Негізгі бет Сәндік

Сұлулық рецептері. Алма

 
Енгізу көзі: www.pikist.com

Таза және сау тістер

Жоғары талшықты алманы шайнау тіс щеткасы сияқты әрекет етеді, тіс сыртын сүртіп, тамақ қалдықтарын кетіреді.  Сонымен қатар, алманың қышқылдығы жағымсыз иісті тудыратын бактерияларды жоюға көмектеседі.  Айла-тәсілі - алманы қабығымен бірге жеу, себебі, оның құрамында талшық көп.

Жарқыраған сау тері

Алма құрамындағы С дәрумені теріні жарқыратады, ал В тобындағы витаминдер безеулермен күресуге көмектеседі.  Сіз бұл артықшылықтарды алма жегеннен немесе бет терісіне маска жасау арқылы көруіңізге болады.  Ұнтақталған алма мен балдың тең бөліктерін араластырыңыз.  Тазартылған бетке жағыңыз және 10 минутқа қалдырыңыз.  Салқын сумен шайыңыз. Вуаля!
 


Енгізу көзі: www.pikist.com

Ұзын және жылтыр шаш

Pyrus malus немесе алма сығындысы көбінесе сусабындардың, кондиционерлердің және сарысулардың (сыворотка) ылғалдандыратын ингредиенті ретінде қолданылады.  Сонымен, неге алманың шаш маскасын өзіңіз жасамасқа?  Ас үй комбайнында 1 немесе 2 үлкен алма кесектерін, 2 ас қасық алма сірке суын, 1 шай қасық лимон шырынын және 1 ас қасық жүгері ұнтағын қосып, араластырыңыз.  Бұл қоспаны құрғақ шашқа жағып, 30 минут ұстаңыз.  Жылы сумен шайыңыз, содан кейін, шашыңызды жуыңыз және сәндеңіз.

Сұлулық рецептері

Жасартатын маска

1 ас қасық алма жұмсағын 40 мл қайнаған қаймаққа 2 минутқа батырыңыз.  30 минутқа қалдырыңыз.  Салқындатып, жұмсақты тазартылған бет пен мойынға жағыңыз.  20 минуттан кейін салқын сумен шайыңыз.

Майлы теріге арналған маска.

1 ас қасық пісірілген (немесе сүтке қайнатылған) алма жұмсағын алыңыз, бұлғанған жұмыртқаның ағымен біріктіріңіз.  Масканы бетіңізге жағыңыз, 15-20 минуттан кейін салқын сумен жуыңыз.

Қабынуға қарсы тартулар

Кішкене алманы ұсақ үккіште үгітіп, алынған пюреден шырынды сығыңыз.  Содан кейін, дәке жастықшасын алып, сығылған шырынға салыңыз.  Терінің қабынған жерлеріне дәке жастықшаларын қойыңыз.  10-15 минуттан теріңізді қайнатылған (жылы) сумен жуыңыз.


Енгізу көзі: www.piqsels.com

Шашқа арналған қоректендіргіш маска

1 ас қасық сұйық балды 2 ас қасық алма араластырыңыз да, қоспаны таза, дымқыл шашқа дейін толықтай жағыңыз.  Масканы 30 минут ұстаңыз және шашыңызды сусабынмен жуыңыз.

Ылғалдандыратын шаш маскасы

5 ас қасық алма пюресіне 500 мл (екі стакан) сүтті жылы күйінде құйып, екі сағатқа қалдырыңыз.  Жемістерге сіңбеген сүтті ағызып, қалған массасын шаштың тамырына ысқылап, бүкіл ұзындыққа таратыңыз.  30 минуттан кейін жылы сумен жуып, салқын сумен шайыңыз.

Алманың пайдалы қасиеттеріне қарамастан, оларды асқазан жарасы мен гастриті бар адамдар сақтықпен жеуі керек, өйткені алма құрамындағы қышқылдар шырышты қабықты тітіркендіреді.  Бүйректегі тас пен колит болған кезде алманы қолданар алдында езіп алу керек.

Денеңіз сау және сұлу болсын!

Аватара Isker_Kamshat
Isker_KamshatАвтор

Опубликовано 31.10.2020

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: