Негізгі бет Сәндік

Реңкілік иісмай түрлері

 
Енгізу көзі: freepik.com

Сұйық реңкілік иісмай – бұл ең танымал тоналды крем, себебі, оны қолдану және араластыру оңай. Сонымен қатар, сіз теріңіздің түріне сәйкес келетін және қосымша артықшылықтарға кепілдік беретін нұсқаны таңдай аласыз. Реңкілік иісмай қандай бола алады?

Ылғалдандыратын негіз

Белсенді ылғалдандыратын және нәрлендіретін ингредиенттері бар тоналды крем (гиалурон қышқылы, Е дәрумені, майлар) терінің құрғауы мен қартаюына қарсы тамаша шешім болып табылады. Мұндай иісмай теріге қосымша күтім жасайды және терінің кішігірім кемшіліктерін, әжімдері мен қабыршақтануын көрсетпейді.

Күңгірттеуші (матирующий) иісмай

Майлы теріге арналған ең жақсы таңдау. Әдетте, мұндай негіздерде майлар болмайды, олардың құрылымы жеңіл және күңгірт қабатқа ие. Көбінесе осындай иісмайдың құрамында сіз майдың пайда болуын бақылайтын және теріге майлы жылтырдың пайда болуын «кейінге қалдыратын» минералды микробөлшектерді және басқа компоненттерді таба аласыз.
Кейбір өнімдер емдік әсерге ие және терінің кемшіліктерін жасырып қана қоймай, ішкі мәселелермен күреседі.

Күннен қорғайтын крем

Жылдың кез-келген уақытында тері күн сәулесінің әсеріне тап болады (тіпті бұлтты ауа-райында да!), сондықтан, терісі өте ашық немесе сезімтал қыздар қыста SPF-фильтрі бар тоналды кремді қолданған дұрыс. Ыстық күнде теріңізге бірден бірнеше түрлі өнімдерді қабаттастырып жақпау үшін бұл нұсқаны таңдаған дұрыс. 
Кейбір реңкілік иісмайлар құрамында жеткілікті күшті SPF-фильтрі бар, сондықтан, бетке қосымша күн қорғаныс құралдарын қолданудың қажеті жоқ.


Енгізу көзі: freepik.com

Суға төзімді реңкілік иісмай

Бұл иісмай – мықты өнім: ол теңіз жағасындағы ыстық күнге де, жауын-шашынға да төтеп береді. Бірақ, мамандар бұл өнімді күнделікті қолдануға кеңес бермейді. Беріктікке көбінесе силикондар мен минералды майлар арқылы қол жеткізіледі, бұл тері тесігін бітеуі мүмкін.  Суға төзімді тоналды кремді арнайы құралмен шайыңыз – мысалы, гидрофильді майменен.

Шағылысатын бөлшектері бар негіз

Композициядағы шағылысатын бөлшектердің арқасында терінің «тегіс» табиғи жарқылын қамтамасыз етеді. Құрғақ және қалыпты терісі бар қыздар үшін мұндай нәтижеге жету үшін бүкіл бетке тоналды кремді қауіпсіз қолдана алуға болады, бірақ, майлы терінің иелері абай болу керек. Егер иісмайда өте айқын жылтыр бөлшектер болса, олар беттегі майлы жылтырға ұқсауы мүмкін. Сондықтан, осындай реңкілік иісмайды хайлатердің орнына қолданып, мұрын көпіріне, бет сүйектеріне және жоғарғы еріннің үстіндегі аймаққа жаққан дұрыс.

Әр түрлі тері типтеріне арналған негіз

Тоналды кремді таңдағанда, ең алдымен сіздің теріңіздің түрін ескеру қажет. Бұл макияж жасағаннан кейін өзіңізді қаншалықты жайлы сезінетіндігіңізге байланысты.


Енгізу көзі: freepik.com

Құрғақ теріге арналған негіз

Сіздің өнімдеріңізде hydrating немесе moisturizing (ылғалдандыратын) немесе radiant (жарқын) деген белгілер болады. Құрамынан белсенді ылғалдандыратын және нәрлендіретін ингредиенттерді іздеңіз: шөп сығындылары, дәрумендер, пептидтер, глицерин, өсімдік майлары, гиалурон қышқылы. Айтпақшы, егер сіз күңгірт әсерге қол жеткізгіңіз келсе, кәдімгі ұнтақ пудра теріні құрғатса, тоналды кремнің орнына крем-пудраны оңай-ақ пайдалануға болады.

Майлы теріге арналған негіз

Қаптамадан oil-free «майсыз», oil control «майды бақылау» немесе matifying/matte «күңгірттеу» деген жазуды іздеңіз. Мүмкін сізге water resistant «суға төзімді» және poreless «тесіктерді тарылту» деп белгіленген өнімдер керек болатын шығар. Құрамында өсімдік сығындылары, гиалурон қышқылы және глицерин болуы жақсы, бірақ, майлардан аулақ болу керек. Ингредиенттер қатарынан мырыш оксидін, титан диоксидін, аметист ұнтағын іздеңіз. Егер сіз қолайлы иісмай таба алмасаңыз, іркіт, флюид немесе кушон түріндегі иісмайларды мұқият қарастырыңыз – негізі тура сол тоналды крем, бірақ, құрылымы жеңілірек.


Енгізу көзі: www.pikist.com

Аралас теріге арналған негіз

Аралас тері - ең құбылмалы: беттің кейбір жерлерінде құрғақ, ал басқаларында майлы. Оған күтім түрін табу оңай емес, сонымен қатар, дұрыс реңкілік иісмай таңдау қиынға соғады. Ол бір мезгілде тері тесігін бітемеу үшін құрылымы жағынан жеңіл, ылғалдандыратын және күңгірттендіретін болуы керек. Құрамында антисептикалық (бірақ, құрғатпайтын) ингредиенттерді іздеңіз. Тығыз тоналды текстураны және май негізіндегі өнімдерді пайдаланбаңыз. Сіздің ең жақсы таңдауыңыз – бұл кушон тәрізді негіз.

Проблемалы теріге арналған негіз

Кемшіліктерді жасыру үшін жабыны жақсы, бірақ, тым қалың емес және тері тесігін бітемейтін негізді таңдаңыз. Негізде SPF-фильтрлері болуы керек, сонымен қатар, гиалурон қышқылы мен қабынуға қарсы компоненттердің болуы қажет (мысалы, шай ағашының сығындысы және салицил қышқылы). Көбінесе проблемалы тері майлы жылтырдан зардап шегеді, сондықтан, күңгірттендіретін тоналды кремді қолданған дұрыс. «Комедогенді емес» деп белгіленген өнімдерге назар аударыңыз.

 
Енгізу көзі: freepik.com

Жас ерекшелігіне арналған тері негізі

Сізге лифтинг-эффект (lift/lifting немесе anti-age) беретін өнімдер сәйкес келеді. Сіздің өнімдеріңіз ультрафиолет фильтрлерімен, шөп сығындыларымен және ең мықтысы – қартаюға қарсы арнайы кешендермен және ингредиенттермен «жабдықталуы» керек.

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: