Негізгі бет Мерекелiк Мои файлы
Мои файлы

Наурызға арналған тақпақ-өлеңдер

 
Енгізу көзі:  РИА Новости
Меруерт Өтекешова Қыз Жібек рөлінде

Жаңа жылым-Наурызым,
Құлпыртты кең Даламды,
Жасыл желек жамылып,
Сезімдер бойға таралды,
Бағына біткен халқымның,
Береке-бірлік нәр алды.

 

Жан-жануар, тіршілік,
Сергітіп бойын жазады,
Кіршіксіз әппақ сезімдер,
Әрленіп ән боп барады,
Наурызым айтамын алғыс -
Тәнті боп саған Дүние,
Шуағын шашып тұрады.

 

Наурыз айы келдіреп,
Дастархандар жайылды,
Жайлаудың жасыл төрінде.
Береке-ырыс берді деп,
Елімнің дархан жеріне,
Кең далама - ғұмырлы
Молшылық мәнін өрді деп.

 

Наурызым - сәнді Мерекем,
Өзіңді күткен елім бар.
Өзендей тасып Берекем,
Құлпырған көркем жерім бар.
Нұрландырған шуағың,
Өзіңмен шыңға шығатын,
Таудай талап, жігер бар,
Осының бәрін қабыл ал!
Тіршілікке  нәр берген,
Жер бетіне сән берген,
Сезімді сергек тән тілеп,
Маңайым мәнді әрленген,
Айналам толған қуаныш -
Көктем тойын тойлаған,
Құлпырып, күнде түрленген.

 

Ұлыстың ізгі Ұлы күні,
Тойланып жатыр мерейлі.
Тынбайды ән-күй күні-түні,
Шаттықты жырлап келеді.
Наурызыма серт айтамын,
Халқымның әлі ел-жұртына,
Көп екен деп берері.

 

Ұлыс күнін Ұлағаттап,
Той-тойлайық жараңдар!
Жасыл кілем жер бетінде,
Өрнектелген қараңдар.
Ақсақалдар төрге шығып,
Бата берсін жұртына.
Жас түлектер алға шығып,
Қабыл алсын құлшына!

 

Жасыл Көктем,
Жаны нәзік жайқалған,
Асыл Көктем,
Арнап келген жайлы арман.
Көктем күліп.
Нұрын шашып
Гүл силаған Наурызым
Менің жаным,
Тасып қаным,
Шаштық құшқан Наурызым
Бізбен бірге бола берші Әрқашан!

 

Ардақтаған, мадақтаған,
Әз-Наурызым келіп нұр,
Құшырлана, мейірлене
Барша әлемге төгіп нұр.
Құрметпен біз бастайық
Тойды-тойға түлеткен,
Күмбірлесін домбыра үні,
Жыр толғансын жүректен.
Жаңа жылым жан тілегім -
Солмасыншы көктем гүлі,
Тіршілік мәңгі жыр еткен!

 

Наурыз - асқақ мереке,
Жанды жырға бөлеген,
Жарқырап тұрған күн екен,
Бойынан шуақ түлеген.
Айналам түгел көгеріп,
Жұпар иісі аңқыған,
Қуанышпен құттықтап,
Наурыз тойын тән қылам.
 

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: