Негізгі бет Мерекелiк Мои файлы
Мои файлы

Наурыз баталары

 
Енгізу көзі: lada.kz

Ескі жылға өкпе жоқ,
Есіркеп бізді барады.
Туындырған іске көңіл жоқ,
Жайланып жаның қалады.
Жаңа жыл келіп жайдарлы,
Жүрекке жылу тарады,
Берерім көп деп еліме,
Күлімдеп бізге қарады.
Ойлаған мақсат,армандар,
Жан дүниені тербейді.
Болашаққа жарқын қараңдар,
Еңбексіз пайда келмейді.
Құлшына басып қадамды
Жігермен алға жылжиық.
Игеріп байтақ байлықты,
Тереңде жатқан тұнғиық,
Осы үшін қолды соғайық
Жаңа жыл құтты болсын деп!

Жаңа жылым - Наурыз келді,
Кең далам кетті құлпырып,
Көк майса шалғын жайқалып,
Маңайды толған жыр қылып.
Жыл басы – жарқын мейрам деп,
Жамағаттар жиналды.
Ұлыстың ұлы күні деп,
Ағайын-туыс, дос-жаран
Шашттық тойын тойлайды.
Ардақтаған Әз-Наурыз,
Нұрыңды төкші жәй ғана,
Мерейі тасып Халқымның,
Жүрегі тапсын жан сая.
Байтақ жерім - далалар,
Асқар таулар, қалалар,
Көк тілемге көрікті,
Оюлап тіккен соралар.
Көптен күткен Наурызды,
Қуанышпенен күлімдеп,
Көгілдір Тудың астында,
Қарсы алайық, Ағайын!

Енгізу көзі: Информбюро

Жыл - Наурызым келді міне,
Көңіл назын ақтардым,
Қарап оның оң-жүзіне,
Кең пейілді Ақжарқын.
Тиілігі бар Ұлағатты,
Елге арнап жинаған,
Сүйсіндіріп жұрағатты,
Болашақты сыйлаған.
Сағынып күткен Жаңа жыл,
Әкелдің айдай жаңа нұр,
Жүректі нәзік тербетіп,
Жаныма құйдың Жаңа жыр.
Лапылдап, Лаулап жанамын,
Асқақтап әнге саламын,
Арманға биік қол созып,
Шыңдарға шығып барамын.
Желбіреген көк байрақпен,
Күттік сені Әз-Наурыз,
Ақ жолыңнан, ақ айғақпен
Бақ-береке таптық біз!

Көктемім көптен аңсаған,
Шуақ шашты шаттана,
Сезімім толқып тамсанам,
Қуаныш билеп мақтана.
Наурызым - Жаңа жылым деп,
Түрленеді ой-санам,
Әрқашан тосып, нұрланып,
Құшақ жаям мен саған.
Апам берген Ақ батасы,
Бабалардың үніндей,
Байтақ жердің жал-жотасы,
Жайқалады күлімдей.
Наурызымда атқан таңы,
Дархан халқым-ұлықтың,
Жиналмайтын дастарханы,
Молшылықтан сыр ұқтым.
 

Аватара Kirau_Samgat
Kirau_SamgatАвтор

Опубликовано 23.03.2021

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.