Негізгі бет Сәндік

Интимдік шаш үлгісі


Енгізу көзі: https://www.flickr.com/photos/titkov

Өмір қысқа. Сол қысқа өмірде әрбір нәзік жан әдемі болуға лайық. Әдемілілік сыртынан ғана емес, ішінен де болу керек. Мен қазір келіншектің ішкі дүниесінің әсемділігін әңгіме қылып отырған жоқпын. Сүйіктіңнің сені көріп, қалағанына не жетсін! О, ғанибет! 

Екінші жартыңды таңғалдырғың келсе, ұстараны қолыңа алып жыныс мүшесінің қисынында көркемді жоба дайындап көр. Әрі қарай әңгіме келіншектерге арналған интимдік шаш үлгілері туралы болатынына көзің жеткен болар.
Келіншектерге арналған интимдік шаш үлгілерінің тарихы баяғыдан бастау алған. Кәдімгі шаш үлгісін өзгерту қалай оңай болса, қасағадағы шаш үлгісін өзгерту оп-оңай. Классикалық стильді таңдайсыз ба, көңілді немесе заманауи стильді жасауға асығудасыз ба, бұл шаш үлгісінің кез-келгені сізге сенімділік пен сексуалдық тартымдылықты қамтамасыз ете алады. Сән салондарының көбісі сізге қажетті кез-келген кейіп жасауға көмектесе алады, бірақ, аздап жаттыққасын және дұрыс аспаптар көмегімен сіз өзіңіз де үйден шықпай-ақ өзіңізге ұнамды стильді жасай аласыз. 

Мәңгілік классика. Мұндай қасағалық шаш үлгілері жеткілікті таралған. Оларды кез-келген сән салоны кез-келген формалы қасағада жасай алады.  Бұл стильдің мәні – дұрыс геометриялық пішінде, мысалы, әр түрлі ендік пен биіктіктегі сызықта. Шеттерін дөңгелек немесе өткір формалы қылып жасауға, сәл қырқуға немесе сәндеп қоюға болады. 


 

Бразилиялық бокал. Бұл стильді таңдаған әйелдің елең еткізерлік қасиеті басқаларына қарағанда арта түседі. Интенсивті балауыз рәсімі қасаға және анальдік жақтағы барлық шашты тазалап, орнындағы терінің тегістілігі бірнеше аптаға сақталады. 
Егер сіз интимдік шаш үлгісін жасағыңыз келсе бірақ, қыз болып сезінгіңіз келмесе (еркектер айтқандай сәби сияқты),  Landing Strip стилін көріңіз. Бұл стиль керек емес жерлерден шашты тазалайды да, әйелдің лабиясының тура үстіннен үйлесімді жолақ қалдырады. 

Әсерлі Буш. Егер сіз барлығы ойдағыдай табиғи болуын қаласаңыз, онда бұл әлі де «өткен заман» стилі болып саналады.  Кейбір келіншектер мен олардың сүйіктілері үшін «Әсерлі Буш» мінсіз таңдау. Егер өзіңізді қасағалық шаш үлгісін күтуден босатқыңыз келсе, депиляция туралы ұмытып, органикалық стилизация жасағыңыз келсе, «эксперименттің» осы бөліміне көңіл аударғаныңыз жөн. Бұл стильдің артықшылықтары: шаштың кең шашыраңқылығы терінің зақымдануына әкелетін үйкелістен қорғауды қамтамасыз етеді  сонымен қатар, бұл стиль нәзік жерлерді бактерия мен жағымсыз патогендерден сақтайды. 

Тағы бір түрі – Бермуд үшбұрышы. Бұл стиль қасаға маңының үстінде үшбұрыш формасындағы шашты қалдыру арқылы жасалады. Бұл шаш үлгісі ұқыпты, әрі сәнді қырқылған болып көрінеді. Бикини желісінен, жамбастың жоғарғы бөлігінен кіндіктен төмен орналасқан жерден шаш тазалағанда, келіншектің «тым қатты жалаңаштандым» деп алаңдауы керек емес. 

Бикини Трим. Бұл стиль суға түсетін киімді (купальник) кигенде көрінетін шаштарды ғана тазалауды көздейді. Әдетте, бұл мамандандырылған салонға баруға уақыты жоқ, қысылып тұрғысы келмеген әйелдерге арналған депиляцияның қарапайым нұсқасы. Тері ұстарадан бүлінбес үшін, әрі тегіс болу үшін триммер бикини қолдануға болады.   

V-бейнесіндегі заманауи стиль. "V" әрпі түрінде созылған екі шашты жолақшадан тұратын шаш қырқудағы жаңа бағыт.  Үйден шықпай-ақ өзінің стилін көрсеткісі келгендер үшін бұл таптырмайтын қасағаға арналған шаш үлгісі. Бұл стильдің бір түрі болып «сыртқы ілмек» атты шаш үлгісісаналады шаш үлгісі. Top Knot – көптеген келіншектер аса қиналмай жасай алатын шаш үлгісінің бір түрі. Бикини желісінен, жамбастың жоғарғы бөлігінен кіндіктен төмен орналасқан жерден шаш тазалағанда,  жай ғана сарпайдың үстінен шаштың кішігірім жерін қалдыру керек. Бұл шашты тазалаудағы тамаша стиль және қолжетімді қарапайым күтім. 

Мәнерлі жүрек. Бұл шаш үлгісі тек таза және қырқылған жүрек формасын қалдырады. Жиегін дұрыстап жасау үшін біраз тәсілқойлық қажет. Жай ұстарамен жасау қиын, бірақ триммер немесе балауыз жинағын қолдану жеткілікті. Шугаринг мұндай іске жарамайды, сән салонында жасасаңыз да келмейді.  

Чаплин. Бұл стиль әйгілі комиктен өз атауын алған. Кіндіктен төмен орналасқан Чаплин шаш үлгісі кіндіктен төмен жақта тұрған кішкентай мұрт секілді көрінеді. Шаштың өте қысқа, әрі ұқыпты болуы қажет. Қалған тері теріс, әрі жібектей болып қалады, сонда да қызығушылық оятады.

Ваджазлинг. Интимдік шаш үлгісі үшін кең ауқымды теңшелетін "опцияларға"
жай ғана сілтеме болып табылады. Еркектердің және әйелдердің интимдік шаш үлгілері әрқашанда формасымен, жиегін әрлендірумен  және шаш ұзындығымен бір-бірінен ерекшеленеді. 

  1. Осыған асыл тастармен әрлендіру; 
  2. Шашқа арналған жарқын бояулар; 
  3. Тіпті, уақытша тату кіреді. 

Жай ғана таңдалған аксессуарлардың тері мен шаш түрі үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткізу керек. Қолданылатын желімдерге назар аудару қажет, әсіресе, егер тері сезімтал немесе аллергиялық реакцияға әлсіз болса. Мақсат: сүйкімді және ұқыпты көріну, керісінше емес! Сондықтан осындай сауалдармен жақсы маманға жүгіну керек, әйтпесе үйде тек сұлулықпен ғана емес, денсаулықпен де тәуекелге баруға болады. Салдары қайтымсыз болуы мүмкін екенін ұмытпаңыз. Есіңізде сақтаңыз: Бұл өмірдің гүлі сіз, сондықтанда өз-өзіңізді күтіңіз! 
 

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: