Негізгі бет Сәндік

Шаштың майлануына қарсы маска!

 
Енгізу көзі: https://pixabay.com

Қыз-келіншектердің шаштары тез майланып кетуі жиі кездеді. Оны емдеуге және алдын алуға арналған бірнеше масканың дайындалу жолын көрейік.

Ашытқы маскасы
Ашытқының 20-30 гр жылы суда ашытамыз, оған 1 жұмыртқаның ағын қосамыз. Басқа уқалап, шашқа жағамыз. 40 минуттан кейін жылы сумен жуамыз. Аптасына екі рет қолдансаңыз, шашыңыздың майлануы едәуір басылады.

 
Енгізу көзі: https://pixabay.com

Алоэ маскасы
1 ас қасық алоэ шырынын 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық лимон шырынының қосындысымен араластырып, сарымсақтың 1 бөлшегінің ұсақталған түрін қосыңыз. Қоспаны жақсы араластырып, шашқа жағыңыз. Сыртынан ауа жібермейтін целлофан киіп алып, сыртынан сүлгімен орап немесе бас киім киіп алыңыз. Жарты сағат өткен соң жылы сумен мұқият жуыңыз. Екі аптада бір рет жасап тұрған жөн. 
Ескерту! Алоэ шырыны күйдіргіш болуы мүмкін.

 
Енгізу көзі: https://pixabay.com

Жұмыртқа маскасы
Жұмыртқа маскасы туралы айтарымыз көп. Ол туралы арнайы мақалада оқысаңыз болады. 
1 жұмыртқаның сарысын 1 шай қасық арақпен және 1 шай қасық салқын сумен араластырыңыз. Таза шашқа масканы жағып, 15 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл масканы аптасына бір рет жасаған жеткілікті.

Сүт маскасы
1 стақан жылы сүтке (сүт қолдікі, яғни табиғи болуы шарт) 1 шай қасық тұз салыңыз. Бұл қосындыны шашқа уқалап жағып, 10 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл масканы екі-үш аптада бір рет жасап тұрған дұрыс.

Аватара Satty_Raushan
Satty_RaushanАвтор

Опубликовано 14.09.2020

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: