Негізгі бет Керім-жорамал Танымал
Танымал

Мысырлық жұлдыз жорамал

Патшайым Клеопатра осы жұлдыз жорамалын қолданған болар...

 
Енгізу көзі: https://www.maxpixel.net

Егер сіз өзіңіздің мықты және әлсіз жақтарыңызды әлі білмесеңіз, ежелгі жұлдыз жорамалдардың біріне жүгініңіз – мысал үшін, мысырлықтікіне.  Сіздің рәмізіңізді туған күн бойынша іздеңіз және жұлдыздардың сирек қателесетінін ұмытпаңыз!

Ніл
1−7 қаңтар, 19−28 маусым, 1−7 қыркүйек, 18−26 қараша.

Жылдың осы даталарында туылғандарды ұзындығы бойынша ең үлкен өзен – Ніл қорғайды, сондай-ақ, Мысыр мифологиясындағы басты саналатын, Нілдің құдайы Хапи қамқорлығына алады.  Оған ғибадат етіліп, тамақ пен бақ-береке беру, үйлер мен отбасыларды қиындықтан сақтау үшін дұға еткен.  Мысырлықтар Нілсіз өмірді елестете алмады, ал қарапайым адамдар белгісі Нілге сәйкес келетін адамдарсыз өмір сүруі екіталай.  Нілдің тұрғындары жігерлі, бастамашыл және мақсатты. Оларда үлкен биоөріс бар, олардың қасында бәрі өздерін қажетті сезінеді және жақсы көретін болады.  Олардың мақсаты – басқа адамдар үшін өмір сүру, шабыттандыру және емдеу.  Сонымен бірге, олар үшін бір жерде отырмай, үнемі дамып, алға ұмтылған жөн.

Амон-Ра
8−21 қаңтар, 1−11 ақпан.

Егер сіздің туған күніңіз осы даталарға сәйкес келсе, сіз күн құдайы Амон Раның қамқорлығындасыз.  Ол Мысыр мифологиясында, Жердегі барлық адамдардың қорғаушысы, құдайлардың ішінде күштілердің бірі болды.  Амон Раның адамдары - олар табиғатынан ақылды, дипломатиялық және сыпайы адамдар.  Адамдардың әрқашан оларға тартылатыны таңқаларлық емес.  Әсіресе, олардан гөрі энергия жағынан әлсіздер.  Бұл құдайдың өкілдері тыңдау және тыныштандыру қасиетіне ие болғандықтан, олардың жанында болу әрқашан оңай және ыңғайлы.  Сонымен қатар, күн құдайының адамдары керемет интуицияға ие және болашақты болжай алады.  Олар өздеріне бағытталған мақтау мен мадақтау сөздерден күш алады.

 
Енгізу көзі: https://www.maxpixel.net

Мут
22−31 қаңтар, 8−22 қыркүйек.

Мут - басында қос тәжбен бейнеленген аналық құдай.  Ол балаларына өмір сыйлайды және олардың бүкіл өмірін қорғайды. Оның қорғаушылық күндерінде туылған адамдардың денсаулығы мықты, рухы күшті, эмоционалды және қорқынышты.  Олардың өмірдегі басты мақсаты - аз сөйлесу, бірақ, көп нәрсе жасау.  Көбінесе Құдай-ананың өкілдері тәуекелге бару, басқалардың өмірін жақсарту қажет мамандықтарын таңдайды.  Олар, сондай-ақ, ештеңе талап етпей, риясыз сүйеді.  Осының бәрімен бірге, бұл адамдар өздеріне күмәндануы мүмкін, өздеріне сенімсіз.  Алайда, мұны олардың маңайынан ешкім біліп қоймайды.

Геб
12−29 ақпан, 20−31 тамыз.

Жылдың осы даталарында туылғандар Геб құдайының ықпалында.  Ежелгі Мысыр мифологиясында ол жер құдайы деп саналды, онда адамдар үшін барлық өсімдіктер өсіп, Ніл өзені ағып жатты.  Бұл ең мейірімді құдай, оны «князьдардың князі» деп те атаған. Геб адамдары жомарттығымен, әсерлілігімен және нәзік ақыл-ой ұйымшылдығымен де ерекшеленеді.  Олардың мақсаты – басқа адамдарға сөзбен және іспен көмектесу.  Олар өзгелердің көңіл-күйі мен эмоцияларына сезімтал, сондықтан, әрдайым қажетті сөз таба алады.  Олардың арасында көптеген жақсы психологтар мен психотерапевтер бар.  Сонымен қатар, олар өздері табиғаттан қуат пен күш алуы керек, дәлірек айтсақ, орманда және саябақта серуендеуі керек.
 


Енгізу көзі: https://www.wallpaperflare.com

Изида
11−31 наурыз, 18−29 қазан, 19−31 желтоқсан.

Изида - Ежелгі Мысырдағы ең құрметті құдай-ана.  Ол әйелдік пен аналықтың, сондай-ақ құлдардың, күнәкарлардың және барлық езілгендердің көмектесушісінің символы болып саналады.  Осы күндерде туылған және Изида қамқорында болған нәзік жандылар үшін сәттілік!  Әдетте, бұл қыздар мен әйелдер үшін махаббат өмірдегі басты нәрсе, олар сезімсіз өмір сүре алмайды, сондықтан, олар өте сүйкімді.  Олардың өмірдегі міндеті – отбасыларына бойтұмар болу, бақыт пен қуаныш сыйлау.  Ең бастысы, олардың серіктесінен көңілі қалмауы керек.  Әйтпесе, олар қарым-қатынасқа ұмтылуды тоқтатады және кез-келген адаммен бірге болудан гөрі жалғыздықты таңдайды.  Егер мамандық туралы айтатын болсақ, онда осы даталарда туылғандардың арасында көптеген экономистер мен оқытушылар бар.

Осирис
1−10 наурыз, 27 қараша – 18 желтоқсан.

Егер сіз осы даталарда дүниеге келген болсаңыз, онда сіздің қамқоршыңыз - Осирис - қайта туылу құдайы, барлық жанның төресі. Мүмкін бұл Ежелгі Мысырдың мифологиясындағы ең жұмбақ және мистикалық құдайлардың бірі шығар.  Нәтижесінде, Осирис құдайының адамдары өздерінің таныстарын жақсы білу ерекше мүмкіндігіне ие болды, достары олардан бірнәрсе жасыруы екіталай.  Және бұл олардың жердегі басты сыйы.  Ең бастысы – оны жақсылыққа пайдалану.  Сонымен қатар, осы белгінің астында туылғандар, әдетте, көңіл-күйге байланысты өте қарама-қайшы табиғатқа ие.  Бүгін олар оптимистік және сабырлы бола алады, ертең олар қайғылы және эмоционалды бола алады.  Өздерімен үйлесімді болу үшін бұл адамдар бір күн өмір сүріп, болашақ туралы алаңдамауы керек.

 
Енгізу көзі: https://commons.wikimedia.org

Тот
1−19 сәуір, 8−17 қараша.

Осы даталарда дүниеге келгендер кітапханашыларға, ғалымдарға, философтарға қамқорлық жасаған ежелгі Мысырдың даналық пен білім құдайы - Тоттың қорғауында.  Бұл құдайдың адамдары, әдетте, өте ақылды және жомарт адамдар.  Оның үстіне олардың жомарттығында шек жоқ.  Олар жердегі барлық адамдарға өздерінің таланттарымен, білімдерімен және материалдық заттарымен бөлісуге дайын.  Десе де, олардың ең маңызды мақсаты – өзгелерді көндіріп, оларға өзіне сенгендей сену қабілеті. Бұл белгінің өкілдері мұғалім немесе көшбасшы мамандығын таңдайтыны және олардың өмір бойы танылуына адал болатындығы бекер емес.  Олардың тағы бір жақсы жағы – қарапайымдылығы мен дос бола білу қабілеті.

Гор
1−7 мамыр, 20−30 сәуір, 12−19 тамыз.

Сіз осы даталарда дүниеге келдіңіз бе?  Бұл сізді Гор – аспанның, күннің және жұлдыздардың құдайы қорғайды дегенді білдіреді, ол Ежелгі Мысырда құрметтелгені соншалықты, оның бейнесі ретінде перғауын ұсынылған.  Осы жағдайдан кейін, неге бұл белгінің өкілдері өз өмірін назарсыз елестетпейтіні және бәріне қарамастан әрдайым өз қабілеттеріне сенімді екендігі түсінікті болады.  Бұл адамдарға ештеңе және ешкім кедергі бола алмайтын сияқты: олар алдына мақсат қойып, кедергілерді байқамай қалағанына жетеді.  Олар, сондай-ақ, үлкен арманшылдар мен көрегендерге ұқсайды. Олар шығармашылық мамандықтарға немесе жануарларға байланысты жұмыстарға өте қолайлы.  Айтпақшы, жануарлар олардың өмірінде болуы керек.  Себебі, оларда қабілет бар – кез-келген төрт аяқты досымен байланыс табу мүмкіндігі.  Мысықтар, иттер және басқа үй жануарлары әрқашан оларға тартылады.


Енгізу көзі: https://pxhere.com

Анубис
8−27 мамыр, 29 маусым – 13 шілде.

Ежелгі Мысыр мифологиясы бойынша Анубис құдайы өлгендерді ақыретке жол сілтеген.  Бұдан қорықпаңыз.  Оның мақсатында қорқынышты ешнәрсе болған жоқ.  Анубис, керісінше, қайтыс болғандарға көмектесті: ол олардың жақсы істерін еске алып, оларды құдайлар алдында қорғады.  Бұл құдайдың қорғаушылық күндерінде туылған адамдар, әдетте, әрқашан әлсіздерді қорғайды және қателіктерді айыптайды.  Бұл олардың өмірдегі басты мақсаты.  Олар жақсы полицейлер, адвокаттар, судьялар немесе керемет ата-аналар мен достар бола алады.  Рас, қиындықтар соңғы пунктке байланысты туындауы мүмкін.  Десе де, бұл адамдар үлкен компанияға қарағанда жалғыз болғанды жақсы көреді.  Олар жалғыз болғаннан күш пен қуат алады.

Сет
28 мамыр – 18 маусым, 28 қыркүйек – 2 қазан.

Жылдың осы күндерінде туылғандар Ежелгі Мысырдың мифологиясындағы қаһар, дауыл және хаос құдайы Сеттің ықпалында болады.  Бұл адамдар өздерінің құдайы сияқты өршіл, тапқыр және өздеріне сенімді.  Олар табиғатынан жаулап алушылар. Олардың өмірінде кедергілер болмаса да, олар міндетті түрде оларды табады және жеңеді.  Сонымен бірге, олар тек өздеріне сенгенді ұнатады, ал бәсекелестік оларды одан сайын күшейтеді және белсенді етеді.  Олар үшін тоқтап, демалу маңызды. Сонымен қатар, оларда қабілет бар – тағдырдың белгілерін көре білу және олардың логикасына сену арқылы өз өмірін де, жақындарының да өмірін дұрыс құра алады.


Енгізу көзі: https://www.wallpaperflare.com

Бастет
14−28 шілде, 23−27 қыркүйек, 3−17 қазан.

Бастет - қуаныш, көңілділік, махаббат, құнарлылық және үй құдайы.  Ол мысық немесе арыстан басымен және әйелдің денесімен бейнеленген.  Егер оның қорғауымен нәзік жыныстың өкілі туылған болса, онда одан артық әйел мен ана табу мүмкін емес.  Ол жайлылықты, ыңғайлылықты және отбасын жақсы көреді.  Ең бастысы, жұмыс оған қуаныш әкелуі керек.  Бастет құдайы қорғайтындардың өмірінде мансап басты нәрсе емес.  Негізгі мақсат – шиеленісті басу, жақындарыңыздың күштерін қалпына келтіру.  Бұл үшін сізге ештеңе істеудің қажеті жоқ, биоөріс олар үшін бәрін жасайды.

Секмет
29 шілде – 11 тамыз, 30 қазан – 7 қараша.

Жылдың осы күндері туылған болсаңыз сізге әсер ететін – Секмет – көне Мысыр заманының соғыс және дау Құдай-анасы. Бұл туу кезеңге жататын адамдар – импульсивті, әуесқойлық, тәкәппәрлі болып көрінеді. Бірақ, бұған қарамастан бұл адамдар әр кезде достардың ортасында табылады, бұнымен қатар, ондай кісілер халықты басқара алады. Сонымен қатар, Секмет окілдерінде жасырынды сипаттамалар бар, сондай-ақ, перфекционизмге бейімділік және сезімталдық олардың бойына, әрине, тән. Ал, басты дарыны – керекті жерде керекті уақытта табылу, бұл қасиеттері басқа адамдардың жолы бола алатынынды анықтап білдіреді.

Аватара Akyldy_kyz
Akyldy_kyzАвтор

Опубликовано 18.09.2020

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: