Негізгі бет Сәндік

Қыз лайфхактары

 
Енгізу көзі: www.pikist.com

Жігіт саған: «Сен косметикасыз да әдемі көрінесің» - десе жақсы. Ал, олай болмаса ше? Негізі бетке түрлі косметиканы баттастырып жағып қана қоймай, оған күтім көрсету қажет екенін ұмытпа, әйтпесе, 5-6 жылдан кейін апаңның сандығында жатқан көрпеге ұқсап қаласың. Әрине, көркемдік косметикаға ешкім ЖОҚ демейді, алайда, барлығын миды қозғалтып барып істеу керек екенін ұмытпағаның жөн.

0. Мезгіл өзгергенде мейрамханалар мәзірін өзгертеді, мезгілге байланысты тағамдарды ұсынады, сол сияқты сен де, мезгілдің өзгеруіне байланысты бет әлпетіңді күтуің қажет. Жазда ультрафиолеттен қорғанып, SPF-фильтрлі құралдарды қолданып, қыс мезгілінде жақсы ылғалдындыратын өнімдерді сатып алып, теріңді нәрлендір.

1. Жаз мезгілінде көркемдік косметиканы азайтуға тура келеді. Жеңіл әрі ылғалдандырушы реңкілік иісмай немесе BB-кремді жағуға тырыс, SPF-фильтрі туралы ұмытпа!

2. Күтім + массаж. Иісмай, маска, басқа бет терісін нәрлендіретін құралдарды бет терісіне массаж сызықтары арқылы жаққан жөн. Тері нәрлендіріліп, қан жүріп, балғын жүзді болып қаласың. 


Енгізу көзі: www.pikist.com

3. Безеуді сығуға болмайды! Ол туралы барлығы біледі, бірақ, ешкім құлақ аспайды. Есіңде болсын: безеуді (қара нүктелерді) сыққан сайын оның бет терісіндегі орны ерекше байқалып, орындары жаңа шаң аралас майлы затқа тез толып, жаңа проблемалар тудырады.

4. Бет терісіне қатты байқалатын қызыл безеу шықты. Сен байбалам салып сыққың келді. ТОҚТА! Сабыр сақта да, мақталы дискті қызаруды басатын көзге арналған тамшымен сулап, оны мұздатқышқа 3–5 минутқа қойып қой. Мұздатқыштан алған соң, бет терісіндегі қызарған аймаққа дискті бас. Нәтижесінде безеудің бар екені аса байқалды; бірнеше күн реңкілік май жақпаған жөн екенін ұмытпа.

5. Шаршадың, ауырдың немесе ұйқың қанған жоқ, нәтижесінде көздің астында көгеру пайда болды. Не істейміз? Көздің астындағы көгеруді жасыру үшін, корректорды пайдаланып, көз астына онымен үшбұрыш сызып, ақырындап жағып көр.

6. Хайлайтер және бронзерді, әсіресе, еңлікті (румяна) көп жақпауға тырыс. Оларды аз мөлшерде жақсаң, дұрыс көрінеді. Көп жақсаң табиғи сұлулықтың орнына, матрешкаға ұқсап кету қаупі бар екенін ұмытпа.

 
Енгізу көзі: www.pikist.com

7. Реңкілік иісмайдың сенің теріңе сәйкес келетіндей түрін таңдау үшін, иісмайды иек сызығына жағып, күндізгі жарық түсіп тұрған кезде, қай түрі сенің бет әлпетіңе жарасатынын анықтап ала ғой. Реңкілік иісмай туралы көбірек білу үшін маған бас

8. Бетіңе реңкілік иісмайды жақсаң, тері түсінің айырмашылығы болмауы үшін, оны мойныңа да жағуды ұмытпа.

9. Есте сақта: алдымен реңкілік иісмай, содан-соң корректор жағу қажет. Керісінше істеуге болмайды!


 

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: