Негізгі бет Сәндік

Қатты СУсабын? Иә!

 
Енгізу көзі: https://www.pexels.com

Қатты сусабындар - ежелгі заманнан бері белгілі өнім.  Енді, эко-қозғалыс тренді кезінде қатты сусабын әдеттегі сұйық сусабынды алмастыра отырып, танымал бола бастады.
Алайда, бәрі соншалықты мінсіз бе?  Біз анықтаймыз!

Үнемділік

Салмағы 100 грамм болатын кесек сізге екі-үш айға дейін немесе одан да ұзаққа жетеді, себебі, қатты сусабын баяу және үнемді жұмсалады.
 


Енгізу көзі: https://ru.freepik.com

Барлық пайдалы компоненттердің сақталуы

Қатты сусабын - шөптерден, өсімдіктерден және эфир майлары сығындыларынан жиналатын концентрат.  Сонымен қатар, сұйық құрамда консерванттардың болуы сөзсіз, ал, қатты кесекте сіз оларды таба алмайсыз және бактериялардың пайда болу қаупі нөлге тең болады.

 
Енгізу көзі: life-instyle.com

Қатты сусабын – ыңғайлы!

Мысалы, саяхаттау немесе кез-келген басқа қозғалыс үшін қатты сусабын – бұл тамаша шешім. Біріншіден, ол ешқашан ағып кетпейді. Екіншіден, мұндай кесек сіздің чемоданыңызда немесе сөмкеңізде сұйық сусабын бөтелкесіне қарағанда әлдеқайда аз орын алады.  Бұл сусабын саяхатқа, спортзалға және бассейнге баруға өте ыңғайлы.

Қатты сусабын шашты құрғатады ма?

Айтпақшы, қатты сусабындармен бәрі соншалықты керемет емес.  Әдеттегі сұйықтық сияқты, сіз кесектің құрамын мұқият оқып шығуыңыз керек.  Себебі, мұнда да өндірушілер алдайды, ал қатты сусабынында агрессивті беттік-белсенді зат, SLS немесе SLES болуы мүмкін.

Таңдау кезінде сіз өзіңіздің шашыңыздың түрін нақты білуіңіз керек:
+ Майлы шашқа қалақай немесе түйежапырақ сығындылары бар сусабындар жарайды.
+ Құрғақ үшін – бадам, кокос, қарасора, жожоба және т.б. майлармен
+ Зақымдалғандар үшін – иланг-иланг эфир майымен

 
Енгізу көзі: https://ru.freepik.com

Маңызды!
Қатты сусабынға ауысқан кезде шашты жөнтіктіру керек.  Сондықтан бірінші қолданғанда сіз: «бұл маған сәйкес келмейді» - деп айтуыңыз мүмкін.  Бірақ, сіздің шашыңызға үйренуге уақыт керек, сондықтан кесекті кейінге қалдыруға асықпаңыз.  Өтпелі кезең 2-3 аптаға созылуы мүмкін.

Шашыңызды қатты сусабынмен жуудың міндетті соңғы рәсімі кондиционер бальзамын қолдану болуы керек.
Енді сіз қатты сусабындар туралы көбірек білесіз.  Сіз қазірдің өзінде оны қайдан сатып алу керектігін іздеп жатқаныңызға сенімдіміз)))

Аватара Satty_Raushan
Satty_RaushanАвтор

Опубликовано 20.10.2020

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: