Негізгі бет Керім-жорамал Танымал
Танымал

Жарқыным қай айда туылдың?

«Қыздар, қыздар, сұлу қыздар, Неткен ғажап сұлусыңдар, Дархан көңіл, дәру қыздар!»  – деп кезінде менің сыныбымның ұлдары шырқаған. Дархан көңіл...барлық қыздар дархан көңілді ме? Әлде олардың ішінде басқа көңілді қыздар кездесе ме?! Көңіл... Жалпы қыз мінезі не нәрсеге байланысты? Анасына, әкесіне, даладағы найзағайға немесе туған айына ма? Торығып қалдым ғой! (смущенный смайлик) Қызық болса, соңғы болжамды талдайық!
 


Енгізу көзі: https://www.publicdomainpictures.net/ru

Қаңтар. Қыстың бірінші айында дүниеге келеген нәзік жандылар менменді болып көрінгенімен, оның артында салмақтылығын жасырады. Ішіндегі құпиясын жеті кілттің астында сақтап, сезімін білдірмейді. Дүниеге деген көзқарасы ерекше, қатты сынайды. Көзқарасы бірдей адамдарға ғана жолайтын мұндай қыздар, өмірден керегін алмай жаны тыныштық таппайды. 

Ақпан. Ақпан ақшақарларына сатқындық жасасаңыз – біттіңіз, ешқашанда кешірмейді. Сол себептен қарым-қатынаста сақтық танытып, жанын жаралап алмауға тырысқаныңыз бірден-бір дұрыс шешім. Ойлары аспанда ұшып жүретін ақпан аруларының көңіл-күйі мың рет өзгереді, сезімге берілгіш, бірақ, қапаланбаңыз сізді сүйіп қалса, өмір бойы сізге ғана қарайды. 

 
Енгізу көзі: https://www.piqsels.com

Наурыз. Бір адаммен бүкіл өміріңізді өткізгіңіз келе ме? Өзі жылы, жұмсақ, сүйкімді мысыққа ұқсаған наурызда туылған қыз – сол өмірлік жарыңыз! Олар дарынды, тартымды, адал және ғажайып. Еріген мұздан тамшылаған тамшы секілді, бұл қыздың махаббаты таза. Наурыз аруының кез-келген себеппен жүрегіне сызат қалдырсаңыз, жұмсақ мысық айбатты арыстанға айналып кетуі де мүмкін.
Сәуір. Достары көп, себебі адамдармен оңай тіл табысып алады, ал, егер абайсыздан ұрысып қалса, тез арада сөйлесіп, мәмілеге келе салады. Жігітпен жүрсе, оны сүйетіні соншалық, жүрген жерінде талдан да қызғанады, Сөйтіп жүргенде, сізді шөп салды деп күдіктенсе, өліп-тірілсеңіз де екінші рет сылтау бермеңіз, әйтпесе өлтіреді. Сонда да сәуір сұлулары сізді әлемдегі ең бақытты жан ете алады, сенімінен шыға білсеңіз, әрине.

Мамыр. Өмірлік принциптері мықты, мінезінің тұрақтылығына жігіттер қызғанатын қыздар көктемнің соңында өмір жолын бастайды. Мінезі ауыр, сонда да еркектер үшін өте тартымды. Мамырда туылған қызға ғашық болсаңыз, ешқашан ұмыта алмайсыз. Мұндай қызға үйленсеңіз, тас қабырғаның артындағыдай ғұмыр кешесіз. 

 Енгізу көзі: https://www.pexels.com

Маусым. Көпшіл, қызыққұмар, шығармашылыққа ниеті күшті қыз маусымда туылады. Айтудан бұрын ойлану деген жоқ. Ойындағысы тілінде болғандықтан, кісінің артынан сөйлемей, бетіне айтады. Олармен өте абайлап сөйлеу керек. Жігіттің бұл көріктілердің нәзік қолдарында ойыншыққа айналуы мүмкін.

Шілде. Зерек, ақылды, адал, сұлу әрі болмысы жұмбаққа толы қыздар жаз мезгілінің ортасында дүние есігін ашады. Ниеттің адалдығы олардың жүрегін жібітеді. Ұрыс-керіс естісе қашады. Жадыңызда сақтаңыз! Шілде көркемі өзі адал болғандықтан, басқалардан да, соны талап етеді. Алдадыңыз – мәңгілікке қоштастыңыз. 

Тамыз. Тамыз айы ғажап нәзік жандылардың туылатын мезгілі. Бұл қыздардың бойында өзімшілдік пен мейірімге толы үлкен жүрек тоғысады. Олар – жеңімпаз. Уақыт өткізіп онымен ұрыспаңыз – жеңілесіз. Әзілді ұнатады бірақ, өзіне сөз тигізіп қалжыңдасаңыз, бірнеше есе қайтаратынын естен шығармаңыз. Көпшілік назарында жүргенді ұнатады. Жігіттер ондай қыздарға тез ғашық болады. 

 Енгізу көзі: https://pxhere.com

Қыркүйек. Жүрегінен мәңгіге орын алатын, тек лайықты өмірлік серікті таппағанша жаны тыныштық таппайды. Жігітіне жоғары талаптар қойса да, ұзақ қарым-қатынасқа шыдай алатындай ету үшін дайындайды. Жанын жараладыңыз деп санаса, кегін алады, күмәндаңбаңыз. Негізі өздері мейірімді, тәртіпті және ғажап мінезді келіншектер.

Қазан. Басқа қазанда туылған жанды кездестңрсе, қызғанатын бұл арулар, терең ой мен мықты мінезге ие. Бұл қыздар нәзік жүрегіне қадалар тікеннен қорыққандықтан, кез-келген адамға жанын ашпайды. 

Қараша. Отпен ойнауды жақсы көресіз бе? Қарашада туылған қызға ғашық болыңыз, қызықтан тыным таппайсыз. Өзіңіз туралы пікірді естігіңіз келсе, сол қыздардың ойын сұраңыз, бар шындықты айтып береді бірақ, ренжіп қалмаңыз, қайтсе де рас емес пе?! 
Сонымен, өтірік пен шындықтың ара-жігін біліп, ажырата білетін, өзгелерден бір қадам алда жүретін қараша қыздары сізге сәл тыныстауға мүмкіндік бермейді. 

Желтоқсан. Жолы болғыш деп осыларды айт. Әрқашан сүттен ақ, судан таза болып, судан құрғақ шығудың жөнін білетін бұл қыздардың минусы-шыдамсыздық. Қыстың соңғы айында туған қыздардың жүрегі кең. Жанындағыларға тамаша көңіл-күй сыйлау олар үшін түк емес. Олар өмірде талай сүрініп, талай көз жасына ерік берсе де, соңында қалағанына қол жеткізеді.

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: