Негізгі бет Сәндік

Алма сірке суының шашқа пайдасы

Біз алма сірке суын тағамдарға қосып үйренген қыздармыз. Ал, сіз оның адам ағзасы үшін пайдасы мол екенін білесіз бе?  Бұл бөлім «СӘНДІК» деп аталатындықтан, біз бүгін алма сіркесінің шашқа тигізер пайдасы туралы айтамыз!


Енгізу көзі: https://www.piqsels.com

Алма сірке суы шашқа  несімен пайдалы?

Сірке суының шашқа пайдасы туралы айтпас бұрын, табиғи алма сірке сірке суы ғана дұрыс көмектесе алатынын айта кеткен жөн.  Пластикалық бөтелкелерде сатылатын және патокамен боялған, жалған түрлері жарамайды.  Тек қараңғы әйнекте сатылатын, табиғи сірке суы ғана шашқа шынымен де көмектесе алады.  Иә, табиғи сірке суы 1500 теңгеден төмен бола алмайды, бірақ үнемділігі соншалық, сіз қуанасыз.  Ал енді өнімнің пайдасын айтайық.
Қайызғақпен күреседі

Табиғи алма сірке сірке суы, қайызғаққа қарсы тұруға көмектесетін саңырауқұлаққа қарсы қасиеттерге ие.  Сонымен қатар, оның қышқылдық қасиеттері рН деңгейін теңестіреді және саңырауқұлақтардың көбеюіне жол бермей, бас терісінің қорғаныш қышқыл қабатын қалпына келтіреді.

 
Енгізу көзі: https://www.piqsels.com

Шаштың өсуін тездетеді

Алма сірке суы шаш өсуіне де қолданылады.  Өнім терінің өлі жасушаларын кетіруге көмектесетіндіктен, бас терісін қабыршақтандырады.  Бұл ұйқыдағы шаштар тамырларын оятады.  Сонымен қатар, қышқылдар мен қанттар бас терісінің қан айналымын жеделдетеді, бұйралардың тез өсуіне ықпал етеді.

Шашты жылтыр және тегіс қылады

Шашты жуған кезде бу мен жылу шаштың сыртқы қабатын ашуға көмектеседі. Егер сіз арнайы бальзамдарды немесе кондиционерлерді қолданбасаңыз, шашты суық сумен шаймаңыз, онда сыртқы қабат ашық болып қалады.  Шаш осал, қытырлақ және жылтырлығын жоғалтқан болады.  Сонымен қатар, барлық су таты шашта қалады.

Сірке, өз кезегінде, шаштың бетінен ауыр тұздар мен металдарды кетіру арқылы татты ерітуге көмектеседі.  Бұл қышқыл өніммен шаю шаштың сыртқы қабатын сенімді түрде бітеуге көмектеседі.  Осыған байланысты, шаш жіптері жылтыр болады, сіз мамықтық және бақбаққа ұқсаған шаш туралы ұмыта аласыз.
Сірке суын шашқа үнемі қолданған кезде тегіс және жылтыр болады.

 
Енгізу көзі: https://www.piqsels.com

Шашты алма сірке суымен шаю

Бір стақан суық суға 2 ас қасық сірке суын құйып, араластырыңыз.  Шыққан ерітіндімен шашты және бас терісін шайыңыз.  Оны 10 минутқа қалдырыңыз.  Содан кейін, суық сумен шайыңыз.  Бұл әдіс қайызғақпен ауыратындарға немесе шаштың өсуін тездеткісі келетіндерге жарайды.

Бір стакан суда 1 шай қасық алма сірке суын ерітіңіз.  Шашты ерітіндімен шайыңыз.  Ерітіндінің бас терісіне тимейтініне көз жеткізіңіз, әйтпесе, сізге оны жууға тура келеді.  Сірке суы ерітіндісінен кейін шашты шаймаңыз, бірақ, сүлгімен құрғатыңыз. Бұл шашты жарқыратады. 
Сірке суының иісі тез буланып кетеді, сондықтан, шаштан консервіленген тағамның иісі шығады деп қорықпаңыз.

Аватара Satty_Raushan
Satty_RaushanАвтор

Опубликовано 29.09.2020

Комментариев нет
Для того, чтобы оставить отзыв, Вам необходимо пройти регистрацию, либо войти в свой профиль.
Нет аватара
Пользователь

Авторизируйтесь

Логин:
Пароль: