, шығып кетіңіз, бірақ, есікті тарсылдатпауға тырысыңыз. Эмоциядан жоғары болу кез-келгеннің қолынан келеді, сол себепті «ашуға беріліп айттым» деген сөз бос сылтау болып табылады. Жүйкеңізді тоздыратын адамнан алыс кетіңіз, ауыр сөздер айтып, кейін өкінбеу үшін.

 
Енгізу көзі: https://pxhere.com

Жан-жаққа қарау. Орын алған жағдайға басқа жағынан қарап көріңіз. Неге сіздің әрекетіңізді ашу немесе ыза билейді? Есте сақтаңыз! Негізінде, адам эмоцияға бағынбай, керісінше, адам эмоциясын бағындыра білу керек. 

Іштен санау.  Айқай салмастан бұрын ішіңізден онға дейін санап алыңыз. Бұл уақыт адамның өзін қолына алып, сабаға түсу үшін жеткілікті болып саналады.

Лезде жасалатын психологиялық талдау. Ызаңыз ішіңізге сыймай бара жатса, терең дем алып көріңіз. Содан соң «менің ашулану себебім неде?» деп өзіңізден сұраңыз. Қандай жағдай болмасын, бәрі орнына келіп, ұмытылатынын есте сақтаңыз. Сізді ашуландырғысы келген адамға бағынуыңыз келе ме? Әлде, өзгелерді риза ету үшін ашуға салынғыңыз келе ме? Дұшпаныңызды қуантудың орнына, сабаға түсуді ұғынып алыңыз.

 
Енгізу көзі: https://pixabay.com

Ерегесу. Өш алу.  Ызаға әкелген жағдай сізді ашуландырып, көп күн бойы ойыңыздан кетпесе, адамдардың мазасын алмаңыз, ерегеспеңіз, өш алу дегенді мүлдем ойыңыздан шығарыңыз. Оның орнына велосипедпен серуенге шығыңыз. Немесе жүгіріп, билеп алыңыз, секіргішпен секіріңіз. Белсенді спортпен шұғылданатын болсаңыз, ашу тарап, бойыңыз босайды, оның үстіне денеңіз бір шынығып алады.

«Бәрі өтеді, және бұл да кетеді» - деген Соломон патшаның сөзін есте сақтаңыз!
 

Аватара Moderator
ModeratorАвтор

Опубликовано 26.08.2020

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: