Негізгі бет Сәндік

Шашқа арналған маскалар


Енгізу көзі: https://www.pexels.com/ru-ru/photo

Шаш қыз баласы үшін көркемділіктің белгісі. Қазіргі заманда нешетүрлі шаш үлгілерін жасап, стильді келіншекке айналуға болады. Бірақ, шашқа арналған гель мен лактар, оны құртуы мүмкін, сол кезде сізге тіпті керемет қымбат сусабын да көмектесе алмайды. Бүгінде экология мәселесі де мәз емес, сондықтан жа, шашты емдеуде таза табиғат заттарын қолданғанды ұсынамыз. Біз сізге шашты нәрлендіріп өсіртетін маскалар түрлерін ұсынамыз. Оқып,ішінен таңдап алыңыздар! 


Енгізу көзі: https://pixabay.com/ru/photos

ШАШТЫ ҚАЛЫҢДАТУ


1. 1 жұмыртқа сарыуызын, 1 ас қасық майсана майын және 1/2 лимон шырынын жақсылап араластырып, таза шашқа жағыңыз. Пленкамен орап, үстін орамалмен орап тастаңыз. Жарты сағаттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл масканы аптасына бір реттен кем емес жасау керек.

2. 1/2 Лимон мен 1/2 сәбіз шырынын бірдей мөлшерде араластырып, 1 жұмыртқа сарысын қосыңыз. Дайын болған қоспаны шаштың тамырларына жағып, басыңызды қалың орамалмен ораңыз. 1 сағаттан өткен соң шашыңызды сусабынмен жуыңыз. Масканы аптасына 1-2 рет 3-4 ай бойы жасаңыз.

3. Сәбіз бен лимон шырынын және зәйтүн майын 1 ас қасықтан қосып араластырыңыз. Қоспаны бас терісіне массаж жасай отырып жағыңыз. Басыңызды қалың орамалмен орап, 15-20 минуттан кейін жылы сумен және бальзаммен жуыңыз.

4. 2 ас қасық сәбіз шырыны мен 1 ас қасық лимон шырынын қосып араластырыңыз. Дайын болған қоспаны шаштың түбіне жағыңыз. Басыңызды жылы орап, 1-2 сағаттан кейін сусабынмен жуыңыз. Ал таза сумен шайғанда суға лимон шырынын немесе сіркесу қосыңыз (1 литр суға 1 ас қасық).

 Енгізу көзі: https://pxhere.com/ru/photo

ШАШТЫ ТЕЗ ӨСІРУ

Шаш жылына 12 сантиметрге өседі. Бұл процессті жеделдету үшін табиғи маскаларды қолданып көріңіз.

1. Май. Майсана, зәйтүн және кокос майын араластырыңыз. Шаштың бар ұзындығы бойымен жағып, және де, массаж жасау арқылы қоспаны басыңыздың терісіне жағыңыз. Басыңызды орап, 15-30 минут күтіп, лимон қосылған жылы сумен шайыңыз.

2. Жұмыртқа. Жұмыртқаның ақуызы шашты мықты және көлемді етеді. Барлығы оп-оңай. 1 жұмыртқаны араластырып, оған 1 шай қасық бал және майсана майын қосыңыз да, қайта араластырыңыз. Басыңызды сусабынмен жуған соң, қоспаны шашыңызға жағыңыз. 15 минуттан соң шашыңызды жылы сумен шайыңыз.

3. Даршын. Бұл маска негізі ретінде даршынның ұнтағы қолданылады. 1 шай қасықтан артық емес көлемде ұнтақ қажет. Оған 1 шай қасық кез-келген күнделікті қолданылатын май, 2 шай қасық бал қосыңыз. Шаштың тамырларына жағыңыз. Шаштың ысып кетуіне байланысты 30-40 минут күтіп, масканы сусабынмен жуып тастаңыз.
4. Зімбір. Зімбір теріге жақпауы мүмкін. Сол себепті құрғақ шашқа аптасына тек 1 рет жағу қажет. Зімбірдің тамырын ұсақтап алу қажет. Суын алып, оны шаштың түбіне жағып, 30-40 минут ұстаңыз. Кейін сусабынмен шайыңыз.

5. Бал. 1 ас қасық бал, 1 ас қасық коньяк және сарыуыз қосып араластырыңыз. Қоспаны біркелкі болғанша дейін араластыру керек. Шашқа жағып, басты целлофан, үстінен орамалмен орау қажет. Масканы 40-60 минут ұстаңыз. Бұл масканы күн сайын немесе екі күнде бір рет қолдану қажет.

6. Алма сірке суы. Шашты аптасына бір рет алма сірке суымен шайып отыру қажет. Бұл шашты күтуге арналған өнім немесе май қалдықтарын алып тастау үшін қолданылады. Сумен сұйылтылған 60 мл алма сірке суын құйып, шаштың бір ұзындығына, әсіресе, түбіне қарай жағыңыз. Сосын сусабынмен шашты шайыңыз.

 Енгізу көзі: https://pxhere.com/ru/photo

Пайдалы кеңестер:
1. Дәрумендер кешені. Кейбір жағдайларда маскаға немесе кондиционерге А және Е дәрумендерінің май ерітіндісін қосып көруге болады. Дәруменнің май ерітіндісі кез-келген дәріханада сатылады. Дәрумендер қосылған маска немесе кондиционер шашты жақсы күтуге әсер етіп, шаштың ылғалдануына мүмкіндік береді.
2. Орамал орнына футболка. Орамалдың талшықтары шашты өте қатты кептіріп жібереді. Жуынудан шыққаннан кейін, шашыңызды орамалмен сүртпеңіз. Теріс айналған жазуы жоқ мақтадан жасалған футболкамен шашыңызды сулатыңыз. Осылайша сіз шашыңызды зақымдану қаупінен сақтайсыз.
3. Буғыш. Егер шашыңыз су болса, оған буғыш тағудың қажеті жоқ. Дымқыл шаш өте әсерленгіш және зақымдануға бейім болады. Егер шашыңызға міндетті түрде буғыш тағу қажет болса, онда буғыштың металл элементтері жоқ түрін қолданыңыз. Металл қышқылданып, шашты құртуы мүмкін.
 

Аватара Isker_Kamshat
Isker_KamshatАвтор

Опубликовано 05.08.2020

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: