Негізгі бет Керім-жорамал Танымал
Танымал

Жұлдыз жорамалдың сенің өміріңе сілтемесі қандай?

 
Енгізу көзі: https://www.pikist.com

Қазіргі ақпарат көздерінің кез-келгенін бақыласаң күнде жұлдыз жорамал беріп отырады. Жұлдыз жорамалдың өтірік-шындығына қарамастан көптеген адамдар ақпарат көзінің дауысын жоғарылатып, өзінің күндегі болжамын тыңдауға тырысады. 
Алуан түрлі жұлдызнамалар адамдардың мінезін туған айларына ұқсатады. Сонда да кейде бір күнде туылған адамдардың мінездері әр түрлі болып келеді. Көптеген қыздар өзіне жарасатын жұп табу үшін жұлдызнамадан көмек сұрайды. Бәлкім, соншама адам оған сенімін артса, біздің де көз қырын салып қойғанымыз жөн шығар? Көрейік.

 
Енгізу көзі: https://pixabay.com

Тоқты – тоқтатады оқты!
Жұлдыз көріктілер: Кети Пэрри, Елена Темникова, Сара-Джессика Паркер.
Мамандығы – саудагер, механикалық сала, заңгер.
Босаң тұсы – басы, мұрны, көзі.
Тасы – қызыл реңкті тастар, яшма, рубин, карнель, анар.
Қажетті мінез көрсеткіштері – қанағат, шыдамдылық.
Қажетсіз мінез көрсеткіштері –  бірбеткейлік, ішкілік.
Шарықтау шыңы – ересек кез.
Жұп болуға лайық – Арыстан, Егіздер, Мерген.
Жұп болуға лайық емес – Тауешкі, Шаян, Балықтар, Сарышаян.
Сезімге ыстық, батылды, тәуекелге жақын, күшті тоқтылар наурыз айының 21 мен 31 аралығындағы жұлдыздарда туылады.
Махабатты қажеттілік қанасанайтын, кеңпейіл, өркөкірек, әрі бастықтан төмен болғысы келмейтіндердің туылған күндері сәуірдің 1-11 аралығына келеді.
Өнерлі, әрі сезімтал, шабытты тұлғалар сәуірдің 12-20 аралығында туған күнін тойлайды.

Торпақ – жамандықтан сақ!
Жұлдыз көріктілер: Пенелопа Крус, Федор Бондарчук, Джордж Клуни.
Мамандығы – аспаз, тоқымашы, диханшы, тілші.
Босаң тұсы– тамақ, желке.
Тасы – малахит, изумруд, амазонит.
Қажетті мінез көрсеткіштері – өмірге құштарлық, жұмсақтық.
Қажетсіз мінез көрсеткіштері – бірбеткейлік, құмарлық.
Шарықтау шыңы – өмірінің ең басы мен соңы.
Жұп болуға лайық – Бикеш, Шаян, Балықтар, Тауешкі.
Жұп болуға лайық емес – Арыстан, Суқұйғыш, Тоқты.
21 сәуір мен 1 мамыр аралығында туылған торпақтар диханшылық пен саудагерлікке жақсы болады, ақылды, бірақ, ақылына сай уайымшыл болады.
Әдебиетке жақын, саясатқа құмар торпақтар 2-11 мамырда туылған. Сонымен қатар, олар батылсыз және қиялы.
Кедейліктен қорқып, ақшаны табудың бүкіл амалдарын қарастыратын торпақтар 12-20 мамыр аралығында туылады. Бәлкім содан болар, бұл торпақтар жалғаз болғанда ұнатады.

Егіздер – жақсыларға еркелер!
 


Енгізу көзі: https://www.wallpaperflare.com

Жұлдыз көріктілер: Димаш Құдайберген, Николь Кидман, Анджелина Джоли.
Мамандығы – кәсіпқой, журналист, әртіс, ғалым.
Босаң тұсы– иық, қол.
Тасы – сапфир, лазурит, ақық.
Қажетті мінез көрсеткіштері  – мақсаттылық, өзін ұстай білу.
Қажетсіз мінез көрсеткіштері – боркемік, жасық болу.
Шарықтау шыңы – 21-28 жаста басталып, 56-63 жаста аяқталады.
Жұп болуға лайық – Таразы, Суқұйғыш, Арыстан, Егіздер.
Жұп болуға лайық емес – Балықтар, Бикеш, Мерген.
Атақ пен ақшаға жетудің амалын  таппаса, дінге бейім болып кетуі мүмкін ақылды, әрі сезімтал жандар 21-31 мамыр аралығында туылады.
Сотқар, мысқылшыл, шыдамсыз бірақ, әдемі жандар 1-10 маусым аралығында дүниеге келеді.
Әңгімені сүйетін, билікке құмар, ашуға тез басатын жандар 11-21 маусым аралығында Happy birthday! деген құттықтауды естиді.

Шаян – түнектен оян!
Жұлдыз көріктілер: Марго Робби, Лив Тайлер, Сильвестр Сталлоне.
Мамандығы – саясаткер, математик, профессор.
Босаң тұсы– өкпе, ішек-қарын.
Тасы – оникс, інжу, аквамарин, турмалин, ай тастары.
Қажетті мінез көрсеткіштері  – сенім мен сезім тепе-теңдігі.
Қажетсіз мінез көрсеткіштері  – мешкейлік, ашушаңдық.
Шарықтау шыңы – 14-70 жас.
Жұп болуға лайық – Торпақ, Сарышаян.
Жұп болуға лайық емес – Таразы, Тауешкі.
Адамдармен тез тіл табысатын және ұнай білетін, мейірімді, сезімтал, өнерге бейім 22 маусым-1шілде аралығында туғандар.
Саудаға қолы жеңіл, мысқылшыл адамдар 2-11 шілде аралығында өмір жолын бастағандар.
Тыным таппас, сезімтал қиялшылдардың күні 12-22 шілде аралығында.

Арыстан – әрдайым толық қазан!
 


Енгізу көзі: https://pixabay.com

Жұлдыз көріктілер: Шарлиз Терон, Коко Шанель, Дженнифер Лопес.
Мамандығы – саясатшы, журналист, әртіс.
Босаң тұсы– жүрек, арқа, қуық.
Тасы –  анар, яшма, турмалин, хризолит, сары топаз.
Қажетті мінез көрсеткіштері – сақтық, әдептілік.
Қажетсіз мінез көрсеткіштері – асығыстық, менмендік.
Шарықтау шыңы – 15-21, 28-35 жастарда ізденіс, 52-59 жас шарықтау.
Жұп болуға лайық – Егіздер, Таразы, Мерген.
Жұп болуға лайық емес – Торпақ, Суқұйғыш.
Күшті, албырт, жалғыздық пен бұйрықты жаны жек көретін арыстандар 23 шілде 3 тамыз аралығында туғандар.
4-12 тамызда туылған күнін тойлайтындар кінәмшіл, есті, жол-жоралғыны біледі, салтанатты жақсы көреді.
Ақылына күші сай керемет жандар 13-23 тамыз аралығында туылады. Үйлесімділіктің патшасы деп осы арыстандарды айтады.

Бикеш – сезімі өшпес!
Жұлдыз көріктілер: Сальма Хайек, Софи Лорен, Камерон Диас.
Мамандығы – инженер, ғалым, дизайнер, философ, заңгер.
Босаң тұсы– ішек-қарын, жүйке.
Тасы – авантюрин, анар, хризолит, яшма, тау хрусталі.
Қажетті мінез көрсеткіштері  – дүниетанымды кеңейту, жанжақтылық.
Қажетсіз мінез көрсеткіштері  – қазымырлық, майдалық.
Шарықтау шыңы – 22-28 жас арасында басталып, 35-49 жас аралығында аяқталады.
Жұп болуға лайық – Арыстан.
Жұп болуға лайық емес – Торпақ, Сарышаян, Таразы, Тоқты.
24 тамыз пен 2 қыркүйек аралығында сезгіш, үндемейтін, жақсы отағасы/отанасы болуға лайық адамдар дүниеге келеді. 
Махаббат сезіміне өте берік, ұялшақ, әрі тұйық бикештер 3-11 қыркүйек жұлдыздарында туылады.
12-23 қыркүйек аралығында туылғандар ерекше тапқыр, еңбекқор, көбінесе кеш үйленетіндер.

Таразы – мәңгілік мейрам болса разы!
Жұлдыз көріктілер: Марион Котийяр, Моника Белуччи, Хью Джекман, Уилл Смит.
Мамандығы – заңгер, саудагер, модельер.
Босаң тұсы – бөтеке, жүйке.
Тасы – аметист, лазурит, ониск, аквамарин, анар.
Қажетті мінез көрсеткіштері  – батылдық.
Қажетсіз мінез көрсеткіштері  – қызғаныш, жігерсіздік, темекі, арақ.
Шарықтау шыңы – 35-56 жас аралығы.
Жұп болуға лайық – Егіздер, Арыстан, Суқұйғыш, Қошқар, Мерген.
Жұп болуға лайық емес – Балықтар.
Нәзік, мейірімді, қиялшыл таразылар 24 қыркүйек-2 қазан аралығында құттықтаулар мен сыйлықтар қабылдайды. 
Ақылды, қарапайым, өркөкіректенбей өмір сүргенді қалайтын таразылар 3-13 қазан аралығында дүниеге келеді. 
Мәз-мейрам болып жүретін, дәмді тамақтануды сүйетін, әдебиетті жақсы көретін адам іздесеңіз, төлқұжатында 14-23 қазан аралығында туылған деп жазылған азаматты іздеңіз.

Сарышаян – табыстан басы айналған!
Жұлдыз көріктілер: Джулия Робертс, Том Эллис, Энн Хэтэуэй, Райан Гослинг.
Мамандығы – теңізші, механик, химик.
Босаң тұсы– қуық, жұлын, тік ішек.
Тасы – александрит, коралл, топаз.
Қажетті мінез көрсеткіштері  – өмірге бейімділік.
Қажетсіз мінез көрсеткіштері  – кінәмшілдік, қызғаныш.
Шарықтау шыңы – 28-42 жас аралығы.
Жұп болуға лайық – Тауешкі, Балықтар, Шаян, Бикеш.
Жұп болуға лайық емес – Суқұйғыш, Тоқты, Арыстан, Мерген.
24 қазан мен 2 қараша аралығында дүниеге келгендер: емдеуге бейім, жасында батылсыз, ересек кезінде қайратты.
Ләззатқа бөлінуді сүйетін, кеңпейілділік пен жігерлікті үйлестіре алатын, көшбасшы сарышаяндар 3 қараша мен 13 қарашаға дейінгі аралықта туылғандар.
14-22 қараша аралығында туылғандар ғашық болғыш, талантты, ләззат құмар болады.

Мерген-жетістікке жеткен!
Жұлдыз көріктілер: Йен Сомерхолдер, Питер Фачинелли, Мила Йовович, Бред Питт.
Мамандығы – дәрігер, инженер, заңгер, молда.
Босаң тұсы– саны, буындары.
Тасы – бирюза, халцедон, турмалин, сапфир, ақық.
Қажетті мінез көрсеткіштері  – әдептілік, табандылық.
Қажетсіз мінез көрсеткіштері  – темекі, желөкпелік.
Шарықтау шыңы – 35-56 жас аралығы.
Жұп болуға лайық – Балықтар, Егіздер, Бикеш, Арыстан.
Жұп болуға лайық емес – Тоқты, Шаян.
Өзіне сенімді, спорт пен аңшылыққа қызығатын, тәуелсіз жіне батыл жандар 23 қараша мен 2 желтоқсанға дейінгі аралықта туылғандар.
Қиялшыл, сапар шегуді жақсы көретін, құбылмалы мінезді мергендер 3-12 желтоқсан аралығында өмір есігін ашады.
13-21 желтоқсан аралығында табанды, киім-кешек пен тамақты, әдемі өмірді сүйетін, тамақты жалғыз ішкенді ұнататын жандар туылады.

Тауешкі – өмір тажалына тепкі!
Жұлдыз көріктілер: Зейн Малик, Джаред Лето, Ирина Шейк, Нина Добрев.
Мамандығы – ғалым, инженер, спортсмен, журналист, саясаткер.
Босаң тұсы– тізе, тері, қаңқа сүйектері.
Тасы – түтінді кварц, анар, рубин, турмалин, родолит, оникс.
Қажетті мінез көрсеткіштері  – өмірге құлшыныс.
Қажетсіз мінез көрсеткіштері  – өзімшілдік, уайымшылдық.
Шарықтау шыңы – 14-21 жаста басталып, 56-да аяқталады.
Жұп болуға лайық – Бикеш, Торпақ, Балықтар, Сарышаян.
Жұп болуға лайық емес – Суқұйғыш, Арыстан.
Есеппен, дүниемен атақ жинап, кейін айырылып қалуы да мүмкін тауешкілер 22 желтоқсан-2 қаңтар аралығында туғандар, олар байсалдығын сақтаса ондай қате жібермеуі анық.
3-13 қаңтар аралығындағы тауешкілер үйкүшік, айналасына сүйкімсіз болып көрінуі мүмкін бірақ, олар өте көркем болып келеді.
14-20 қаңтарда туылғандар іскер, қуаты мол, сезімтал, кейде торығуға бейім болып келеді.

Суқұйғыш – махаббатқа сенгіш!
Жұлдыз көріктілер: Шакира, Элайджа Вуд. Дениз Ричардс.
Мамандығы – кино-телерадио саласы, ағарту.
Босаң тұсы– жүйке, балтыр, қан тамырлары.
Тасы – бирюза, аквамарин, сапфир, оникс, аметист.
Қажетті мінез көрсеткіштері  – мейірімділік, сезімталдық.
Қажетсіз мінез көрсеткіштері  – орынсыз ұрыну, темекі, арақ.
Шарықтау шыңы – 21-28 басталып, 56-63 жаста аяқталады.
Жұп болуға лайық – Егіздер, Таразы, Мерген.
Жұп болуға лайық емес – Сарышаян, Торпақ, Арыстан, Тауешкі.
Ұялшақ, инабатты, махаббатты қадір тұтатын жандар 21 қаңтар-1 ақпан аралығында туылады.
2-12 ақпан аралығында туылғандар әзілқой, нәзік, ақылы мол, атаққұмар болады.
13-20 ақпан аралығында дүниеге келетіндер ұяң, шыншыл, түңілгіш, ұстамды, сезгіш болып келеді.

Балықтар – жақсылыққа апарар!
 

 Енгізу көзі: https://pxhere.com

Жұлдыз көріктілер: Ева Мендес, Дженсен Эклс, Брюс Уиллис, Рейчел Вайз.
Мамандығы – дәрігер, мұғалім, детектив, өнер саласы.
Босаң тұсы– табан, бармақ, жүйке.
Тасы – ай тас, аметист, маржан, інжу, опал, изумруд.
Қажетті мінез көрсеткіштері  – жігері мен дүниетанымын жетілдіру.
Қажетсіз мінез көрсеткіштері  – құмарлықтың құлы болу, ішкілік.
Шарықтау шыңы – 17-де басталып, 35-49 жаста аяқталады.
Жұп болуға лайық – Торпақ, Шаян, Тауешкі, Сарышаян, Бикеш.
Жұп болуға лайық емес – Тоқты, Арыстан.
21 ақпан-1 наурыз аралығында орындалмайтын нәрсені армандайтын, жалғыздықты жақтыратын жандар туылады.
Абырой, атаққа құмар, салтанатты жақсы көретін, адал, кеңпейіл балықтар 2-11 наурыз аралығында туған күнін тойлайды.
12 наурыздан 20 наурызға дейінгі аралықта туылғандар елгезек, көпшіл, қызметке даяр, тынымсыз, көңіл көтергенді қалайды.

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: