Негізгі бет Сәндік

Шашы ұзын қыз қандай сұлусыз

Экология, стресс, аурулар, жүйкенің тозуы – өкінішке орай, бұның барлығы сіздің сұлулығыңызға әсер етеді. Мақаланың атауы айтып тұрғандай мұнда біз шашты өсіретін әдісті қарастырамыз. 
 


Енгізу көзі: https://pxhere.com


Үйде жүргенде  мүмкіншілік аз болғандықтан, біз дайындалуы оңай масканы ұсынамыз.
Маска негізінде қыша (горчица) жатады. Бас терісін қыздырып, шаштың түйінінде қан жүгіртуге көмектесетін қыша, орыстардың келіншектерімен байырғы заманнан бері пайдаланылған.
Масканың құрамы:
Құрғақ қыша ұнтағы (дүкендерде сатылады) – 2 ас қасық; 
Ыстық су – 2 үлкен қасық;
Жұмыртқаның сарысы – 1;
Зәйтүн майы (немесе кез келген косметикалық май) – 2 ас қасық;
Қант (қант көп қосқан сайын, қыша қыздыра түспек) – 2 шай қасық;
Дайындалуы: құрғақ қыша ұнтағын ыстық сумен араластырамыз, оған жұмыртқа сарысын, зәйтүн майын, қант қосып араластырамыз. Дайындалған қоспаны бастың терісіне, шаштың арасына жағыңыз, шаштардың түбіне тигізбеуге тырысыңыз. Шашыңыз құрғақ болса, маскадан бұрын жылытылған косметикалық май жаққаныңыз жөн. Жағып болған соң, 5 минуттан кейін масканы жағасыз. Басыңызды целлофанды қалтамен (пакет) ауа кірмейтіндей орап, үстінен орамал немесе жылы бас киім киіп алыңыз, басты жылы ұстау өте маңызды. 
Енді ең қиыны басталады, ол – шыдамдылық. Егер шыдасаңыз 1 сағаттан кем емес ұстауыңыз жаұсы әсерін тигізеді, ал шыдай алмай, басыңыз қатты қызып бара жатса, 15 минуттай ұстап, алып тастауыңызға болады. 
Ескерту! Бірінші рет жаққанда қатты шыдамай бара жатсаңыз да, міндетті түрде 15 минут шыдау қажет. 15 минутта басыңыздың терісіне де, шашыңызға да ешнәрсе болмайды (көп рет тексерілген), ал кейін үйренген соң жарты сағат, бір сағат шыдап жүре беретін боласыз.
Уақыты өткен соң масканы жылы сумен жуып тастағыз да, сусабын қолданып тағы жуыңыз, кейін шаш өсіретін бальзаммен шайсаңыз артық болмайды. 
 


Енгізу көзі: https://www.pexels.com

Шашыңыздың өсуін жылдамдатамын десеңіз, масканы 1 ай бойы жасау міндетті. Осы маска шашты өсіруге ықпал етеді, қатайтады, көлем береді, қалыңдатады. Тез майланатын шаштардың проблемасын, шаштың тез кірлеу мәселесін шешеді. 
Қыша негізді масканы 1 ай бойы аптасына 1 рет қолдану қажет, егер майлы шаш болса көп дегенде 2 рет жасау керек. Дұрыс қолданған жағдайда шашты 15 см-ге дейін өсіруге мүмкіндік бар. 
Шашыңыз әдемі, көңіліңіз жарқын болсын, көркем оқырманым!
 

Аватара Satty_Raushan
Satty_RaushanАвтор

Опубликовано 04.08.2020

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: