Негізгі бет Сәндік

Босанудан кейін әдемілікті сақтау

 
Енгізу көзі: https://pxhere.com/ru/photo


Аяғыңыз ауыр болмай тұрып болған сымбатыңыздың ғайып болғанын байқадыңыз ба? Артық салмақты қарастырмай-ақ, ұйқысыздықтың салдарынан бетіңіз бозарып, жайнап тұрған көзіңіздің асты қарайып, теріңіз құрғап кетті ме? Онда тез арада істі қолға алу қажет. Бұның бәрі – ағзаңыздың дабыл қағып жатқаны. Себебі, жүктілік кезінде сіз өзіңізге қажетті дәрумендермен сәбиіңізбен ортақтасқандықтан, әрбір мүшеңіздің оған деген сұранысы артып кетеді.

Ендеше, өзіңізді өзіңіз қолға алуға шешім қабылдадыңыз ба? Ал, бастайық! Ескертеміз, қалыпқа келу — өте ұзақ, әрі жай жүретін процесс болғандықтан, бірден ғажайып нәтижені күтудің орнына, бойыңызға шыдамдылық деген қасиетті жинап алыңыз. 

БЕТ
 

 Енгізу көзі: https://pxhere.com/ru/photo

Келіншектердің көбісінің бетінде пигментті дақтар пайда болады. Негізінде, пигменттер босанғаннан кейін өздігінен жоғалып кетуі керек. Олай болмаса ше? Онда табиғи құралдардың көмегіне жүгінейік. Мысалы, қыз-келіншектердің арасында танымал ашытқы маскасының беделі зор. Ол маска бет терісін нәрлендіріп, дақтардан құтылуға көмекке келеді. 
Дайындалуы: 1 шай қасық ашытқыға 1 шай қасық лимон шырынын араластырып, бірнеше минутқа қойып қоясыз. Содан-соң, бет, мойын терісіне біркелкі етіп жағып, 20 минуттан кейін жылы сумен жуасыз. Алайда, бет пен мойын терісі өте сезімтал болғандықтан, сүлгімен қалай болса солай сүртпей, майлықпен ақырын ғана басып құрғатқаныңыз жөн. Одан кейін нәрлендіретін крем болса, бетіңізге жағып қойған жақсы.

Келесі масканың дайындалуы пиязға негізделген. Ол пигментті дақтармен күресте ең оңтайлы тәсілдердің бірі.
Дайындалуы: Пияз шырынын балмен 1:1 есебінде араластырып, ол массаны бетке жағып, 15-20 минуттан кейін жуасыз. 

Енді, құрғап кеткен теріге арналған масканы ұарастырып көрейік. 
Дайындалуы: табиғи қаймақтан 1 шай қасық алып, оған 1 жұмыртқаның сарысын араластырып, бет пен мойынға жағып шығасыз. 15 минуттан кейін жылы сумен жуасыз. Майлы қаймақтан кейін крем жағудың қажеті жоқ. Оданша көк шөптен (аскөк, петрушка) жасалған мұзды кесекпен сүртіп шығуға болады. Бұл масканы қолдансаңыз бетіңіз көп кешікпей қалпына келгендігіне өзіңіз де көз жеткізесіз.

ҚОЛ

 
Енгізу көзі: https://www.pexels.com/ru-ru/photo

Жаңадан туылған сәбидің денесі өте нәзік, айналасындағы бактериялармен күресуге дәрменсіз. Нәрестеге тамағын беріп, жыласа, жұбатып, бір сөзбен айтқанда қашанда қасынан табылатын анасы болғандықтан, қол тазалығына ерекше мән беру қажет. Лас қолдың бетінде мыңдаған бактериялар жүретіндігін есепке алсақ, аурудың алыстан келмейтіндігі анық. Сол себепті, жиі-жиі сабындап, тырнағыңызды өсірмей, қолыңызды ерекше күтімге алуыңыз керек. Ол аздай, сәбидің жаялығын, ыдысын, т.б. жуу керек. Сабын болса – терінің басты жауы, қол бірінші зақымдалатыны айдан анық. 
Қол терісін қалпына келтіру үшін қолданатын қарапайым әдістерді көріңіз. Ең қарапайымы: күнделікті асүйдегі жеміс-жидектердің, көкөністердің қабығын, қалдығын лақтырып тастамас бұрын қолыңыздың терісін сүртіп қойыңыз. Тері қажетті дәруменді осындай оңай іс-әрекеттен де ала алады. Уақыт бөліп, аптасына 2-3 рет жылы суға бірнеше тамшы глицерин, лимон тамшысын қосып, қолыңызды малып отырыңыз. Содан-соң, майлы крем жағып, бірнеше минут бойы ерінбей уқалаңыз. Кремнің қалғанын сүртіп тастаңыз, тері жұмсарады.

АЯҚ

 Енгізу көзі: https://www.pexels.com/ru-ru/photo

 

Ғалымдар келіншектің күніне 5 км-ге дейін жаяу жүретінін анықтаған. Бұл көшеде ғана емес, асүйдің іші мен өзге де бөлмелер арасында тыным таппай жүгіретін келіншектерге қатысты. Сол себептен, нәзік жандылардың аяғына да міндетті түрде күтім қажет. Нәрестеңіздің ұйықтаған сәтін ұтымды пайдаланыңыз. Аяғыңыздың астын биіктетіп, қабырғаға тақап қойып (90⁰), 10-15 минут жатыңыз. Егер аяғыңыз ауыр болмай тұрып бізөкшелі аяқкиімге құмар болсаңыз, қантамырлардың кеңеюі (варикоз) дертіне ұшырау қаупі бар. Ол кезде аса көп салмақ аяқтың тамырларын білеулендіріп жібереді. Кешке қарай жылы суға аяқты малып отырсаңыз, шаршағанды жеңілдетеді. Аяғыңызға шөптердің қайнатпасынан әзірлеген ванна жасасаңыз, тіпті, керемет. Ондай ванна әзірлеу үшін арнайы Франциядан әкелінген шөптерді пайдалану қажет емес, қарапайым кез-келген үйден табылатын жалбыз, түймедақ жарай береді. Балалы келіншектердің педикюрге баруға уақыты бола бермейтіндіктен, үй жағдайында да аяқ тырнақтарына күтім жасап отырыңыз. Башпайлардың тырнағын жиі-жиі алып, артық еттерін өсірмеңіз. 

ДЕНЕ ТЕРІСІ

 Енгізу көзі: https://www.pexels.com/ru-ru/photo

Жеңешем босанғаннан кейін бала қырқынан шыққанша, яғни қырық күнге дейін мүлде шомылуға болмайды деп танысының «ақыл» бергендігін айтқан еді. Бұл «ақылдың» қате екенін өзіңіз де түсінген боларсыз. Себебі, қырық күнге дейін босанған әйелге етеккір келеді. Сонымен қоса, босанудан кейін әйел әлсірейтіндіктен, тершеңдік пайда болады. Сол себепті, жылы душты (2-3 аптаға дейін моншаға түсуге болмайды) жиі қабылдап, тазаланып отырыңыз. Оған қоса, ана сүтімен тамақтанатын сәби жағымсыз иістен жеруі мүмкін. Таза жүруге тырысыңыз. Киіміңіз де жұмсақ, ыңғайлы матадан тігілген болса, теріңізді зақымдамайды, әрі ауаны жақсы өткізетіндіктен, терлетпейді. Айта кететін жай: жан-жақтан айтылатын «қамқор» ақылдарға құлақ аса бергеннен гөрі, дәрігерден немесе тәжірибеге бай адамдардан, дәлірек айтсақ, анаңыздан, енеңізден кеңес сұраңыз.

Біз түрлі рецепттердің ішінен кез-келген келіншектің ас үйінен табылатын қарапайым заттардан жасалатын әдемілікті қайтару амалдарын ұсындық. Оны іске жарату сіздің еңбекқорлығыңызға байланысты.

Және есте сақтаңыз! Әйел әрқашан да сұлу!

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: