Негізгі бет Сәндік

Көз айналасындағы әжімімен күрес

Әйел сұлулығы оның көзінде көрінуі тиіс. 
Бұл оның махаббаты мекендейтін жері - жүрегінің кілті.
Одри Хепберн

 
Енгізу көзі: pixnio.com

Әдетте, көзге әжімдердің бірінші түсуі кездейсоқ емес.  Қабақтың терісі астында тері астындағы май іс жүзінде жоқ, ал ылғалдың болмауы құрғақтықты тудыратыны рас. Шамадан тыс кептірілген, жіңішке тері - бұл «қарға аяғының» пайда болуы үшін тамаша орта.
АСЫЛ ЖАСЫЛ редакциясы сіздерге бірнеше маскалардың жасалуымен таныстырмақ:


Енгізу көзі: www.freeimg.ru

Ақжелкен маскасы. 
1 үлкен емес ақжелкен байламын ұсақтап турап, 1 ас қасық үй қаймағымен араластырасыз. Жасалынған қоспаны көз айналасындағы теріге жағып, 20 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Теріні нәрлендіріп, ұсақ әжімдермен күресуге көмектесетін ақжелкен маскасы сіздің досыңызға айналуына тілектеспіз.

Балдан жасалатын маска. 
1 шай қасық балды 1 жұмыртқа сарысымен араластырып, бірнеше тамшы зәйтүн майын қосыңыз да, қайтадан араластырыңыз. Алынған қоспаны көзіңіздің айналасына жағыңыз, 30 минутқа қалдырып, содан-соң, жылы сумен жуып тастаңыз.


Енгізу көзі: pxhere.com

Жүзім маскасы.
Бірнеше жүзімнің шырынын сығамыз да, суын мақта дөңгелегімен көз айналасындағы теріге жағыңыз. 20 минуттан кейін жуып тастап, теріні құрғатыңыз немесе жатар алдында жағып, түнге қалдырсаңыз да болады. Нәтижесінде, теріге табиғи нәрлендіргіш зат сіңеді, бұл әрекет әжімдердің пайда болуының алдын алуына көмек болады.

Шипалы шөптерден жасалатын тұнба. 
Кептірілген жөке, түймедақ, қырмызы мен көктікенді 1 қасықтап қосып араластырыңыз. Үстіне 3 стақан ыстық су құйыңыз да, 30 минутқа қойып қойыңыз, содан-соң, көз айналасына арналған компресс жасаңыз. Бұны күнде жатарда жасауға болады.

Аватара Satty_Raushan
Satty_RaushanАвтор

Опубликовано 17.11.2020

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: