Негізгі бет Сәндік

Шаш жуу қағидалары

 
Енгізу көзі: www.pikist.com

Мойындаңыз, біз шашқа өте бейберекет қараймыз, әсіресе, суға түскенде.
Біз бәріміз шаш жуудан тәжірбиеміз көп деп санасақ та, шашты мүмкіндігінше тазарту және зиянды азайту үшін бірнеше кеңестерге сүйенсек артық болмайды.  Келесі кеңестерге жүгінсеңіз, сіздің шашыңыз тек таза ғана емес, сонымен қатар, жақсы күтімді әрі, әдемі көрінеді.

Шашыңыз үйреніп кетпес үшін сіз ай сайын сусабын брендін өзгертесіз бе?  Мұның қажеті жоқ, өйткені, шаш тірі организм емес, ол кез-келген жуу тәсіліне үйрене алмайды.

Кейде сізге әдеттегі сусабын енді бұрынғыдай әсер етпейтін сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ, шын мәнінде сіздің бұйраларыңыз суық ауа-райына, жоғары ылғалдылыққа немесе шаш өнімдерінің қабатталуына байланысты әр түрлі көрінуі мүмкін.  Қоспаларды кетіру және бұйралардың сұлу көрінісін қалпына келтіру үшін тазартатын сусабын қолданыңыз.

Жумай тұрып шашты тараңыз

Үйісіп қалған шашты жууды бастау туралы ойламаңыз!  Шаш ылғал болған кезде әлсіз болады, себебі ол ісінеді, созылады және оңай бұзылады.  Шашыңызды кең тісті тарақпен құрғақ күйде тараңыз, бұл әрекет зақымдану ықтималдығын азайтады.
 

Енгізу көзі: www.pikist.com

Шайғыш-бальзамын шашқа жағыңыз

Кондиционер құрамындағы белсенді ингредиенттер кутикуланы тегістейді, шашты жұмсақ, әрі сау етеді.  Қажетті нәтижеге жету үшін шашыңыздың түріне сәйкес келетін бальзамды қолданыңыз және дымқыл болған кезде шашыңызды тарамауға тырысыңыз.

Сусабыннан айырмашылығы, кондиционерді төменнен жоғары жағыңыз.  Сусабынмен шайғаннан кейін кондиционерді шаштың ұшына жағып, тамырға қарай бағыттап жұмыс жасаңыз.  Содан кейін саусақтарыңызды немесе кең тісті тарақты қолданып, шашты ақырындап тараңыз, ұшынан бастап және шаштың ұзындығына дейін өңдеңіз.  Шайғыш-бальзамы шашыңызға сіңген кезде жууды жалғастырыңыз, содан кейін, оны шайыңыз.

 
Енгізу көзі: www.pikist.com

Сығыңыз, ысқыламаңыз

Құрғақ сүлгімен немесе тіпті микро талшықты матамен бұйраларыңыздан артық ылғалды ақырын шығарыңыз.  Күшті ысқылағанда, шатасулар пайда болады және шашыңыздың кутикулаларын бүктейді, бұл сіздің шашыңызды одан әрі ширатуы мүмкін.  Шашыңызды сәндеуге дайындау үшін кең тісті тарақты немесе жалпақ щетканы қолданыңыз.

Аватара Satty_Raushan
Satty_RaushanАвтор

Опубликовано 01.11.2020

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: