Негізгі бет Жасыл қазына

Аяқ терлеуден не істейміз?

 
Енгізу көзі: https://www.piqsels.com

Аяқ терлеу – табиғи процесс. Ол барлығында терлейді, терлемесе, ағзадағы зат алмасу процесі дұрыс жүріп жатқан жоқ деген сөз. Бірақ, аяқ терлеп қана қоймай, ол терден жаман иіс шықса ше? Бұл кәдімгідей ыңғайсыздық тудырады. Жаман иісті аяқ иесін қатты уайымдатады. Ондай адам аяқ киімін шешуден ұялады, үнемі өзімен бірге қосымша нәски тасып жүруге мәжбүр болады және үнемі суға түсуге асығып тұрады. Сіз болжағандай, бұл мақалада ғарышқа ұшу мәселесі емес, қарапайым адамның аяғының мәселесі қарастырылады.

 
Енгізу көзі: https://www.piqsels.com

СЕБЕПТЕРІ

Аяқтан шығатын жағымсыз иістің негізгі себебі – біршама терлеу. Аяқта мыңнан астам тер бездері бар, олардан күніне 200 мл-ге дейін тер шығарылады. Активті адамдардың (мысалы: спортшы, супермодель) үнемі спортпен айналысып немесе жұмыс бабымен жүгіріп, аяққа көп күш түсіргендіктен, аяқтары тіпті қатты терлейді. Жалпы, бөлінетін тердің иісі жоқ өйткені, тердің құрамында тек су мен тұз ғана бар. Сасық иістің көзі – бактериялар. Адамның денесі тәулігіне 24 сағат терлейді. Себебі, ол әрдайым жабық аяқ киім, нәски киеді. Ал, ол жабық аймық өз алдына бактериялардың таралуына қолайлы орта болып саналады.
Сонымен, жағымсыз иістің шығуына келесідей факторлар әсер етеді:

  1.      ауаны нашар өткізетін аяқ киім;
  2.      теріауыстырғыштан жасалған жабық аяқ киім;
  3.      синтетикалық шұлықтар мен колготкилер;
  4.      тер бөлуін көбейтетін белсенді өмір салты;
  5.      қосымша тер бөлінуін тудыратын стресс, қорқыныш, жүйке жүйелерінің аурулары; 
  6.      жиі суға түсу мүмкіндігінің, шұлықты ауыстырудың, аяқ киімді ауыстырып тұру мүмкіндігінің болмауы.

ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Аяқ киімді желдету, жуу және кептіру шараларын қарастыру қажет. Аяқ киімдегі жағымсыз иістен арылу құралдарының бірнеше түрлері бар. Әрине, егер сіз арнайы аяқ-киім дүкеніне барып, аяқ-киімді күтуге арналған химиялық заттарды сұрасаңыз, сатушы кеңесші бір мезетте сізге күшті спрей таңдауға көмектеседі. Бірақ... олардың кейбіреуі сізге жақпай, аллергия тудыруы мүмкін. Сондықтан, бірінші халықтық әдістерді қолданып көрейік.

 

АЛДЫН-АЛУ

1. Шұлық мен колготкиді күнде ауыстырып тұру қажет, оларды бір күннен артық кимеу керек. Олар таза болып көрінсе де, ауыстырып киіп тұрған жақсы, өйткені, аздап шыққан иіс келесі күні күшеюі мүмкін.
2. Табиғи маталардан ғана жасалған шұлықты таңдаңыз. Мүмкіндігіңізше синтетикалық материалдардан жасалған колгитки мен шұлықтан аулақ жүріңіз.
3. Бір аяқ киімді 3 жылдан артық киюге болмайды. 1 маусымға кем дегенде екі аяқ киіміңіз болғаны дұрыс, себебі алмастырып, желдетіп тұрғанға ыңғайлы.
4. Ұлтарақ бірнешеу болуы тиіс – жиі ауыстырып тұруыңызға ыңғайлы. Ауыстырып жүріп, жууды ұмытпаңыз.

КЕҢЕСТЕР
 

P.S. Түнде лаванда майын аяққа жағып қойыңыз, аяғыңызға шұлық киіп алуды ұмытпаңыз. Лаванда майы бактериялардың көбеюіне ғана бөгет болып қоймай, сонымен қатар, жағымды иіс шығарады.
Біз келтірген кеңестер нәтиже бермесе, сізге дәрігерге көріну керек, ол аса тершеңдіктің себептерін анықтап береді және арнайы дәрілерге нұсқау жасап береді.
 

Аватара Moderator
ModeratorАвтор

Опубликовано 01.08.2020

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: