Негізгі бет Сәндік

Шашыңызға ерте ақ түссе

Заманауи өмір салтының ең көңілсіз нәтижелерінің бірі - ақ шаш.  Алғашқы шаштың ағарғанын сезінген сұмдыққа ештеңе сәйкес келмейді.  Сіз одан да көп болатынын білесіз және сіз сөзсіз тоқтата алатын дәрі-дәрмектер мен емдеу әдістерін іздейсіз. Қартайған кезде ақ шаштың пайда болуы айқын көрінеді.  Алайда, сіз оларды 30 немесе 20 жаста байқасаңыз, бұл өте қайғылы. Сұр да, ақ шаш та шаштың пигментті жоғалтуының нәтижесі.  Пигменттің айтарлықтай төмендеуі болған кезде шаш ақшыл болады.  Пигмент болмаған кезде шаш ақ болады.  Мұның нақты себебін білу қажет, біздің ақ шашты минимумға дейін қысқартуға көмектесетін бірнеше кеңестеріміз бар.


Енгізу көзі: https://pixabay.com

Халық әдістері

+ 100 грамм ірімшік пен 1 грамм қара бұрышты араластырыңыз. Шаштың бас терісіне жағып, бір сағаттан кейін сусабынмен жылы суда жуып тастаңыз. Нәтижені байқау мақсатында, аптасына бір реттен кем емес жасау керек. Сонда: қайызғағыңыз кетеді, шашқа түс беріледі, шаш жібектей әдемі болып көрінеді, шаштың ақ түсуі баяулатылады.
Ескерту: суық тиіп немесе жөтелсеңіз, бұл әдісті қолдануға болмайды, себебі ірімшік суытқыш ретінде басқа әсер етеді. 

+ Майлар шашқа жақсы әсер етеді. Мысалы үшін, зәйтүн майы мен күнжіт майын бірдей мөлшерде бөтелкеге құйып араластырсаңыз, дайындалған қоспаны шашыңызға аптасына 1-2 рет жақсаңыз, ол ағарудың алдын алып, шашты жылтыр етеді.

+ Төрт ас қасық құрғақ жалбыздың үстіне 200 грамм қайнатылған суды құйып, 2 сағатқа қойып қойыңыз. Тұнбаны сүзіп, бірнеше тамшы Е дәрумені мен 25 мл глицерин қосыңыз. Дайын қоспаны бас терісіне жағып, 1-1,5 сағаттан кейін жуып тастаңыз. Күнде жасаңыз. 


Енгізу көзі: https://pxhere.com

+ Сиыр сүтінен алынған маймен аптасына екі рет басыңызға массаж жасап көріңіз. Бұл баяғы апалардың амалы. 

+ 10 күнде бір рет, 1 стақан қою шайға 1 ас қасық ас тқзын қосып, шашыңызда 1 сағат ұстаңыз. Жылы сумен жуып, айнаға қарап: «Мен керемет сұлумын» - деп айтыңыз.

+ Шие езіндісін бас терісіне және шашқа жағып, қызыл орамалмен орап қойыңыз (негізі, орамалдың түсі маңызды емес, бірақ, ақ орамалдан шие ізін кетіру қиынға соғады). 1 сағаттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.

+ Жатар алдында кокос майымен басқа массаж жасап ұйықтаңыз. Келесі күні басыңызды жумаңыз, кешкісін қайта жағып, келесі күні ғана жуыңыз. Қорықпаңыз кокос майының иісі тартымды, тек шашыңыз аздап жылтырлап тұрады. 


Енгізу көзі: https://www.pikist.com

+Шашты су мен алма сірке суынан тұратын (1:1) қоспамен жуыңыз, одан басты орамалмен орап, жарты сағаттан соң сусабынмен жуыңыз. Бірнеше ай бойы әдісті қолданыңыз. 
Ескерту: боялған шашқа қолдануға болмайды, сірке суы мен бояу реакцияға түсуі мүмкін. 

Ақ шашты кетіру үшін қымбат құрал-жабдықтар сатып алуға көп адамның мүмкіндігі бола бермейді.  Сонымен қатар, сайтта сіз барлық адамдарда бар халықтық әдістермен ақ шашты қалай кетіруге болатындығын жазамыз.  Алайда, ақ шаш мүмкіндігінше кеш келуі үшін көрсетілген алдын-алуды әр қыз бен әйел жасауы керек. Назарыңызға рахмет!

Аватара Satty_Raushan
Satty_RaushanАвтор

Опубликовано 03.09.2020

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: