Негізгі бет Сәндік

Сұлулық рецептері: Ламинария

 
Енгізу көзі: https://pixabay.com

Ламинария немесе теңіз орамжапырағы – қоңыр балдырлар класына жататын жеуге болатын теңіз балдыры.  Бұл біздің денемізді қоректік заттардың үлкен мөлшерімен қамтамасыз ететін өнім: йод, фосфор және әртүрлі микроэлементтер.  Ол талшыққа өте бай, құрамында йод, А, В1, В11, В12 дәрумендері, пантотенді (В5) және фолий (В9) қышқылдары, темір, натрий, калий, марганец қосылыстары бар.

Сұлулық рецептері: 

1. Целлюлитке қарсы орамалар

Құрғақ теңіз балдырларын ыстық сумен қайнатыңыз және компресс үшін жасағандай, тұндыруға қалдырыңыз.  Сүзіп алыңыз, сығыңыз, ½ лимон шырынын, жұмыртқа сарысы мен эфир майларын қосыңыз: камфора - 20 тамшы, лимон майы - 10 тамшы. Барлығын жақсылап араластырыңыз, проблемалы жерлерге жағыңыз және пленкамен ораңыз.  Сол қалпыңызда сізге өте жылы көрпе астында бір сағат жату керек.  Процедураны аптасына 2 рет қайталауға болады.
 


Енгізу көзі: https://www.parents.ru

2. Бет терісіне арналған маска

1 ас қасық құрғақ теңіз балдырларына бөлме температурасындағы суды құйыңыз және ол ісінуі үшін 1-1,5 сағатқа қалдырыңыз. Содан кейін, артық суды дәкемен сығып, бет пен мойынның тазартылған терісіне молынан жағыңыз.  30 минутқа қалдырыңыз, дымқыл мақтамен масканы сүртіп, бетті жылы сумен жуыңыз.  Бұл маска терінің барлық түрлерін керемет ылғалдандырады, сергітеді және қуаттайды.
 


Енгізу көзі: https://ru.freepik.com

3. Шашқа арналған

Бір стақан қайнаған суға бір ас қасық құрғақ балдырды салып, булау арқылы жұмсартыңыз, оған 4 шай қасық ошаған майын қосыңыз.  Алынған массаны шаш тамырына жағып, шашқа таратып, орап, 30-40 минут күтіңіз.  Содан кейін, шашты сумен жақсылап шайып тастау керек.  Есіңізде болсын – сусабынды бірден қолдану өте жағымсыз, 4-5 сағат өткеннен кейін жақсы.

Ламинария көмегімен сұлу болыңыз!


 

Аватара Isker_Kamshat
Isker_KamshatАвтор

Опубликовано 16.10.2020

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: