Негізгі бет Сәндік

Тарақты қолдану бойынша шағын кеңестер

 
Енгізу көзі: https://www.pexels.com/ru-ru/photo

Бұрынғы заманда шашты тарау ерекше салт болатын. Бекер емес, себебі, бұл шын мәнінде пайдалы:
– Ол қан айналымын жандандырады,
– Май бездерінің жұмысын қалпына келтіреді,
– Зиян әсерлерден шашты қорғайды.
Бірақ, шашты әр бес минут сайын тарауға да болмайды.
Күніне екі рет шаштың түбінен ұшына дейін 30-40 екпінді қозғалыстар жасау арқылы тарау жеткілікті.  

ТАРАҚ ЖАЙЛЫ:

- косметикалық құралдарды шашқа жаққанда, ағаш тарақтар пайдалануға ұсынылады;
- егер сіздің шашыңыз боялған болса, металл тарақты мүлдем пайдаланбаңыз;
- шашты кептіріп сәндеу үшін брашинг пайдаланыңыз;
- тарақтарыңызды үнемі ауыстырып тұрыңыз;
- дымқыл шашты тарауға болмайды, бірақ қажет болса - резеңке немесе пластиктен жасалған тарақты қолданыңыз;
- шашыңызды күніне кемінде екі рет тараңыз (әрқайсысы 10 минут);


Енгізу көзі: https://pngimg.com/download

- тарақтарыңыздың тазалығын және дұрыс күйін қадағалаңыз;
- сіздің үйіңіздің арсеналында барлық қажетті жағдайларға арналған әртүрлі тарақтар болуы керек;
- басқа адамдардың тарақтарын пайдаланбаңыз;
- ағаш щетканы таңдағанда, жылтыратуға (полировка) ерекше назар аударыңыз;
- тарақты айына кемінде бір рет залалсыздандырыңыз (қайнаған су немесе спирт қолдана отырып).
Кейде шашыңыз қатты үйісіп кетеді, сіз оны түбімен жұлып алғыңыз келеді, әсіресе, жазды күні немесе теңізде жүзгеннен кейін. Шашты дымқыл болған кезде тазартуды ұсынбаймыз, бірақ, кейде бұл оны шешудің жалғыз әдісі болып табылады. Зақымдануды азайту және жаңа түйіндердің пайда болуына жол бермеу үшін кең тісті тарақты қолданып, ұшынан бастаңыз.
 

Аватара Satty_Raushan
Satty_RaushanАвтор

Опубликовано 05.08.2020

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: