Негізгі бет Сәндік

Қартаюға қарсы маскалар: тек табиғи ингредиенттер!


Енгізу көзі: https://pxhere.com

Егер сіз теріңізге табиғи құрал қолданатындығыңызға 100% сенімді болғыңыз келсе және оның құрамдас бөліктерінің әрқайсысын білгіңіз келсе, масканы өзіңіз дайындаңыз!  Тиімділік тұрғысынан ол сатып алынғаннан ешбір кем түспейді.

1. Терінің серпімді болуына арналған маска

Сізге қажет болады:
Жұмыртқа сарысы
Бір шай қасық тұз (жақсырақ теңіз тұзы)
Бір шай қасық бал
1 ас қасық зәйтүн майы
3-4 ас қасық какао майы

Майды су ваннасында (майды шыны банкаға құйып, банканы суы бар ыдысқа салып қыздыру) қыздырыңыз.  Жұмыртқаның сарысын балмен және зәйтүн майымен араластырыңыз, біртұтас болғанша жақсылап араластырыңыз.  Тұз қосып, біртіндеп ыстық май қосыңыз.  Сізде қаймақ консистенциясына ұқсас қоспа шығуы керек, сондықтан, көп құйып қоймаңыз.  Алынған масса толығымен біртекті болған кезде оны банкаға құйып, тоңазытқышқа бір күнге қойыңыз.
Тазартылған теріге жатар алдында 15-20 минуттай жағыңыз, жылы сумен шайыңыз.

2. Қартаюға қарсы бет-массаж маскасы

Сізге қажет болады:
3 ас қасық бал
3 ас қасық зәйтүн майы
1 қасық кілегей майы
А және Е дәрумені капсуласы (1 данадан)

Балды ерітіңіз, майлар мен дәрумендерді құйыңыз, жақсылап араластырыңыз.  Бетке жағып, 5-10 минутқа қалдырыңыз, содан кейін, массажды бастаңыз: теріні маңдайдың ортасынан самайға қарай, мұрын қанаттарынан құлақтың жоғарғы бөлігіне, иектің ортасынан жақ сүйектеріне дейін уқалаңыз.  Содан кейін жылы сумен жуыңыз.

 
Енгізу көзі: https://www.pikist.com

3. Лифтинг-маска

Сізге қажет болады:
жұмыртқаның ағы
1 ас қасық сұлы қауызы

Ақуызды қатты көбікке дейін шайқаңыз, сұлы қауызын ұнтақ күйге дейін үгітіңіз, екеуін араластырыңыз.  Дайындалған масканы қалың қабат етіп тазартылған теріге жағыңыз.  Толығымен құрғатыңыз, қалдықтарды мицеллярлы суға немесе лосьонға малынған мақта төсемімен алып тастаңыз.

4. Сергітетін маска

Сізге қажет болады:
грейпфрут жартысы
жұмыртқа сарысы

Грейпфрутті пленкалар мен дәндерден мұқият тазалаңыз.  Жұмсағын аздап мыжыңыз, бірақ, оны езбеңіз.  Жұмыртқаның сарысын қосып, араластырып, бетке жарты сағатқа жағып қойыңыз.  Қартаюға қарсы ең жақсы маскалардың бірі!

5. Антибактериалды маска

Сізге қажет болады:
косметикалық саз
А дәрумені капсуласы
жаңа демделген көк шай

Шайды демдеген соң, шамамен бір сағат тұндырып қойыңыз, сол уақытта ол жай температурада салқындатылады.  Бір уыс косметикалық сазға А дәруменін қосып, қою қаймақ консистенциясы секілді болғанша шай құйыңыз.  Бетке жағыңыз, жарты сағаттан соң, жылы сумен шайыңыз.  Бұл үйдегі қартаюға қарсы маска тері тесігін бітеуге, қабынуды жеңілдетуге және безеу қаупін азайтуға өте қолайлы.

 
Енгізу көзі: https://www.pikist.com

6. Балғындық сыйлайтын маска

Сізге қажет болады:
Ақ балшық - 1 ас қасық
Бал - 1 ас қасық
Лимон шырыны - 1 ас қасық 

Барлық ингредиенттерді жақсылап араластырыңыз және масканы бет пен декольте аймағына жағыңыз.  15 минуттан кейін, теріні құрғатпау үшін, кебе бастаған кезде жуыңыз.

7. Нәрлендіретін маска

Сізге қажет болады:
1 банан
1 жұмыртқа сарысы
1 ас қасық қаймақ
2 шай қасық бал

Бананды ұсақ үккіште ұсақтап, жұмыртқа сарысымен араластырыңыз және миксермен аздап шайқаңыз.  Бал қосып, қайтадан араластырып, теріңізге жағып, 20-30 минут өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз.

 
Енгізу көзі: https://www.pikist.com

8. Көбік маскасы

Сізге қажет болады:
жасыл алма
итбүлдірген (мұздатылғаны болады)
1 алмұрт
жұмыртқаның ағы

Алма мен алмұрттың қабығын аршып, үккіштен өткізіңіз, жидектерді блендерде картоп пюресіндей жағдайға дейін жеткізіңіз, содан кейін, жемістер мен жидектерді бірдей қатынаста араластырыңыз да, біртекті жағдайға дейін араластырыңыз. Жұмыртқаның ақтығын қатты көбікке дейін бөлек шайқаңыз.  Жемістер мен жидектер пюресі мен ақуызды араластырыңыз, теріңізге жағып, жарты сағатқа қалдырыңыз. 

МАҢЫЗДЫ!  Үйде қартаюға қарсы масканы қолданар алдында теріні бумен немесе ыстық сүлгімен жұмсартқан дұрыс.

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: