Негізгі бет Сәндік

Көрікті боламын десеңіз...

Нәзік жандарымызды бірден-бір толғандыратын мәселе – бет сұлулығы емес пе? Әрбір қыз-келіншек, әйел әрдайым өзін күтуге ұмтылуы тиіс. Себебі сіздер көздің жауын алатын асыл тастан қалай көзін ала-алмаса, тура солай еркектер күтінген сұлу әйелден ешқайда құтылып қаша алмайды. Сіздер болжағандай бұл мақалада біз бетке арналған 7 түрлі бет маскасының тәсілдерін қарастырамыз:


Енгізу көзі: https://pxhere.com/ru/photos

1. Күріш ұнынан әзірленген маска.
3 ас қасық күріш ұнын, 2 шәй қасық бал және 1 шәй қасық қаймақты араластырып, бетімізге жағамыз. 30 минут өткен соң минералды жылы сумен жуып тастаймыз. Ерекше айта кететін жай, бұл маска барлық бет терісіне қолдануға қолайлы, теріні нәрлендіріп, әжімнің алдын алады.

2. Айран маскасы
100-200 мл майлы айранды (ұйыған сүт немесе қаймақ) қажет етеді. Өзіңіз таңдап алған қышқыл сүт өнімін бетіңізге жағып қойыңыз, 15-20 минуттай тұрсын. Кейін бетіңізді жылы сумен шайыңыз. Бұл маскадан кейін теріңіз шабдалыдай жұмсақ, әрі әдемі болады.
Ескерту: Егер бетіңізге қаймақ немесе кілегей жағатын болсаңыз, 1 рет қабатап қалың қылып жаққаныңыз жөн. Бетіңізде 10-15 минут уақыт ұстаңыз.

3. Ірімшіктен дайындалған маска
2 ас қасық ірімшікті, 2 ас қасық сәбіз шырынын, 2 ас қасық зәйтүн майын, 2 ас қасық сүтті қосып, жақсылап араластыру керек. Бетке қалың қылып қаббатап жаққан дұрыс. 15 минут ұстап, кейін бетіңізді жылы сумен шайыңыз.
Ескерту: Маска құрамындағы заттардың мөлшері бірдей болуы керек, керек жағдайда мөлшерін көбейтуге немесе азайтуға болады.

4. Сұлы жармасынан әзірлеген маска
3-4 ас қасық сұлы жармасына ыстық сүт құйыңыз, 5 минуттан кейін араластырып, дайындалған қоспаны бетіңізге жағыңыз. 15-20 минут ұстап, жылы сумен бетіңізді шайыңыз. Сұлы жармасының негізінде дайындалған масканың құрғақ, қатайып, күстеніп кеткен теріге әсері ерекше.

5. Балдан әзірленген маска
2 ас қасық балды, 1 ас қасық сұлы жармасын және 2 шәй қасық сүтті қосып араластырыңыз. Қосындыны бетіңізге жағып 15-20 минут ұстаңыз. Кейін жылы сумен бетіңізді жуыңыз.
Ескерту: Егер балға аллергия болса, масканы қолданбаған жөн.


Енгізу көзі: https://pxhere.com/ru/photo/964038

6. Банан маскасы
Бір бананды алып, оны езіп, оған 1 шай қасық нәрлі кремді, 1 шай қасық зәйтүн майын, жарты қасық лимон шырынын қоса отырып, мұқият араластыру керек. Бетке жағып, 15-20 минут уақыт ұстап, жылы сумен шайыңыз.
Ескерту: Бұл маска майлы теріге кері әсер етеді, бірақ құрғақ тер үшін таптырмайтын шәрбат.

7. Лимон маскасы (майлы теріге арналған)
1 жұмыртқаның ақуызын әбден көпіршітіп, үстіне 5 тамшы лимон шырынын тамызыңыз. Дайын болған қоспаны бетіңізге 10-15 минутқа қалдырыңыз. Содан-соң жылы сумен жуыңыз.
 

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: