Негізгі бет Сәндік

Корейлік көркемдік

 
Мун Гын Ён

Корей қыздары терісінің көркемдігіне қызығамыз. Алайда, сұлулық сыры олардың шығаратын косметикалық құралдары мен маскаларында шығар деп жылы ысырып қоя саламыз да, өзіміз үйренген кремдерді жағып тынышталамыз. Дұрыс күтім – корей қыздарының балғын терілерінің қарапайым сыры. Кез-келген елде корей косметикасын табуға болады, Қазақстан үшін де ол проблема емес. Мәселе – оны дұрыс пайдалануда. Бұл мақалада біз сұлу оқырмандарымызға теріні дұрыс тазарту мен ылғалдандыру әдістерін үйретеміз. Бұл процедураны жасау үшін... Еріншек болмау керек! Себебі, ол біраз ұзақ уақыт алады. Бетінің терісі мінсіз болуын армандайтын қыздар үшін қарапайым әдістерді дағдыға айналдыру түкке тұрмайды деп ойлаймыз.

Егер бетіңізде әлі мимикалық әжімдер көрінбесе, теріні күтудің қажеті жоқ деп кім айтты? Әжім түсудің алдын-алу – біздің мақсатымыз. Айтқандай, бір рет түскен әжімді кетіру өте қиын (жүйкең қалай тарылады десеңші), ал оның алдын алу әлдеқайда оңай.
 


Ким Со Ын

БЕТТІ ТАЗАРТУ

Бетті тазарту – бет күтімінің ең маңыздысы болып табылады. Ол бірнеше сатыдан тұрады. Күнде бетіне тоналды крем, опа жағып, кірпіктерін бояп жүрген нәзік жандыларға алдымен косметика кетіретін тоник немесе бояу кетіретін сүтті мақтаға, не арнайы бет сүртетін дөңгелектерге жағып, ақырындап сүртіп алу керек. Макияжды кетіретін құрал зәйтүн майының негізінде жасалғаны дұрыс. Себебі, ол тек макияжды кетіріп қана қоймай, сонымен бірге, бетті құнарландырады.

Бетті жуу макияжды кетіргеннен кейін-ақ іске асырылады. Байқағандарыңыздай, макияжды бірінші сумен жумаймыз, алдымен сүртіп аламыз. Оның себебі: тушь, тень, тоналды крем дегендер сумен оңай кетпейді. Ал, сумен кетірген макияж бет терісінің тесіктері бітеліп, безеулердің пайда болуына әкеледі. Жуғанда да сумен жай жуа салу емес, тері кептіретін сабынды алып жуу да емес, арнайы гель, мусс, сабын қолданыңыз. Айта кететін жай: бетті жуғанда сабынды қолға үйкелей салып немесе гельді бетке жағып, жууға болмайды, құрылғыларды жақсылап көпіртіп, көбікпен жуу қажет. Көпірту үшін уақыт кетеді, ол үшін арнайы торлы жөке қолданып, сол арқылы көпіртіп алсаңыз болады. Шығыс әйелдері көпіршікті ең басты тазалағыш құрал деп санаған болатын. ХХІ ғасырда, бет жууға арналған нешетүрлі дайын мусстар да бар. Егер сабын немесе гельді көпіртіп отыруға уақыт болмаса, арнайы муссты пайдалансаңыз тіптен жақсы.
Кеңес: бетті жуып болған соң орамалмен емес, ас үйінде пайдаланатын майлықпен сүртіп отырыңыз. Ғалымдар зерттегендей, орамалда екі күн ішінде бактериялар құрылтай жасап алады. Бактериялар қоныстанған орамал – теріге үлкен зиян. Күнде бет сүртетін орамалды ауыстырып отыруға мүмкіндігіңіз болмаса, бір рет қолданатын осындай майлықтар пайдаланған дұрыс.

Әрдайым көздерін бояп жүретін қыздарға айтарымыз: бетті жуып болған соң, құлақ шұқығышты тоникке батырып алып, көз айналасын тағы сүртіп шықсаңыз артық болмайды. Осындай оңай әрекет арқылы тағы бір қабат бояу өшіп кетеді. Сонда, әжім түсудің алдын алатын шаралардың тағы біреуі орындалады.

Жеті күнде кем дегенде бір рет бетке скрабинг,  пилинг жасау керек. Өйткені, пилинг скрабқа қарағанда біраз жұмсақтау. Сондықтан, пилинг қазір скрабқа қарағанда көбірек қолданысқа еніп жатыр.

ЫЛҒАЛДАНДЫРУ

 
Пак Шин Хе

Крем жағып, мәз болып жүретін қыздарға айтатынымыз: ылғалдандыру бірнеше кезеңнен тұрады және де ол іс тек креммен ғана бітпейді.

Бетті жақсылап тазартып алғаннан кейін, теріңіздің типіне қарай лосьон немесе тоник пайдаланыңыз. Лосьон немесе тоник терінің ылғалын сақтаудағы ең маңызды құрал. Ең басында макияж кетіру үшін тоникті пайдалансақ, содан кейін, бетті нәрлендіретін тоник жағамыз. Пайдалану: тоникті саусақтарыңызға жағып алып, ақырындап бетті, мойынды аздап ұрғылау керек. Егер қажып кетсеңіз, ақырындап алақанмен де ұрғылауды көруге болады. Жасыңызға қарай үш есе артық ұрғылау қажет (жасыңыз 25-те болса 75-ке дейін іштей санап, ұрғылайсыз). Саусақ құрғап қалды ма? Тоникті қайтадан жағып алып, ұрғылауды жалғастырамыз. Нәтиже өзін ұзақ күттірмейді: алғаш тоникті жағып, бетті ұрғылаған кезден, аяғындағы процесстен бөлектеу дыбыс шығады. Демек, ылғалданған терінің дыбысы басқа болады деген сөз.

Беттің терісін тоникпен нәрлендіріп жүріп, мойынды ұмытпаңыз . Мойынға да әжім түсіп, кереметі кетеді. Егер әжім түсіп қойса, осындай процедуралардан кейін әжім біраз тегістеледі.
 


Сюзи (Пэ Су Джи)

Бет құрғақ болсын, майлы болсын ылғалдандырудың маңызы зор. Ал лосьон немесе тоник пайдаланбасаңыз, бет толыққанды күтім көрмейді. Терінің дұрыс ылғалданбауынан көз айналасындағы, маңдайдағы әжімдер пайда болады. Тоникті дұрыс пайдаланған қызға, кейде кремнің де қажеті болмайды.

Лосьонмен ылғалдандыру бітпейді, оның үстінен сарысу (сыворотка) жағу қажет. 25 жастан асқан келіншекке міндетті түрде сарысуға көшкен дұрыс. Құрамының арқасында сарысулар терінің терең қабатына енеді де, оны нәрлендіреді. Бұл жалпы терінің ылғалдануына үлкен септігін тигізіп қана қоймай, әжімдердің түсуіне қарсы тұрады. Бұл косметикалық құрылғылар арзан тұрмайды. Бірақ, өзіңіздің жастығыңыз үшін ол жақсы көмекші. 

Сарысуды әжім тез түсетін аймақтарға жаққан соң, бет, мойын терісіне косметикалық сүт, эмульсия жағу сіздің әйел ретінде міндетіңіз. Және де, көз айналасына арналған крем, бет кремін жағуға да болады. 

Қорытындыласақ, күнделікті пайдаланатын топтамаңызда бояу кетіргіш тоник, жуынатын сабын, немесе гель, нәрлендіретін тоник пен косметикалық сүт, жасыңызға қарай сарысу мен серум болуы керек.

Сонымен қатар, аптасына немесе айына бір рет нәрлендіретін маска жасап тұрған абзал. Олардың түрлерімен интернет желісінде танысуға болады.

Нәзік жанды оқырмандарым, әрдайым жас көрініп жүріңіздер!

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: